COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-44

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ / Шетелдік талапкерлерге

ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген, 2019 жылғы 14 маусымдағы №269 және 2020 жылғы 8 маусымдағы №237 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларынан» үзінді

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі–ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі

3. ЖЖОКБҰ-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.

7. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ларға қабылдауды ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

3-тарау. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау тәртібі

33. Түсушілерді ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылдау ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз

қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.

Оқуға түсушілер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш:

1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

5) ҰБТ сертификатын;

6) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);

7) білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдыкуәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннанкейін оқудың 1 (бірінші)академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.