1 ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-44

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / ФАКУЛЬТЕТТЕР

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

 

Құрметті достар, біз сіздерді қуана қарсы аламыз
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультеті!

       Декан факультета, доктор PhD

      НУРГАБЫЛОВ МУРАТ НУРИДИНОВИЧ

      E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

      Адрес : ул Койгелді163 А

 

 

2013 жылдан қазіргі таңға дейін Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінде «Идеалогия және қоғаммен байланыс» басқармасының бастығы, ректордың университеттің дамуы бойынша кеңесшісі, «Қашықтықтан оқыту» факультеті деканы қызметін атқарады. «Экономика және басқару» кафедрасының доценті.

2009-2012 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде PhD докторантурада оқып, 2013 жылы «Қазақстанның агроөндірісін басқаруды жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

2011 жылы және 2012 жылы Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания штатында, Пенсильвания мемлекеттік университетінде ғылыми тәжірбиеден өтіп, ғылыми – тәжірбиелік конференцияларға қатысты.

М.Н. Нұрғабылов осы күнге дейін ҚР БжҒМ Білім және Ғылым саласын бақылау комитеті бекіткен басылымдарда, Thomson Reuters халықаралық ғылыми басылымдарға кіретін (нөлдік импакт-фактормен) және халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциялардың басылымдарында мақалалары жарияланды. Көптеген республикалық ғылыми – тәжірбиелік іс – шараларға қатысты.

Оның жетекшілік жасаған оншақты магистрлік жұмыстар табысты қорғалып, нәтижесінде магистранттарға «Экономика және бизнес» академиялық ғылыми дәрежесі берілді.

Қоғамдық және саяси жұмыстарға аянбай атсалысып, өзінің білікті маман, жанашыр азамат екенін көрсете білді.

М. Нургабыловтың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеті жоғары. Қызметтестермен және студенттермен өзін сыпайы ұстайды, қай ортада болмасын сыйлы, ұжым арасында абыройлы, құрметті.

Кафедра, факультет, университет көлемінде өтетін ғылыми және мәдени іс шараларға белсене қатысып, тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен орындайды.

Облыс аудандарында дөңгелек стүлдер, семинарлар өткізіп, өскелең ұрпақтың рухани қанаттанып, мәңгілік еліміздің ертеңіне саналатын бәсекеге қабілетті жоғары мамандар даярлау ісінде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқан бірегей маман. Осы бағыттағы еңбегі университет басшылығы мен облыс әкімдігі тарапынан да ескеріліп, бірқатар алғыс хаттармен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.