1 ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-44

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / ФАКУЛЬТЕТТЕР / «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ» ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 Сарсенова Акмарал Еділбайқызы

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығын бітірген.
- 2009 жылы ХҚТУ им. А.Ясави «Тауар қозғалысының логистикалық жүйесін қалыптастыру (Жамбыл облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының материалдары негізінде)» тақырыбында диссертация қорғады.
- Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Қаржы-аудит», «Экономика және менеджмент» кафедраларының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
 - «Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуының мәселелері мен болашағы» перспективалы тақырыбының жетекшісі.
- 100-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 1 оқулықтың, 5 оқу-әдістемелік құралдың, 1 монографияның авторы.
- 2009 жылы ол Қазақстан Республикасының үздік оқытушысы деп танылып, төсбелгі және дипломдармен марапатталды.
- А.Е.Сарсенованың ғылыми жетекшілігімен 40-қа жуық кандидаттық диссертация қорғалды

 

 

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің қызметі

     
       Университет магистратурасындағы оқу үдерісі 2008-жылдан бастап оқытудың кредиттік технологиясы негізінде жүзеге асырылады. Магистратурада доктор және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар танымал профессорлар, доценттер мен аға оқытушылар сапалы білім береді. Жоғар оқу орнынан кейінгі білім беру факультетін экономика ғылымдарының кандидаты Сарсенова Ақмарал басқарады.
Магистратураны ашылған уақыттан бері 1000-ға жуық магистрант бітірді. Олар республиканың жоғарғы оқу-орындарында жұмыс істеп қана қоймай, алдыңғы санаттағы жоғарғы оқу орындары, мемлекеттік қызмет, бизнес-компаниялар мен заң салаларында табысты қызмет етуде.
Магистратура жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті, ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын төрт мамандық бойынша дайындау, түлектерді тек теориялық біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қосымша практикалық шеберлікті меңгерту, әлемнің ең үздік білім ордаларымен қарым-қатынас жасау арқылы, магистранттардың әлемдегі ғылыми-ақпараттардан хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

 

Тараз инновациялық гуманитарлық университеті төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша магистрлер дайындайды:

6М010300 – Педагогика және психология;
6М010900 – Математика;
6М011700 – Қазақ тілі және әдебиет;
6М012000 – Кәсіптік білім (сала бойынша);
6М020300 – Тарих;
6М030100 – Құқықтану;
6М050600 – Экономика;
6М050900 – Қаржы;
6М060400 – Физика;
6М073200 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша);
6М011300  – Биология;
6М011900  – Шет тілі: екі шет тілі;
7М04107 – Менеджмент: Адам ресурстарын басқару;
7М04110 – Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Тараз инновциялық гуманитарлық университеті  магистратурасы күндізгі бөлім бойынша екі бағытта жұмыс жасайды. Ғылыми-педагогикалық (2 жыл) және бейіндік (профильдік) (1 жыл).
Магистратурада білім алу бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7262) 54 11 22, +7 (7262) 54 11 24