Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды

170918Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында бүгін 17.09.18 жылы университетіміздің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығында  студент жастар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерация төрағасының орынбасары Саиров Ерлан Биахметұлымен кездесу өткізді.170918-1    «100 жаңа есім» жобасының негізгі мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның өркендеп дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың өмірбаянын үлгі ете отырып насихаттау болып табылады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса назар аударылған жастар мәселесі де қоғам талқысынан тыс қалмаған болатын. Қалың ел қолдаған сол бағдарламалық мақалада айтылған әр мәселе жеке-жеке қаралып, әр тапсырма жіті қадағалаумен іске асып келеді. Соның бір тармағы ретінде «100 жаңа есім» жобасы да іске қосылған болатын. Өткен жылы аталған жобаға 2 мыңнан аса өтінім қабылданып, оның 302-і іріктеу кезеңінен өтіп, 102 үміткер «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанған, Елбасы өзі қабылдап, арнайы кездесу өткізген болатын. Бұл жобаның басты мәні кейінгі толқынды еңбекке, білімге, іскерлік пен адалдыққа құштар ету екендігі де баса айтылып келеді. Биылғы екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Кездесу барысында «100 жаңа есім» жобасының маңыздылығы туралы және екінші кезеңіндегі басымдықтар туралы әңгіме өрбіді.

170918-2170918-3

Азаматтық үні айқын, сыршылдығы нәзік, дәстүрді дәріптеуші – Зейнеп Ахметова

   120918 1

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен қазақ халқының біртуар перзенті, даңқты қолбасшы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының келіні,  «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күретамыр» атты кітаптардың авторы,  қазақ келінінің үлгісіне айналған Зейнеп Ахметова  университетіміздің профессор-оқытушылар құрамымен және жастарымен кездесті. Аталмыш жиын Азаматтық үні айқын, сыршылдығы нәзік, дәстүрді дәріптеуші – Зейнеп Ахметова  атты тақырыпта өтті.
       Кездесу барысында Зейнеп Ахметова ене мен келін арасындағы сыйластық, «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю», «Орамал мен көйлек - әйелдің сәні» деп қыздарымызға арнайы айтылған терең мағыналы сөздері, бала тәрбиесі, ат қою, шілдехана, тұсау кесер, ат тергеу, қазіргі тойларда жасалып жатқан батыстық үлгідегі дәстүрден бас тартып, қазақи құндылықтарды дәріптеуге шақырды. Тамыры тереңде жатқан мағыналы сөздері келген қонақтар мен білімгерлерге ерекше әсер етті.120918 2     Кездесуде мұнан өзге батыр Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер, ата-ананы ардақтау жайы сөз болды. Көпшілік көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Пікір алмасып, ой бөлісті.
      Жиын соңында жазушыға университет атынан п.ғ.д., профессор Бөлеев Қалдыбек камзол кигізіп, орамал тағып, гүл шоқтарын ұсынып өз ризашылығын жеткізді.
      Әсерлі кездесу Зейнеп Ахметованың «Құрметті қонақтар кітабына» естелік жазып, өз кітаптарына қолтаңба қалдырып, естелік үшін суретке түсумен аяқталды.

120918 4120918 3

Алғашқы дәріс сабақтары

                                                                         Алғашқы дәріс сабақтарыO47A557 3         2018-19 оқу жылының алғашқы күнінде Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Білім», «Жаратылыстану», «Экономика және құқық» факультеттерінің барлық топтарында ҚР Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау үшін шолу лекциялары жүргізілді.
      «Рухани жаңғыру аясындағы білім беру мәселелері» тақырыбында п.ғ.д., профессор Бөлеев Қ., э.ғ.д., профессор Тажибаев С.Д. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, Дене шынықтыру және спорт, Құқықтану, Математика, Информатика мамандықтарының студенттеріне, «Мәңгілік рухани - монифест» тақырыбында п.ғ.к., доцент Сихаев А., з.ғ.к., доцент Асқарбекқызы Н., Бейнелеу өнері және сызу, Бастапқы әскери дайындық, Экономика, Физика, Химия, Биология мамандықтарының студенттеріне, «Болашаққа бағдар – Егемен Қазақстан» тақырыбында з.ғ.к. Иманбаев Қ., аға оқытушы Сыдықова Қ. Педагогика және психология, Қаржы, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне «Рухани жаңғырудағы – білімді білімгерлер» тақырыбында аға оқытушы Есеева А. Шетел тілі: екі шетел тілі, Есеп және аудит, Аграномия, Өсімдік қорғау және карантин мамандықтарының студенттеріне , «Оқытудағы – инновациялық әдістер» тақырыбындағы т.ғ.д., профессор Баубеков С., аға оқытушы Ералиева Ж. Кәсіптік оқыту, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Ветеринариалық санитария мамандықтарының студенттеріне, «Халықтық салт-дәстүрлер және ұлттық идеологияда рухани жаңғырудың маңызы» тақырыбында фил.ғ.к., доцент Әбілов М. Қазақ тілі мен әдебиеті, Филология, Туризм мамандықтарының студенттеріне дәрістер оқыды.
      Студенттер өткізілген дәрістерден өздеріне қажетті мағұлыматтарды алғандарына дән ризашылықтарын білдірді. Келешекте осындай келелі тақырыптардағы дәрістер өткізуді университет басшылығы тағыда жоспарлауда.

Медиа және имидждік технологиялар бөлімі

O47A557 2O47A557 5O47A557 6O47A557 7O47A557 8O47A557 9

Білім күні

O47A5282     2018 жылдың 1 қыркүйек күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
     Бұл күндері кең байтақ Қазақ елінің барша мектептері мен жоғары оқу орындарында Білім күні кеңінен аталып өтуде. Осынау айтулы мерекенің басты кейіпкерлері – бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндер мен жоғары оқу орындарының табалдырығын аттап отырған 1 курс студенттері.
    Бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күні барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, кәсіби шеберлігі жоғары, өзіндік ғылыми көзқарасы мен пайым-талғамы биік мамандар даярлап, оларға жақсы тәрбие беру университет ұжымы мен ондағы оқытушылардың басты мақсаты. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы, еліміздің қарыштап өркендеуі білікті де білгір мамандардың қолында.

      Білім күніне арналған мерекелік шара мемлекеттік Әнұранмен басталды. Салтанатты шараны Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры ҚР Ұлттық ғылым Академиясының құрметті академигі, облыстық маслихаттың депутаты Ерболат Байұзақұлы Саурықов университеттің оқытушы-профессор құрамы мен студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен арнайы құттықтай келе, ұжымға үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.

O47A5263

    Елбасының әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында, Жамбыл даңғылының бойында орналасқан «Тараз» қонақүйінің ғимаратына барынша жөндеу жұмыстарының жасалынып жатқанын айта келіп, «Студенттер үйіне» жақын арада студенттерді орналастыру көзделіп отырғанын тілге тиек етті. Университетіміздің қалыптасқан дәстүрі бойынша І курс студенттеріне «Білім кілті» мен «Студенттік билет» табыс етілді. Ұлттық бірыңғай және Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған, сондай-ақ республикалық пәндік олимпиадасының жүлдегерлерімен, өнер мен спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізген І курстың 10 студентіне Ректор гранты тапсырылды.

O47A5330    Сонымен бірге, мерекелік шарада университетіміздің ардагерлер Кеңесінің төрағасы Майханов Жәнібек ағай арнайы қатысып, университет ұжымы мен студенттеріне өзінің тілегін білдірді. Университетке жаңа қадам басқан бірінші курс студенттеріне: «Дүниедегі ең құнды ресурс – уақытты ұтымды пайдаланыңдар, алған білімдеріңді табыс пен қоғамдағы жоғары мәртебеге айналдыра біліңдер, Алла зейіндеріңді ашсын!» - деп, жүрек жарды батасын берді.O47A5291     Салтанатты жиын барысында, Жамбыл облыстық сотының судьясы, ҚР Судьялар Одағы Жамбыл филиалының төрағасы – Құлекеев Ғалым Батырбекұлы ректор Ерболат Байұзақұлы Саурықовқа «ҚР судьялар одағының Құрмет грамотасын» табыс етті.
     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің 1 тамыз 2018 жылғы бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің төмендегі профессор-оқытушылар құрамы марапатталады:

O47A5401O47A5352

O47A5381
       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты:
- Галагузова Тамара Алексеевна – педагогика ғылымдарының магистрі, «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы;
- Қабылбаева Гүлжан Айтжанқызы – оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы;
- Абдураманов Ержан Абдуманапұлы – «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциялизацияландыру және патенттеу» бөлімінің бастығы;
- Петряев Сергей Вячеславович – экономика ғылымдарының магистрі, спорттық-бұқаралық жұмыстар орталығының директоры;
- Момбекова Думан – гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы:
- Бөлекбаева Камила Балтабайқызы – техника ғылымдарының кандидаты, «Жаратылыстану» факультетінің деканы;
- Муслимов Нұржан Жомартұлы – техника ғылымдарының докторы, Агро-биологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры;
- Абдуллаева Разия Байдрахманқызы – «Білім алушыларды есепке алу» бөлімінің бастығы;
- Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Ғылым хатшысы;
- Сарсенова Ақмарал Еділбайқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент – «Экономика және басқару» кафедрасының доценті.
Төсбелгілер:
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі – Беркенова Рабиға Ағабекқызы, филология ғылымдарының кандидаты, «Филология» кафедрасының доценті міндетін атқарушы;
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі – Асқарбекқызы Назира – заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі;
- «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі – Бақтыхожаев Жанғали Жұмақадырұлы, заң ғылымдарының кандидаты, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» факультетінің деканы;
- «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі – Сихаев Айдархан Әшімханұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының доценті міндетін атқарушы.
    Сондай-ақ, «Республикалық Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қорының атынан Орбұлақтағы шайқас жеңісінің 375 жылдығына арналған «Батыр бабалар» мерекелік медалімен тәрбие бөлімінің қызметкері Райқұлов Қанат марапатталды.
       Шара соңында университетіміздің белсенді жастары «Атамекен» әнімен Білім күніне арналған шараны қортындылады.O47A5419    Құрметті студенттер, тәуелсіз мемлекетіміз көркейіп, өркендей берсін! Ел ертеңі жастарымыз білімді де, талапты, іскер болсын! Осынау мерейлі мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
     Салтанатты шарадан соң 1-курс табалдырығын аттап отырған студенттер өз факультеттері бойынша бекітілген аудиторияларға барып, онда факультет декандары және кураторларымен танысты.

Медиа және имидждік технологиялар бөлімі

Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

O47A5184

Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

     Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бас ғимаратының мәжіліс залында 2018 жылдың 29 тамызы күні сағат 11-00-де Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға университетіміздің профессор-оқытушы құрамы мен студенттер қатысты. Дөңгелек үстелді университетіміздің Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры – Әшірбеков Санат Сағынбекұлы жүргізді. Жиынды Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашқаннан кейін, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент м.а. Асқарбекқызы Назира «Конституция ұлттық құндылығымыз!» және «Тарих» ғылымдарының магистрі Бейбітов Нұрбек Жолдасалыұлы «Конституция тұрақтылық пен келісімнің кепілі» атты баяндамалар жасады. Жиынға қатысқандар баяндамашыларға өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алғандарына ризашылықтарын білдірді.

O47A5195O47A5210

       Жиынның екінші бөлімінде Жамбыл облыстық сотының ұйымдастыруымен өткен эссе конкурсынан жүлделі орын алған университетіміздің жастары арнайы марапатталды.   «Медиация» тақырыбында эссе жазудан «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Хайтметова Дильнури жүлделі 3 орынға ие болса,  «Конституцияның құндылықтарын түсіну мәселелері және конституциялық құқықтың қазіргі заманғы проблемалары» бойынша эссе конкурсының республикалық турниріне қатысқаны үшін 2 курс студенті – Затыбеков Айдос Сәкенұлы Алғыс хатпен марапатталды.

Медиа және имидждік технологиялар бөлімі

 

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d