Сыйға тартылған қазына
СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр
joomla

АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРҒА ЖОЛДАУДЫ ТҮСІНДІРДІ

АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРҒА ЖОЛДАУДЫ ТҮСІНДІРДІ42

    Университетте мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесі мүшелері мен студент жастардың кездесуі өтті. Жиынға Еркінбек Солтыбаев бастаған Ардагерлер кеңесінің мүшелері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесуді ашып, жүргізіп отырған облстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы: - Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру – қоғамымыздың дамуына үлкен жол ашады. Түрлі саланың қарыштап алға қадам басуы – мемлекетті басты мақсаты, діттеген меже – әлемдегі дамыған алғашқы 30 елдің санатына енуге әкеледі. Демек, Жолдаудың әрбір тармағына баса назар аудару қажет, - деп сөзін сабақтады. Одан соң, Жолдау жүктеген басым бағыттар туралы ТИГУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Еркін Ақтаев пен Тараз қаласының «Құрметті азаматы» Оңласын Есіркепов баяндама жасады. Сонымен қатар, Тараз қалалық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Дүкенбай Ермеков пен университеттің оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Мұрат Жұмаділдаев өз ойларын ортаға салып, пікір білдірді. Жиылған көпшілік аумалы-төкпелі нарықтық заманда дұрыс саясат ұстанып, халықтың тұрмысын түзеп, әлеуетін арттыратын реформалар мен бағдарламалар жасап отырған Елбасының бұл Жолдауын іске асыруда аянбай еңбек етуге шақырып тарқасты.

ТИГУ баспасөз орталығы

ХАБАРЛАНДЫРУ! БИЗНЕС-МАРАФОН

БИЗНЕС-МАРАФОН

2018 жылдың 23 қаңтар - 9 ақпан күндері аралығында Коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) Ассоциациясы мен Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасы Жас кәсіпкерлер кеңесі бірлесе отыра ЖОО және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған «Вызов» бизнес-марафон ұйымдастырады. Марафон 4 сағаттық 8 тематикалық тренингтік сессиядан тұрады. Өтетін орны туралы мәліметті алдағы уақытта хабарлайтын боламыз. Бизнес-марафонның бағдарламасы мен ережесі туралы ақпаратты 8(7262) 55 73 13 телефон нөміріне хабарласып білуге болады.

СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ

СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ

1-күн
Бүгін университетте ТИГУ қызметкерлері мен оқытушылар арасында оқу орнының 10 жылдығына орай спартакиада басталды. Спорттың алты түрі бойынша өтетін жарыстың алғашқы күнінде қатысушылар кіші футбол мен шаxматтан (ерлер, әйелдер) сынға түсті. Бірінші күннің қорытындысы бойынша, 2 алтын, 1 күміс жүлдесі бар «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті топ бастап келеді. Екінші сатыда 1 алтын, 1 қола, 1 күміс жүлде еншілеген ректорат құрамынан жасақталған «ТИГУ KZ» командасы келеді. «Білім» факультеті үздік үштікті қорытындылап тұр. Еске сала кетейік, ертең спорттың волейбол (ерлер, әйелдер) және тоғызқұмалақ (ерлер, әйелдер) түрлерінен жарыстар өтеді. Спартакиадаға бас-аяғы 5 команда, 100-ге жуық қызметкер қатысуда.

2-күн
ТИГУ-дің 10 жылдығына орай университет қызметкерлері мен оқытушылары арасында ұйымдастырылып жатқан спартакиаданың екінші күнінде спорттың волейбол және тоғызқұмалақ түрлерінен жарыстар өтті. Волейболдан ұлдар арасында «ТИГУ KZ» командасы бірінші орын, «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті екінші, «Білім» факультеті үшінші орынды еншіледі. Ал қыздар арасында «Білім» факультетінің командасына қарсы келер тегеурінді ұжым табылмады. Екінші орын «ТИГУ KZ», үшінші орын «Экономика және құқық» факультетінің командасына бұйырды. Тоғызқұмалақ спортынан ұлдар арасында «ТИГУ KZ» өкілі топ жарды. «Білім» факультеті екінші сатыны місе тұтса, «Жаратылыстану ғылымдары» мен «Экономика және құқық» факультеттері үшінші орынды өзара бөлісті. Қыздар арасында «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті бірінші, «Экономика және құқық» факультеті екінші сатыдан көрінсе, «ТИГУ KZ» үздік үштікті қорытындылады. Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша, 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде жеңген «ТИГУ KZ» командасы жалпы есепте бірінші орынға көтерілді. Ал 3 алтын, 2 күміс жүлде олжалаған «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің құрамы екінші сатыға орналасты. Үшінші орында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде алған «Білім» факультеті келеді. Еске сала кетейік, ертең спартакиаданың соңғы күнінде үстел теннисі мен арқан тартудан жарыстар өтеді. Бұл бәсекелер шешуші сын болмақ.

3-күн
Жарыстың қорытынды күнінде бірінші үстел теннисі бойыша жарыстар өтіп, нәтижесінде ұлдар арасында «Білім» факультетінің оқытушысы Ерік Үрістемов жеңімпаз атанды. Екінші орында әкімшілік командасынан Бауыржан Райымбеков, үшінші орынды «ТИГУ KZ» командасының ойыншысы Жүсіпбек Сүлейменов еншіледі. Әйелдер арасында «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің өкілін жеңетін қатысушы болмады. Екінші және үшінші орындарды «Экономика және құқық» факультеті мен «Білім» факультеті өзара бөлісті. Ал арқан тартудан өткен сайыстар өте тартысты өтті. Нәтижесінде «Жаратылыстану ғылымдары» командасы жеңіске жетсе, әкімшілік командасы екінші сатыға орналасты. «Білім» факультеті үштікті қорытындылады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Осылайша көпшілікті бұқаралық спортқа тарту, әріптестер арасында достық қарым қатынас орнату мақсатын көздеген үш күнге жалғасқан спартакиада жоғары деңгейде өтті. Университеттің құрылғанына 10 жыл толуына арналған жарыстардың қорытынды нәтижесінде бас-аяғы бес команда, 100-ге тарта адам қатысты. Марапаттау салтанатында ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов қатысушыларды құттықтап, табыс тіледі.
    Сонымен, жалпы командалық есепте «Әкімшілік-2» мен «Экономика және құқық» факультетінің командалары жүлделі орындардан тыс қалғанымен, лайықты қарсылық көрсете білді. Ал ұпайы өзгелерде көп болған «Жаратылыстану факультеті» жеңімпаз атанды. Екінші сатыны «ТИГУ KZ» командасы еншіледі. Үздік үшінші орынға «Білім» факультеті тұрақтады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы ауыспалы кубок «Жаратылыстану ғылымдары» факультетіне берілді.

ТИГУ баспасөз орталығы

МАҚСАТ – ҰЛТЖАНДЫ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУ

МАҚСАТ – ҰЛТЖАНДЫ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУ

«Мектепке дейінгі, бастауыш, кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру – оқушы жастарға ұлттық тәрбие берудің өзегі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жиынды кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбек Бөлеев ашып, жүргізіп отырды. Іс-шараға Тараз қаласы мен Байзақ ауданындағы бірқатар орта мектеп директорлары мен университет ұжымы қатысты. Олар тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, жастардың бойына ұлтжандылық қасиетті дарыту бойынша атқарылған әрі алда жасалар жұмыстардың бір парасымен таныстырып өтті. ТИГУ-дің белсенді студенті Төлеген Сағадинов «Қазіргі жастарға патриоттық тәрбие беру» тақырыбында баяндама жасап, өзге де өнерлі жастар өлең оқып, күй шертті.

ТИГУ баспасөз орталығы

Сыйға тартылған қазына

Сыйға тартылған қазына

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­ла­ша­ққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жазғандай: «Біздің мақ­са­ты­­мыз айқын, бағытымыз белгілі, ол − әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қо­сылу».

      Әлемнің ең дамыған отыз елінің санатына қосылу шар­ты­ның бірі – «Жаһандағы заманау­и мәдениет» жобасын іске асыру болып табылады. Мәдени өнім­де­ріміз рухани құрал – алдымен кі­тап түрінде өркендеуі абзал. Осындай қағидаларды терең түйсінген Тараз инновациялық-гуманитарлық универсиетінің магистр-оқытушысы Ғалым Қазжанов университеттің кітапхана қорына жеке кітапханасындағы 101 кітапты сыйлады, сонымен қатар «Мәдениет және спорт» министрлігі Тіл дамыту және қоғамдық жұмыс комитетінің тарапынан 298 дана кітабын сыйға тартуына мұрындық болды. Университет үшін мұндай игі істі ұйымдастыру Ғалым Қазжанов тарапынан үшінші рет жүзеге асырылып отыр. Оның 8 жылдан астам мемлекеттік қызметкерлерге, денсаулық сақтау, қылмыстық атқару комитеті қызметкерлеріне қазақ тілін үйрету курстары бойынша дәріс жүргізгендігін тілге тиек ету керек. Осы жылдар барысында кәсіби қазақ тілін оқытуға байланысты оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар, сонымен қатар ғылымның өзге де салалары бойынша жинақталған кітаптары университет игілігіне сыйға тартылып отыр. Мәселен, олардың қатарында Қ.Ә.Қарабаеваның Тәртіп сақшыларына арналған «Қазақ тілі» оқулығы; Заңгерлерге арналған Г.Мұратованың; Ш.Құрманбайұлы мен Г.Әлімбектің «Қазақ тілі» оқулығы; Ж.Н.Алиеваның «Туризмология негіздері»; М.Балақаевтың, М.Серғалиевтың «Қазақ тілінің мәдениеті»; Л.Дүйсембекованың «Қазақ тілі іс-қағаздарын жүргізу» т.б. бар.
     Бұл адам баласы үшін рухани байлық саналатын кітаптың қайнар көзі – ТИГУ-дың ақпараттық-кітапхана орталығының ұжымы және студенттері үшін үлкен табыс, қуаныш. Ақпараттық-кітапхана орталығының директоры Өзбекова Аманкүл Андабайқызы Ғалым Қазжановқа алғысын білдірді, ал ол өз кезегінде ТИГУ студенттерінің рухани жаңғыруы жолында өзіндік ізін қалдырды десек артық айтқандық емес.