joomla

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» тақырыбы бойынша дәріс өткізді.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» тақырыбы бойынша дәріс өткізді.

 

1487

 

"Стандарттау және сертификаттау" мамандығының БББ-ң приоритетті бағыты - білім алушының жаңашылдығы мен шығармашылығы үшін қолайлы жағдай жасау мен қолдау, ол үшін жұмыс берушілермен корпоративті байланыс орнату, мемлекеттегі білім беру саласының өзгерісіне икемделу, шығармашылық пен жаңашылдықты дамыту болып табылады.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті басшылығының қолдауымен «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының студенттері үшін, кафедра ПОҚ-ң қатысуымен өндіріс, мекеме басшылары мен мамандарының арнайы семинарлары өткізіліп тұрады.

Осыған орай, 2019 жылдың 23 қазанында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Алтынбеков Еркебулан Ардакалиевич«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» тақырыбы бойынша дәріс өткізді.

Дәрісте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасындағы   бейнеленген «ҚАЗАҚСТАН» деген сөзің «QAZAQSTAN» латын графигіне сәйкес ауыстыру   және оның параметрлерін анықтау бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартына өзгертулер туралы ақпараттар айтылды.

Дәріс барысында студенттер мен дәріс оқушы арасында байланыс орнатылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Алдағы уақытта мұндай дәрістер өткізіліп отырылады.

«Стандарты на видео создают мировую арену» тақырыбы бойынша дөңгелек стол өткізілді.

 Dongelek ustel1

«Стандарты на видео создают мировую арену» тақырыбы бойынша дөңгелек стол өткізілді.

14 қазан «Халықаралық стандарт» күніне орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасы мен "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты " РКМ Жамбыл филиалымен бірлесе ұйымдастырумен «Стандарты на видео создают мировую арену» тақырыбы бойынша дөңгелек стол өткізілді.

Дөңгелек столда Жамбыл облысы бойынша техникалық реттеу және метрология Департаментінің директоры Ахметова Алия Аманкуловна, "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты " РКМ Жамбыл филиалының директоры Мынбаев Асқар Курманович, «Сарапшы оқыту орталығы» ЖШС-ң директорының орынбасары Юрикова Валентина Ивановна, «Казфосфат» ЖШС, «Katsa» ЖШС, «ЗМР» ЖШС басшылары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенттері мен магистранттары және ПОҚ қатысты.

Дөңгелек столда аталған мекеме басшылары стандарттау саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды.

ТИГУ студенттері мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері арасында «Стандарттау саласындағы жастардың ролі» тақырыбы бойынша пікір-сайыс өткізілді. Пікір-сайыс тартысты және қызықты өтті.

«Сарапшы оқыту орталығы» ЖШС-ң директорының орынбасары Юрикова Валентина Ивановна екі ЖОО студенттері арасында байқау ұйымдастырды.

Іс-шара соңында ТИГУ-мен өзара тиімді және ынтымақтастықта жұмыс атқарып жатқан мекеме басшылары мен дөңгелек столда белсенділік танытқан студенттерге ректор атынан алғыс хат тапсырылды.

dongelekustel2 dongelekustel3

dongelekustel4

«ҰСТАЗДАР КҮНІ» мерекесіне арналған кіші-футболдан (ерлер) және волейболдан (әйелдер) турнирі өтті.

«ҰСТАЗДАР КҮНІ» мерекесіне арналған «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығы ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында кіші-футболдан (ерлер) және волейболдан (әйелдер) турнирі өтті.

Жарысқа ТИГУ-дан 5 команда және 1 команда Тараз инновациялық көп салалы колледжі қатысты.

futbol2      futbol3

 

КІШІ-ФУТБОЛ- дан жарыс қорытындысы:

I ОРЫН – «БІЛІМ» факультеті

II ОРЫН – «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті

III ОРЫН – ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӨП САЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ (ТИКК)

         Жарыс үздіктері:

ҮЗДІК ОЙЫНШЫ– Абдықалыков Біржан - «БІЛІМ» факультеті

ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ – Қасжанов Ғалым – «БАСПАХАНА» құрама командасы

ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ – Өтеген Руслан – ТИКК командасы

ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ–Тузелбек Еламан–«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультетіfutbol5futbol6futbol7futbol8

ВОЛЕЙБОЛ - дан жарыс қорытындысы:

I ОРЫН – «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті

II ОРЫН – «БІЛІМ» факультеті

III ОРЫН – ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӨП САЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ (ТИКК)

ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАР:

  1. 1.Терликбаева Гүлнұр – «Экономика және Құқық»факультеті
  2. 2.Қуатбекова Раушан – «БІЛІМ» факультеті
  3. 3.Жеңісбек Таңшолпан - «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті
  4. 4.Әлхан Мөлдір – ТИКК командасы


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

                                                    

                  ruhani jangyru logo                                 TIGU UNIVERSITY LOGO blue

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында және жастар жылына орай «Халық педагогикасы - отбасылық тәрбие негізі» тақырыбында семинар

 

09 қазан 2019 ж.                                                                                Тараз қаласы

 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, «Білім» факультеті, «Филология» кафедрасы.

            Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрімізді жаңғырта отырып, жастардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

            Осыған орай 9 қазан күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Білім» факультеті, «Филология» кафедрасының ұйымдастырылуымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында және жастар жылына орай  «Халық педагогикасы - отбасылық тәрбие негізі» атты тақырыпта семинар өткізілді.

            Семинардың негізгі мақсаты - студенттер арасында халықтық педагогиканы насихаттау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жастарды қоғамдағы өзекті мәселелерді қарастыруға, пікір алмасуға шақыру, жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, рухани-адамгершілік қасиеті қалыптасқан, өзін-өзі жетілдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

     Іс-шараны «Білім» факультетінің Рухани жаңғыруға жауапты тұлғасы «Филология» кафедрасының аға оқытушысы М.Әбдіманапова.1және 2 курс студенттеріне белсенді қатыстыра отырып жастарға ұлттық тарбиені даріптеу болып табылады.

  1. Семинарда   сөз алған «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының профессоры п.ғ.докторы Бөлеев Қ
  2. М.Әбілұлы «Филология» кафедрасының доценті
  3. Бекназаров Б «Рухани жаңғыру»орталығының жетекшісі 

 

filologia3                 filologia filolgia4

«Қарттарым – асыл қазынам»

           «Қарттарым – асыл қазынам»

        27.09.2019ж. 1 қазан Қарттар күніне орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Білім» факультетінің студенттері мен оқытушылары «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Н.Фатикованың жетекшілігімен Тараз қ. №2 қарттар үйіне «Қарттарым – асыл қазынам» атты арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қарт кісілерге арнайы сыйлықтар таратылып, қарттарды бір қуантып қайтты. Бұндай іс-шара әлі де жалғасын табады деп ойлаймыз.

Karttaruiy1 karttaruiy2   

    ҚАЗЫНАМЫЗ

АМАН ЖҮРШІ БІЗДІҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ

ҮЛГІ АЛУҒА БІЗ ӨЗІҢЕ АСЫҒАМЫЗ

БАҒАЛАМАЙ КЕТКЕНДЕРДІҢ ӨЗ ЕРКІНЕ

САҚТАУ ҮШІН БАРШАҢЫЗҒА БАС ҰРАМЫЗ

АСЫЛДАРДЫҢ КӨЗІН КӨРГЕН ЖАҚҰТЫМ

АРНАР ЕДІМ БАР ӨМІРДІҢ УАҚЫТЫН

ЖЫЛУ СЫЙЛАП,КҮЛКІ ҮЙІРСЕМ ЖҮЗІҢЕ

ҚУАНЫШТАН ЖАСАУРАР МЫНА КӨЗІМДЕ

УАҚЫТ ӨТСІН,ҒАСЫРЛАР ТҰРМАЙ ОРНЫНДА

АЛАҚАНҒА САЛЫП ЖҮРУ БАР ҒОЙ МЕНІҢ БОЙЫМДА

ҚУАНЫШЫ ЖҮРЕГІМНІҢ БАЛА ДЕГЕН

СОЛ БАЛАДАН ЖЫЛУ КӨРУ ҚИЫН БА?

АМАН БОЛШЫ ҚАРТ ҚАЗЫНА БАРЫМЫЗ

БІЗ БАЛАҢБЫЗ,КӨМЕККЕ ӘРКЕЗ БАРАМЫЗ

САҒЫНҒАНДА КЕЛІП ТҰРАР ЖАН ДҮНИЕМ

АЛДАРЫҢДА ТҰРЫП АЛЫП БАС ИЕМ

ҚАРТ ЖҮРГЕН ЖЕР БЕРЕКЕ ДЕП ОЙЛАЙМЫЗ

ҚУАНТУДЫ БАЛАША БІЗ ЕШҚАШАН ҚОЙМАЙМЫЗ

АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖАСАМАЙТЫН

БІЗ ТИГУДЫҢ ЖАСТАРЫ ОСЫНДАЙМЫЗ!

Авторы: Әмірбек Тоғжан

БӨПӘ19-1 тобының студенті

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d