Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

"Жігіт сұлтаны-2018"

"Жігіт сұлтаны-2018"

DSC 0047

    Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды жаңғырту, дарынды, жан-жақты дамыған жастарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында "Жігіт сұлтаны-2018" облыстық байқауы өтті.

DSC 006250918 8 25 09 18

    Шараның бірінші күні Байзақ ауданы, Үлгілі ауылында Тараз қаласы мен аудандардан өтініш білдірген 18-29 жас аралығындағы 14 үміткер аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, кір тасын көтеру сынды спорттық ойын түрлері бойынша бақ сынады. Ал, екінші күні үміткерлер Тараз қалалық мәдениет үйінде үш кезең бойынша бақ сынады. Университетіміздің намысын қорғаған "Құқықтану" мамандығының бірінші курс студенті Белгібаев Ердәулет спорттық сайыстағы ептілігі, білімі мен шығармашылық қабілетімен "Жеңіске құштарлығы үшін" номинациясымен марапатталды.

ЖІЖК төрайымы Н.Әбітаева

1250918 2250918 3250918 4250918 5250918 6250918 9250918 10250918 11250918 12

 

Біз таланттыларды іздейміз!

«Біз  таланттыларды  іздейміз!»    

    Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы мен Жастар ісі жөніндегі комитет және Тәрбие жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Біз  таланттыларды  іздейміз!» байқауы өз мәресіне жетті. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған байқау 10 номинациядан өтті: ән айту, хореография, көркем сөз оқу, ақындық өнер, театрландырылған көрініс немесе әзіл-сықақ көрсету, аспапта ойнау, жүргізуші-конферансье, сән театры, КТК қойылымы және фотосурет. Байқауға "Білім" факультеті, "Экономика және құқық" факультеті және "Жаратылыстану" факультетінің шығармашыл студент  жастары қатысып, жүлделі орындарға ие болып университет ректорының дипломы мен алғыс хаттарымен марапатталды. Ал, жүлделі орындар келесідей белгіленді.

O47A7785Ән айту номинациясы бойынша:    
1 орын Қуанышбек Рүстем Дш-18-1
2 орын Муканова Айым Шт-18-1
3 орын Кеңесов Шерхан Ққ-18-1
Жүргізуші-конферансье номинациясы бойынша:
1 орын Үсенова Балнұр Қт-18-1
2 орын Шаирбаз Темірлан Дш-18-1
3 орын Аукенова Асылхан Ққ-18-1
Көркемсөз оқу номинациясы бойынша:
1 орын Усенова Инжайым Шт-18-1
2 орын Алиева Альбина Тур-18-2
3 орын Жаңабаева Құралай Фил-18-1
Ақындық өнер номинациясы бойыншы:
1 орын Коккөз Ақбота Ққ-18-1
2 орын Толеушова Асель Фил-18-1
3 орын Усенова Инжайым Шт-18-1
Хореография номинациясы бойынша:
1 орын "Жаратылыстану" заманауи би тобы
2 орын  Ахметова Қуанышкүл Қт-18-1
3 орын "Нұр шашу" би тобы
Сән театры номинациясы бойынша:
1 орын  Секербекова Аружан
2 орын  Ақылбаева Аружан
3 орын Шыныбаев Дамир  
    Байқаудың қорытындысы бойынша "Білім" факультеті арнайы дипломмен марапатталып ерекшеленді. Бұл жеңіс факультеттің студенттік деканының  командасының жемісі.

ЖІЖК төрайымы Н.Әбітаева

200918O47A7412O47A7556O47A7610O47A7720O47A7774

«Астана-бейбітшілік бесігі»

«Астана-бейбітшілік бесігі»

    Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде латын қарпін ендіруге қаншалықты дайын екендігін анықтап, байқау үшін студенттер мен қызметкерлерден «Филология» кафедрасының оқытушылары диктант жаздырды.  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2016-жылғы 26-наурыздағы №159 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025-жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 48-тармағында жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын өткізу жоспарланған болатын. Осыған сәйкес  жалпы Қазақстандық ашық диктант Ережесі бойынша мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту,  профессор-оқытушылар мен студенттердің, магистранттардың латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің қоғамымызға толық еңгізілуіне қызығушылық таныту мақсатында университеттің барлық факультеттерінде диктант жұмысы жүргізілді. Мұның айқын айғағы 2018 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 11:00-де ашық диктант алынды. Жазба жұмысына жалпы саны -120 жан қатысты. Оның -100-і студент, 20-ы оқытушы – профессор құрамы болды. Нәтижесінде, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп оның қоғамдық маңызы арта түседі, сондай-ақ этнос топтарының мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығы оянып, жалпы сауаттылығы мен қоғамдық белсенділіктерін арттыратындығында деп есептейміз.

O47A7287O47A7291O47A7297O47A7301

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды

170918Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында бүгін 17.09.18 жылы университетіміздің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығында  студент жастар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерация төрағасының орынбасары Саиров Ерлан Биахметұлымен кездесу өткізді.170918-1    «100 жаңа есім» жобасының негізгі мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның өркендеп дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың өмірбаянын үлгі ете отырып насихаттау болып табылады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса назар аударылған жастар мәселесі де қоғам талқысынан тыс қалмаған болатын. Қалың ел қолдаған сол бағдарламалық мақалада айтылған әр мәселе жеке-жеке қаралып, әр тапсырма жіті қадағалаумен іске асып келеді. Соның бір тармағы ретінде «100 жаңа есім» жобасы да іске қосылған болатын. Өткен жылы аталған жобаға 2 мыңнан аса өтінім қабылданып, оның 302-і іріктеу кезеңінен өтіп, 102 үміткер «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанған, Елбасы өзі қабылдап, арнайы кездесу өткізген болатын. Бұл жобаның басты мәні кейінгі толқынды еңбекке, білімге, іскерлік пен адалдыққа құштар ету екендігі де баса айтылып келеді. Биылғы екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Кездесу барысында «100 жаңа есім» жобасының маңыздылығы туралы және екінші кезеңіндегі басымдықтар туралы әңгіме өрбіді.

170918-2170918-3

Азаматтық үні айқын, сыршылдығы нәзік, дәстүрді дәріптеуші – Зейнеп Ахметова

   120918 1

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен қазақ халқының біртуар перзенті, даңқты қолбасшы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының келіні,  «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күретамыр» атты кітаптардың авторы,  қазақ келінінің үлгісіне айналған Зейнеп Ахметова  университетіміздің профессор-оқытушылар құрамымен және жастарымен кездесті. Аталмыш жиын Азаматтық үні айқын, сыршылдығы нәзік, дәстүрді дәріптеуші – Зейнеп Ахметова  атты тақырыпта өтті.
       Кездесу барысында Зейнеп Ахметова ене мен келін арасындағы сыйластық, «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю», «Орамал мен көйлек - әйелдің сәні» деп қыздарымызға арнайы айтылған терең мағыналы сөздері, бала тәрбиесі, ат қою, шілдехана, тұсау кесер, ат тергеу, қазіргі тойларда жасалып жатқан батыстық үлгідегі дәстүрден бас тартып, қазақи құндылықтарды дәріптеуге шақырды. Тамыры тереңде жатқан мағыналы сөздері келген қонақтар мен білімгерлерге ерекше әсер етті.120918 2     Кездесуде мұнан өзге батыр Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер, ата-ананы ардақтау жайы сөз болды. Көпшілік көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Пікір алмасып, ой бөлісті.
      Жиын соңында жазушыға университет атынан п.ғ.д., профессор Бөлеев Қалдыбек камзол кигізіп, орамал тағып, гүл шоқтарын ұсынып өз ризашылығын жеткізді.
      Әсерлі кездесу Зейнеп Ахметованың «Құрметті қонақтар кітабына» естелік жазып, өз кітаптарына қолтаңба қалдырып, естелік үшін суретке түсумен аяқталды.

120918 4120918 3

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d