МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ

ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ

090518      2018 жылдың 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдығына  орай ұйымдастырылған  мерекелік іс-шараларда Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ұжымы белсенділік танытты.
      А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов З. Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштеріне, «Даңқ» мемориалына, ҰОС жылдарындағы Жамбыл қаласындағы госпитальдарда жарақаттан қаза болған Совет армиясы жауынгерлеріне арналған обелискіге, «Даңқ» аллеясына, 1941-1945 жылдары қаза болған жауынгерлердің стелласына гүл шоқтарын қою рәсімдеріне қатысты.
     Сондай-ақ, орталық «Достық» алаңынан  «Жеңіс» саябағына дейін және А.Сухамбаев ескерткішінен «Жеңіс» саябағына дейін «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» шеруінде университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және студенттері жүріп өтті.

Медиа және имидждік технологиялар бөлімі

090518 1090518 2

«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар өтті

«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбында семинар өтті

O47A8112    2018 жылдың 3-мамыр күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Н.Нұрмахан мен Жамбыл облыстық ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция лейтенанты Д.Сәуірбай «Жаратылыстану» және «Білім» факультетінің студенттеріне «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.         
      Іс-шара шеңберінде тыңдаушыларға: деструктивті діни ағымдардың теологиялық қырынан ерекшеліктері, саяси қауіптілігі және олардың алдау-арбау техникалары, діни экстремизм мен терроризм зардаптары, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары, отбасылық құндылықтар, толеранттылық және конфессия аралық келісімнің дамуындағы өзекті мәселелер туралы айтылып пікір алмасылып, сұрақтарына жауаптар берілді.

«Дінтану» орталығының
маманы  Н.Нұрмахан

IMG 7724IMG 7732O47A8101O47A8106

КІШІ-ФУТБОЛ ТУРНИРІ

                                                     КІШІ-ФУТБОЛ ТУРНИРІO47A8174      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «10 жылдық мерей тойына» және "7-мамыр Отан қорғаушылар күні" мерекесіне арналған «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығымен «Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар, қызметкерлер арасындағы кіші-футболдан турнир өткізілді. Шараға төмендегі 5 команда қатысты:
№ 1 «ТИГУ.KZ» - ӘКІМШІЛІК - 1
№ 2 «ДОСТАР» - «БІЛІМ» фак-ті
№ 3 «ЖІГЕР» - «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» фак-ті
№ 4 «СҰҢҚАР» - «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» фак-ті
№ 5 «ЖАЛЫН» - ӘКІМШІЛІК  - 2
O47A8411Командалық есеп бойынша жүлделі ІІІ орынды келесі командалар өзара бөлісті:
I ОРЫН - «ДОСТАР»
II ОРЫН - «ЖАЛЫН»
III ОРЫН - «ТИГУ.KZ»
Сондай-ақ, ойын барысында көзге түскен ойыншылар түрлі аталымдар бойынша марапатталды:
ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ – Әбдібеков Қайнар
ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ – Наурызбаев Дархан
ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ – Батенов Жарбол
ҮЗДІК ОЙЫНШЫ – Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы

Тараз инновациялық-
гуманитарлық университеті
Спорттық-бұқаралық жұмыстарына
орталығының
Директоры                                                                                                              С.В.Петряев

 

O47A8227O47A8243O47A8252O47A8348

«ТИГУ ТАРЛАНЫ– 2018»

«ТИГУ ТАРЛАНЫ– 2018»

O47A8509

     Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Тараз инновациялық-гуманитарлық  университетінің  10 жылдық мерейтойына арналған «ТИГУ Тарланы– 2018» жігіттер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты ұлттық құндылық, рухани байлық, салт-дәстүрімізді сақтап, одан әрі дамытатын жас жігіттеріміздің өнерін дәріптеумен қатар, олардың ұлттық намысын жігерлендіру, жаңа биіктерге талпындыру. Халқымыздың әдет ғұрпын сақтайтын нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерді дәріптеу. "Сегіз қырлы, бір сырлы" жігіттеріміздің өнерін елге танытып, өзге ұлт өкілдеріне де өнеге тұту. 4 кезең бойынша бақ сынасқан жігіттердің арасынан ең үздік деп танылған "Филология" мамандығының 2 курс студенті Спанәлі Серік «ТИГУ Тарланы– 2018» атанды. 1 дәрежелі диплом "Сері жігіт" номинациясын Сламбеков Нұрсұлтан,  2 дәрежелі диплом "Өнерлі жігіт" номинациясын Алила Азиз және 3 дәрежелі диплом "Тапқыр жігіт" номинациясымен Нұртаев Ағаділ марапатталды. Сонымен қатар жігіттеріміз "Ақын жігіт", "Шебер жігіт" және университет ректорының алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

O47A8511O47A8816O47A8862O47A8873

 

«ЕРЛЕР -ЖЕРДІҢ ҚОРҒАНЫ, ЕЛ ТҰТҚАСЫ»

«ЕРЛЕР -ЖЕРДІҢ ҚОРҒАНЫ, ЕЛ ТҰТҚАСЫ»

Layer 0

      Осындай қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілдігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген мекенде өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығы үшін  жанын қиғанға даяр болатындай ерен батылдықтарына бас иуге болады. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Отан қорғаушылар және Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне де қашалып жазылған. «Ерлер – жердің қорғаны, ел тұтқасы» атты тақырыбында Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне және 7-мамыр отан қорғаушыларға арналған мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.

IMG 7795
      Алғы құттықтау сөз «Жаратылыстану» факультетінің деканы т.ғ.к., доцент Булекбаева Камила Балтабаевнаға  берілді. Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шараның басты қонақтары:
Тәжікстан – Ауғанстан соғысының ардегілер ұйымының төрағасы Сағындықов Батырбек Серикбаевич
Тәжікстан – Ауғанстан жеріндегі әскери іс- қимылдарға қатысқан Абеков Ғани Садуович, Жусипов Рысмағамбет Сагитжанович.
Ауғанстан жеріндегі әскери іс- қимылдарға қатысқан Үсенов Біржан Мұқанұлы
Ұлы Отан соғысындағы жан қиярлық сәттерде болған әрбір қиыншылықты бастан өткізген біздің профессор оқытушыларымыз атап айтсақ Тоқжігітов Қадыр, Абитбеков Ильяш, Жусипов Кенже, Абдуалы Жамбыл.
     Өздерінің бастан кешкен батырлықтары мен ер жүректілігі туралы келешек ұрпаққа тәрбиелігі мәні зор әңгімелерін айтып берді.
    Сонымен қатар қонақтардың құрметіне ұйымдастырылып отырған мерекелік шараға «Жаратылыстану» факультетінің студенттері  Гео-16-1 Талғатбек Ажар, СМС-16-1 Нұртаев Ақәділ, Био-17-1 Әбдімаш  Ақнұр студенттердің «Өрлеу» атты  күйін, ВС-17-1  тобының студентті Төлеке Айдостың   «Қазақтай ел қайда?» әнің, СМС-16-1 тобының студентті  Нұртаев Ақәділдің «Қазақ елі» атты күйлерін,  ән шашуларын арнады.

IMG 7770IMG 7802

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d