Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

«ЖАСТАР ЭСТАФЕТАСЫ»

«ЖАСТАР ЭСТАФЕТАСЫ»

     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «10 жылдық мерей тойына» арналған «ЖАСТАР ЭСТАФЕТАСЫ» 2018 жылдың 18 мамыр күні сағат 11:00-де Төле би даңғылы бойында орналасқан Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта өткізілді. Бұл іс-шара Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып жүзеге асырылды. Шараның басты мақсаты балалардың белсенді демалысын ұйымдастыра отырып, олардың жүйелі түрде дене шынықтыру және спортқа деген қызығушылығын арттыру. O47A0381Эстафетаға жалпы 11 команда қатысты. Олар:
1.    Қ.Тұрысов ат. №53 мектеп-гимназиясы
2.    ТИКК «Жалын»
3.    «Жүйрік» команда
4.    «ДАСЕД»
5.    «Талант»
6.    «ЮрФин»
7.    «Жігер»
8.    «Бірлік»
9.    «Қыран»
10.    «Бренд»
11.    «Арлан»
      Команданың құрамында – қаланың мектеп бітіруші түлектер арасында 5 қатысушы (3 ер бала, 2 қыз баладан) болады. Әр сайыста жеңімпаз құрама командасы анықталады. Сайыста 1-ші болып келген командаға 1 ұпай, 2-ші болып келген командаға 2 ұпай және т.б. Барлық сайыста жалпы командалық есепте аз ұпай иеленген құрама командасы жеңімпаз атанады.
1.    Желаяқ.
Қатысушы әр команданың қолындағы эстафеталық таяқшасымен сөре сызығынан бастап, тіреуішке дейін жүгіріп, айналып келесі ойыншыға эстафета таяқшасын беріп, өзі командасының соңында тұра қалады.
2.    Эстафета доппен.
Бірінші ойыншыға доп беріледі, сол ойыншы допты қол мен жерге ұрып келесі ойыншыға кезекпен беріп, тіреушке дейін жүгіріп айналып кері қайтып, соңына тұра қалады.
3.    Шегірткелер.
Әрбір қатысушы сөре сызығына тұрады. Ысқырық белгісі бойынша бірінші болып ұзындыққа секіреді, секіріп қонған орнынан келесі қатысушы жалғастырады, сайысты соңғы қатысушы аяқтайды. Қай команданың ұзындық қашықтығы көбірек, сол команда жеңімпаз атанады.
4.     Батырлар.
Батырлар сайысына әр командадан 2 қатысушы күш сынасады.
5.  Секіртпеде секіру
    1 мин ішінде әр командадан 1 қыз секіртпедең секіреді. Жалпы есепте көбірек секірген қатысушы жеңімпаз атанады.
  6.  Қаппен секіру
    Жарысқа қатысушы командалардың мүшелері қап киіу аркылы секіріп мәреге барып, жүгіріп кері қайтады.
Жеңімпаз командалар:
•    I «Арлан»
•    II «ЮрФин»
•    III «Қыран»
1-3 орын алған жеңімпаз командаларға Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы кубоктары, медальдары, дипломдарымен және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тарапынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

   " Тәрбие жұмыстары" бөлімі

DSC 0041DSC 0234O47A0376O47A0460O47A0427O47A0449O47A0517O47A0547

«Таза су айдындары» республикалық табиғат қорғау акциясы өткізілді

                                      «Таза су айдындары» республикалық табиғат қорғау акциясы өткізілді O47A0304     2018 жылдың 17 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы аумағындағы Балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» республикалық табиғат қорғау акциясы өткізілді. Аталған акцияға Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің белсенді студенттері қатысты.
     Акция барысында су айдындарында иесіз қалдырылған балық аулау ауларынан тазарту, жағалау аумақтарын жинау жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық – ақпараттар құралдары арқылы кеңінен хабарланды.

«Тәрбие жұмыстары» бөлімі

O47A0295O47A0318O47A033944587

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАРO47A9848

     Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және ТИГУ-нің   10 жылдық мерейтойының аясында,  2018 жылдың 15-мамыры күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің акт залында «Ұлағатты жігіттер» атты байқау болып өтті.
     Қазақ халқында шаңырақтың иесі қашанда ер жігіт болғандықтан, бала кезінен баланың басынан сипамай арқасынан қағып азамат болуға тәрбиелеген. Ал сол азаматтар өсе келе елім деп еңіреп, отанымыз үшін отқа түсіп, өздерінің бойындағы жігерлілік, қайраттылық, ептілік, батырлық, шешендік сияқты текті ата-бабамыздың қанға сіңген қасиеттерімен ерекшеленген. Мақсатымыз осынау бейбіт заманда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан серілік, салдық, жомарттық, имандылық, ептілік, жалпы нағыз жігітке сай әрекет жасайтын азаматтардың қабілеттерін аша отырып  насихаттау болып табылады.    
     Байқауда жігіттеріміз төмендегі тапсырмалар бойынша бақ сынасты:
1. «Сәлем - сөздің анасы!» (өзін-өзі таныстыру).
2. «Өнерлінің өрісі кең!» (өз өнерлерін көрсету).
3. «Ескірмейтін ескі сөз!» (Берілген тақырыпта мақал-мәтел айту).
4. «Күш атасын танымас» (Ұлттық ойындар: Бұқа тартыс. Қол күрес).
Бұл сайысқа тайдың тасындай жеті жігітіміз қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Олар:
1.    Әлімбек Нұрсұлтан Амангелдіұлы - Медия және имедждік технологиялар бөлімінің бейнематериал маманы.
2.    Үсен Біржан  -  Денешынықтыру бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы.
3.  Жаңатілеу Бауыржан  Бақытұлы - Жаратылыстану факультеті, биология ауыл шаруашылық мамандықтар, география және туризм кафедрасының оқытушысы.
4.    Уытбаев Тоқтар Төлбайұлы - Дене шынықтыру бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушысы.
5.    Райқұлов Қанат Ешенқұлұлы - Тәрбие жұмыстары бөлімінің маманы.
6.    Қырықбаев Бауыржан Маратұлы - Баспахана бөлімі маманы.
7.    Бекбаев Ғалымжан Сейсенбайұлы - Экономика және құқық факултетінің, тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы.
O47A9943     Әділ-қазылардың әділ шешімімен жүлделі І орынды Жаңатілеу Бауыржан  Бақытұлы иеленді. Оған «Мерке санаторий» АҚ  жолдама берілді. Қалған қатысушылар қазылардың шешімімен «Көсем жігіт», «Күш атасы», «Шешен жігіт», «Өнерлі жігіт», «Сері жігіт», «Епті жігіт» аталымдары бойынша алғыс хат пен  қаржылай марапатталды.

    Райымбеков Бауыржан,
    Тәрбие бөлімінің маманы

O47A9882O47A9947

«ЖАС САРБАЗ» әскери спорттық ойындары

«ЖАС САРБАЗ» әскери спорттық ойындары      IMG 20180512 WA0049

       2018 жылдың 12 мамырында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің  73 жылдығын атап өту қарасаңында Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы «85395» Әскери бөлімі территориясында ұйымдастырған облыс жастары арасындағы «ЖАС САРБАЗ» әскери спорттық ойындарына ТИГУ «Білім» факультеті «Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының атынан  жарыс Ережесінің талаптарына  сәйкес  толық 1 команда қатысты (ұлдар және қыздар). ТИГУ командасы жарыстың қорытындысы бойынша 15 команда арасынан жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді, оның ішінде жекелеген әскери-спорт түрлерінен студенттеріміз номинациялық марапаттарға қол жеткізді.

       БӘД пәнінің аға оқытушы   Үсен Б.М.

IMG 20180503 WA0001IMG 20180512 WA0029IMG 20180512 WA0042IMG 20180512 WA0054IMG 20180512 WA0058IMG 20180512 WA0064

ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ

ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ

090518      2018 жылдың 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдығына  орай ұйымдастырылған  мерекелік іс-шараларда Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ұжымы белсенділік танытты.
      А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов З. Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштеріне, «Даңқ» мемориалына, ҰОС жылдарындағы Жамбыл қаласындағы госпитальдарда жарақаттан қаза болған Совет армиясы жауынгерлеріне арналған обелискіге, «Даңқ» аллеясына, 1941-1945 жылдары қаза болған жауынгерлердің стелласына гүл шоқтарын қою рәсімдеріне қатысты.
     Сондай-ақ, орталық «Достық» алаңынан  «Жеңіс» саябағына дейін және А.Сухамбаев ескерткішінен «Жеңіс» саябағына дейін «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» шеруінде университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және студенттері жүріп өтті.

Медиа және имидждік технологиялар бөлімі

090518 1090518 2

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d