Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

Факультетаралық КВН ойыны ұйымдастырылды

Факультетаралық КВН ойыны ұйымдастырылды

Қазан айының 28-ші жұлдызында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде үшінші рет факультетаралық «Жайдарман» КВН сайысы ұйымдастырылды. КВН жүргізу құрметі «Олимп» жайдарман тобының мүшесі Нұржан Лесбекке бұйырды. Әділ бағасын беретін қазылар алқасы да таныстырылды. Олар:тәрбие бөлімінің мамандары Назгүл Әбітаева, Ақмарал Кенембаева, Сергей Петряев және студент ректоры Күнту Мәди. «Тарих толқыны» атты ойынға білімгерлерден құралған 5 команда қатысты.Олар: «Тигу құрамдары», «ФКС», «Жапалақтар», «Ice cream», «Асау жүрек».

Жас Отан және Еріктілер ұйымы

Жас Отан және Еріктілер ұйымы

Университетіміздің бас ғимаратында қазан айының 23-ші жұлдызында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша « Жас Отан» Жастар қанатының жанындағы еріктілер мектебінің жұмысын жандандыру мақсатында Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде Еріктілер және мемлекеттік қызметкерлер мектебінің жұмысын үйлестіру және жүргізу атты тақырыбында семинар өтті. Бұл бағыт жастарымызды әлеуметтік тәжірибеге жұмылдыру және еркімен жігерлік танытуды, дамытуды мақсатында қолға алынып отыр. Семинарды өткізген Нұр Отан партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Төрағасы Тұрсынбек Бақкелді Ғабдоллаұлы мырзаның қатысуымен өтті.

Студент ректоры мен студент декандары сайланды

Студент ректоры мен студент декандары сайланды

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының «студент ректоры мен студент декандары» сайланды. Сайлау университет белсенділерімен тәрбие бөлімінің басшылары: Әбітаева Назгүл,Кенембаева Ақмарал, Петряев Сергей секілді аға-әпкелеріміз қатысуымен болды.Сайлау ашық түрде өтті.

Дағдарып қалмас үшін дайындал

Нұрғабылов МұратМұрат Нұрғабылов, экономика ғылымдарының PҺD докторы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің қызметкері.

Жаһанда орын алып жатқан қандай жағдай болса да бір-біріне оң немесе кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Сол секілді әлемді шарпыған дағдарыстың да біздің мемлекетімізге салқыны тие бастағанын ел сезуде. Елбасының өзі Үкімет басшысын қабылдау кезінде алдымызда қиын-қыстау кезеңнің тұрғанын және халықтың соған дайын болуы керектігін ашық айтты. Күн ілгеріден қам жасап, қиындықтан қысылмай шығудың түрлі тәсілдерін қолданудың арқасында халық әлі де болса әлеуметтік тапшылықты байқай қоймады. Дегенмен, доллар бағамының көтерілуі себепті теңгенің құлдырауы үлкен, орта және шағын кәсіпкерлікке айтарлықтай салмақ салып отыр.Соған сәйкес халықтың әлеуметтік жағдайына да кері әсер туындауда.

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d