Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

А.Байтұрсынұлы атындағы алтын медальмен марапатталды

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

gramota nemerebaevmedal nemerebaev

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, Аймақтық Менеджментінің Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Немеребаев Мұқатай Немеребайұлы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынұлы атындағы алтын медалімен марапатталды. Бұл марапат Мұқатай Немеребайұлына еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, новаторлық ұсыныстары және жаңа буын мамандарды дайындаудағы инновациялық істері үшін берілді.
Мұқатай Немеребайұлы 4 монография және 23 оқулық пен оқу құралдарының авторы. 140-тан аса ғылыми әдістемелік мақалалары жарық көрген. Үш аспиратқа жетекші болып, олардың диссертациялары жоғары бағаланып, үшеуі де ғылым кандидаттары атанған. ҚР Білім және ғылым минстірлігінің 2009 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы беріліп, төсбелгісімен, 2010 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, 2014 жылы Жамбыл облысының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен ұжымы атынан Мұқатай Немеребайұлын аталған марапатымен құттықтаймыз. Жемісті еңбек пен қажыр-қайрат, зор денсаулық, отбасы амандығын тілейміз.

БІЛІМ – ӨМІР ШЫРАҒЫ

08.09.15 1Білім мен ғылымды игермеген ел ешқашан кемел келешектің көкжиегін көре алмасы анық. Елбасы егемен елдің ертеңгі күні көзі ашық, көкірегі ояу, жаны жақсылыққа құмар жастар мен өткенді сараптап, ой-арманы өрге ұмтылдырған өскелең ұрпақтың қолында екендігін ұдайы айтып келеді. Осы үдеден шыға алған азаматтың кез келген саланың үздік маманы атануына жолы ашық. 

ӨРКЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ

Кез-келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Осыдан жиырма жыл бұрын қабылданған еліміздің Ата Заңында мұның бәрі қамтылған.

ҚР Конституциясына – 20 жыл

ҚР Конституциясына – 20 жыл

26 тамыз күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мен Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Тараз жастар орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл: тарихи-құқықтық тәжірибелер» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынды ТИГУ ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы ашып, жүргізіп отырды.

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d