Сыйға тартылған қазына
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

ТИГУ ректоры – «Жыл адамы-2017»

1

Жуырда қала күні мерекесі дәстүрге сай орталық алаңда дүркіреп аталып өтті. Шаһардың дамуы мен шырайын келтіруге, әлеуетін арттыруға атсалысқан азаматтардың еңбегі еленіп, марапатталды. Тараз қаласының экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының «Құрметті академигі», филология ғылымдарының докторы, профессор, Жамбыл облыстық мәслиxатының депутаты Саурықов Ерболат Байұзақұлы «Жыл адамы-2017» номинациясымен марапатталды.

         Бұл марапатты алуға ұжымның да септігі мол екенін айтқан Ерболат Байұзақұлы алдағы уақытта да қаламыздың көркеюіне, түрлі іс-шараларға ұжым болып белсенді жұмыс жасауға шақырды.

ТИГУ баспасөз қызметі

Белгілі ғалым Мұқатай Немеребаев 70 жаста

Белгілі ғалым Мұқатай Немеребаев 70 жаста
    23-тен астам оқулық пен 140-қа тарта ғылыми әдістемелік мақаланың авторы саналатын профессордың мерейтойы Тараз төрінде аталып өтті. Оның мерейлі мерекесіне орай өзі қызмет ететін университетте ғылымыи конференция ұйымдастырылып, оған үзеңгілес әріптестері тегіс қатысты. Ғылымда өзінің мектебін қалыптастыра білген туған күн иесімен тілшіміз дидарласып қайтты.

      Мұқатай Немеребаевтың ғылымға деген құштарлығы студенттік шағында оянған. Қазір оның жазып шыққан оқулықтарымен көптеген жоғарғы оқу орындарының студенттері тәлім алуда. Профессордың еңбектері тек білім ошақтарында ғана емес, басқа да салаларда үлкен сұранысқа ие.

Сәбит Баубеков, техника ғылымдарының докторы, профессор:

-Бұл кісінің ғылыми жұмыстардағы бағыты зымарандар, ұшақтардың сыртқы қабатының температурасы, қысымда, иілу жүктемелеріне,   қарсыласу, соларды көтеру мәселері жайында еңбектер жазған. 20- ден аса ғылыми еңбегі бар. Ғылымда өзіндік мектебі бар.

Мұқатай Немеребаев кезінде өте құпия жобалардың да әзірленуіне атсалысқан. Бірақ ол жайында әлі күнге тіс жаруға болмайды дейді. Жалпы профессор өмірінің 45 жылын шәкірт тәрбиелеу мен ғылымға арнаған. Өзінің жұмысына жан-тәнімен берілген ұстаз тынымсыз еңбектің арқасында  отбасына да көп көңіл бөле алмаған. Бірақ оған жақындары еш ренжімей, түсіністікпен қарапты.     

Ахытай Мұқатай, немересі:

- Атам өте жақсы және қарапайым адам. Меніңше, ол балаларды қатты жақсы көреді. Бала кезімде жатар алдында атамнан көптеген жайттарды сұраушы едім. Маған ерінбестен қызықты ертегі оқып беретін

Мұқатай аға 70 жасына дейін доктор, профессор, академик және атанып үлгерген. Осыдан соң болар оның мерейтойына орай ұйымдастырылған ғылыми конференцияға алыс-жақын шет ел мен еліміздің әр түкпірінен әріптестері көптеп келді. Басқосуда техника және жаратылыстану ғылымы төңірегінде көптеген өзекті мәселелер әңгіме арқауына айналды.

Мұқатай Немеребаев, техника ғылымдарының докторы,профессор:

-Конференция «Жаһандану заманындағы жаратылыстану және техникалық ғылым» деген. Өйткені қазір дамып келе жатқанда, жаһандану заманы болғандықтан техника ғылымы мен жаратылыстану ғылымдарының өсуі, өнуі жоғары болу керек. Сонда да болса әлі жеткілксіз деңгейде. Соны бүгін сараптап, кішкене алдыға міндеттер қойып сол жағдайында қарастыру.

Профессор мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қазір ол студенттерге арналған бесінші монографиясын жазуда. Ал бүгін Мұқатай Немеребаевтың еңбегі кезекті рет Білім министірлігі тарапынан еленді. Ол  ғылым мен білімге қосқан өлшеусіз еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.

сілтеме: https://www.ktk.kz/kz/news/video/2017/10/12/82630 


Құрметпен,
ТИГУ Медиа орталығы
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
8 775 384 42 77

Надежданың жеңісі!

4LSKFuOT LY

             "Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге ұлт жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің "Тіл парасат " атты қалалық байқауы өткізілді. Байқауға орыс, украйн, түрік, өзбек ұлттарының жастары қатысты. Үш кезеңнен тұратын қалалық байқауда университетіміздің намысын қорғаған "Педагогика және психология" мамандығының 1 курс студенті Надежда Кастенко жүлделі 1 орын иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.

ТИГУ Ұлттық рейтингте 21 сатыға көтерілді

    7

 

     Қазіргі таңда Қазақстанда 180-нен аса жоғару оқу орны бар. Осы білім ордаларының көпбейінді ЖОО арасында ТИГУ 21-ші орынға көтерілді. Бұл 2017 жылғы үздік көпбейінді оқу орындарының ұлттық рейтингі

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

Scan

Фотогалерея

logo 3d