МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

     Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ ТИГУ-дің 10 жылдығын мерекелеу қарсаңына орай, 2018 жылдың 30 наурызында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында ұлттық ойындардан алғаш рет сайыс өткізілді.  Сайыстың мақсаты ұлттық ойындарды жастарымыздың арасында насихаттап, келешек ұрпаққа  ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәнін түсіндіру және сол арқылы оларды мергендікке, ептілікке, қырағылыққа, жігерлілікке т.б.  тәрбиелеу болып отыр.
Сайысқа университетімізден бес команда қатысты. Олар:
-    «ТИГУ KZ» командасы;
-    «БІЛІМ» факультеті;
-    «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті;
-    «ЭКОНОМИКА және ҚҰҚЫҚ» факультеті;
-    «ӘКІМШІЛІК» командасы.

Бұл сайысқа униваерситетіміздің 50-ден аса қызметкерлер қатысты. Төмендегі ұлттық спорт ойындары бойынша сайыс ұйымдастырылды.
-Қазақ күресі;
-Асық ату;
-Арқан тартыс;
-Қол күресі.
«Қазақ күресі» бойынша ерлер арасында нәтиже төмендегідей болды:
1 орын –Уытбаев Тоқтар –  «БІЛІМ» факультеті;
2 орын –Мұқашев Нұрлан – «ТИГУ KZ» командасы;
3 орын - Әбдібеков Қайнар – «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті.

«Қол күресі» бойынша ерлер арасында нәтиже төмендегідей болды:
1 орын – Сұлтанаев Ерназ –  «ӘКІМШІЛІК» командасы;
2 орын – Рахымжанов Талғат –«ТИГУ KZ» командасы;
3 орын – Серік Сабыр –«БІЛІМ» факультеті.

«Қол күресі» бойынша әйелдер арасында нәтиже төмендегідей болды:
1 орын – Базарбекова Айжамал –  «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті;
2 орын – Несіпбаева Құралай – «ТИГУ KZ» командасы;
3 орын – Сейсенғалиева Гүлсара – «ӘКІМШІЛІК» командасы.

«Асық ату» бойынша ерлер арасында нәтиже төмендегідей болды:
1 орын – Райқұлов Қанат - «ТИГУ KZ» командасы;
2 орын – Түзелбеков Еламан - «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті;
3 орын – Наурызбаев Дархан - «БІЛІМ» факультеті.

«Арқан тартыс» бойынша жалпы командалық  нәтиже төмендегідей болды:
1 орын – «ТИГУ KZ» командасы;
2 орын –«ӘКІМШІЛІК» командасы;
3 орын – «ЭКОНОМИКА және ҚҰҚЫҚ» факультеті.

    Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған Қазақ ұлттық спорт ойындары бойынша командалық нәтиже төмендегідей:

1 орын – «ТИГУ KZ» командасы;
2 орын – «ӘКІМШІЛІК» командасы;
3 орын – «БІЛІМ» факультеті ;
4 орын –«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті;
5 орын - «ЭКОНОМИКИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» факультеті.

Дайындаған: С.В.Петряев

           

O47A0917O47A0934O47A1093O47A1692O47A170504741258

«ЖАҢА ӘЛЕМГЕ ЖОЛ САЛАМЫЗ!»

    «ЖАҢА ӘЛЕМГЕ ЖОЛ САЛАМЫЗ!»

    Дәл осындай тақырыпта, наурыз айының 28-29 күндері алты алаш көз тіккен Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV Съезі өтті. Съезге республика бойынша, 1500 делегат сайланып, Жамбыл облысынан 50 делегат аттанған болатын. Аталған съезге, университетіміздің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Әбітаева Назгүл Жаңабекқызы  және университетіміздің "Жас Отан" жастар қанаты бөлімше басшысы, "Филология" мамандығының 2 курс студенті Сағадинов Төлеген Теміржанұлы қатысып қайтты.
    Съездің басты мақсаты - «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау. Съездің алғашқы күні «Jas Otan conf» деп аталатын конференциямен басталды. Делегаттар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту жолдары да кеңінен талқыланды.   Биылғы жылдың басында «Жас Отанның» тарихында алғаш рет Орталық кеңеске сайлау онлайн тәсілімен өткен. Бұл ашық бәсекеде еліміздің әр түкпірінен 363 үміткер өз кандидатурасын ұсынып, олардың 16-сы Орталық кеңес мүшелігіне енді. Жеңіске жеткендердің қатарында жас кәсіпкерлер, еріктілер қозғалысының белсенділері мен өнер саласының өкілдері бар. Жамбыл облысынан Орталық кеңеске мүше  болып «Нұр Отан»  партиясы Жамбыл облысы филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Болатбек Уалихан және Жамбыл облысының жас депутаты Берікқожа Серікбол сайланды. Алқалы жиын соңы «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласты. 

ЖІЖК

9d4b9fd9d9822da25d2e9804a25a9971 crop l 39 t 0 w 1761 h 991 resize w 812 h 4720511522322633 809147201803281024032018032914011860353 rus 8476badb0356fe5399d9e9fd5adcb7c800ff crop l 15 t 0 w 1106 h 622 resize w 525 h iePYyQeDPUMzTpOtr5qzWQiwN2giuDClgVR2iT8fgT8Y

 

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАР МЕН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

       Үстіміздегі жылдың 27 наурыз айы күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мемлекет басшысының мақаласы аясында «Исламға дейінгі және кейінгі қазақ құқық жүйесіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
      Дөңгелек үстелдің мақсаты - исламға дейін және кейінгі қазақ құқық жүйесіндегі көнерген, ұмыт болған салт-дәстүрлерді және әдет-ғұрыптарды қайтадан жаңғыртып, студенттердің жадына түю, жастардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Алғы сөзді Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры., фил.ғ.д., профессор Саурықов Ерболат Байұзақұлына берілді.
Дөңгелек үстелде баяндама жасаған қонақтар:
1. Рустембеков  Жомарт Қауасұлы- Жамбыл облысы сотының азаматтық істер алқасының төрағасы;
2. Маликова Айгуль Шарифхановна - Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы., з.ғ.к.;
3. Мауленов Думан Болатұлы-з.ғ.к., д.м.а., Жамбыл облысы, Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы;
4. Жұмағұл Қанат Әділханұлы - Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы;
5. Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы-Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу» орталығы басшысының орынбасары;
6. Сәуірбай Дінмұхаммед Серікқалиұлы.Жамбыл облысы ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі., полиция лейтенанты;
7.Ералиева Жазира Дүйсенбекқызы - заң ғылымдарының магистрі., аға оқытушы.
Дөңгелек үстелге қатысушылар:
1. Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы- Дүйсенбаев Ербол Мизанович.
2. Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор-Аширбеков Санат Сагинбекович.
3. «Тәрбие жұмыстары» бөлімінің басшысы – Нуркина Роза Назаровна.
4. «Шерхантану» орталығының директоры-Кембаева Айнұр Тұрарқызы.
5. «Құқықтану» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Құқықтану» мамандығының студенттері.

O47A0260O47A0267O47A0270O47A0274O47A0293O47A0313

ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ ТӨРІМЕ!

ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ ТӨРІМЕ!

       2018 жылдың 22 наурызында Облыстық деңгейде ұйымдастырылған Наурыз мейрамы қарсаңында Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Қош келдің, Наурыз төріме!» атты мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік іс-шара Ы.Сүлейменов көшесі бойында сән-салтанатымен тігілген киіз үйден бастау алды. Университетіміздің ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында Түркештің күйі  «Көңілашар»  тыңдаушыларды тәнті етті. Сондай-ақ, ұлттымыздың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында  университетіміздің профессор-оқытушы құрамы мен студенттердің қатысуымен дайындалған концерттік нөмерлер мен түрлі сахналық қойылымдар жұртшылықтың көңілінен шықты. 
     Қалалы жерлерде ұмыт бола бастаған «Ләңгі тебу» ұлттық ойынымыз да осы мерекенің көркін кіргізді. Одан басқа «Кір тасын көтеру», «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Қол күрес» т.б. ойындар ойнатылып, жеңімпаздар  түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды.
      Наурыз мейрамының керемет асы – «Наурыз көже» дайындалып, жүздеген адамдарға таратылды.

O47A8387O47A8531O47A8605O47A8626O47A9826O47A8752O47A8833O47A8905O47A9059O47A9423O47A9501O47A9754O47A9593O47A9658O47A8474

МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ

      ruhani

МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы сараптама кеңесінің бастамасымен және Қалалық білім бөлімінің қолдауымен Тараз қаласының елу орта мектептерінде наурыз айының 13-16 аралығында стратегиялық мақаланың негізгі мазмұнын түсіндіру бойынша сабақтар өтті.
      Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының концептуалды негіздерін жастардың арасында белсенді түсіндіру жұмыстары оны  іске асырудың негізгі және маңызды бағыттарының бірі екендігін негізге ала отырып,  Жамбыл облысының үш жетекші оқу орны, атап айтқанда, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің жетекші ғалымдары, оқытушы-профессорлар құрамы, сарапшылар 9-10-11 сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан», «Латын әліпбиіне көшу» және тағы басқа арнайы жобаларының мазмұны мен мәнін түсіндірді.
      Шолу дәрісінде ғалымдар жоғары сынып оқушыларына Мемлекет басшысының стратегиялық мақаласының мақсатын, концептуалды негіздерін, оны іске асыру барысы және жалпы қоғамдық сана жаңғыртуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы туралы терең түсіндірді. Сонымен бірге үш тілді меңгеру, сандық технологияны игеру, бәсекеге қабілетті, білімді кәсіби маман болумен қатар өзінің ұлттық құндылықтарын терең білетін саналы азамат болудың да маңызына ерекше тоқталды.
      Жоғары оқу орындарындағы өңірлік сараптама кеңесі мүшелерінің, ғалымдарының шолу лекциялары арнайы бекітілген кесте бойынша ұйымдастырылып өткізілді.
     Осындай игі бастаманың жүзеге асуына белсенді атсалысқан Тараз қаласы білім бөлімінің бастығы М.Қ.Жинақбаеваға, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры М.Н.Сарыбековке, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Д.П.Қожамжароваға және ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамына, сарапшылар кеңесі мүшелеріне ерекше алғысымызды білдіреміз.    

Ерболат Саурықов,
ТИГУ ректоры, Жамбыл облысы
өңірлік сараптама кеңесінің төрағасы

IMG 20180316 WA0003IMG 20180319 WA0012O47A0940O47A9854

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d