Сыйға тартылған қазына
СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр
joomla

Педагогикалық мамандықтар жәрмеңкесі

1

 

Бүгін университетте педагогикалық мамандықтар бойынша «Жас түлек-2017» жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға облыстық білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты басшылары мен өкілдері, сондай-ақ, қалалық, аудандық орта мектеп және спорт мектептерінің директорлары мен түрлі ЖШС өкілдері қатысты.

Іс-шараны университет ректоры Ерболат Саурықов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде ТИГУ түлектері бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етіп, оқу ордасының беделін арттырып жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен үнемі байланыста және біздің университетті бітірген мамандар оларды толық қанағаттандырып отырғанын айтты. Жәрмеңкеге келген қонақтарды унивеситеттің алдағы жоспарларымен таныстырды.

ТИГУ іргесі қаланғанына 10 жылға жетпесе де, бәсекеге қабілетті әрі сапалы білім, саналы тәрбие бере алатын іргелі оқу орнына айналып келе жатқанын айтқан ректор алдағы уақытта университет даму қарқынын арттыратынын жеткізді.

ТИГУ Медиа орталығы

 

234567

89

ТИГУ аруы – 2017

  O47A8895  

 

    Жуырда қыз балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, ізеттілік, сыпайылық, әдептілік негізінде тәрбиелеу, сондай-ақ ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау, қыз балалардың бойындағы көркемдік талғамның дамуына жағдай туғызу мақсатында нәзіктік пен сұлулыққа, ұяндық пен әдемілікке, өнер мен өнегеге баулитын «ТИГУ аруы-2017» байқауы өтті. Бес кезеңнен тұратын байқау қорытындысы бойынша «Шет тілі» мамандығының 1 курс студенті Інжу Есенова жеңімпаз атанды.

    І дәрежелі диплом иегері – «Биология» мамандығының 1 курс студенті Бұлбұл Садвақас

    ІІ дәрежелі диплом иегері – «Шет тілі» мамандығының 2 курс студенті Айкен Нияз

    ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

«Қазақ тілі» мамандығының 1 курс студенті Айдана Шапантаева

«Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті Таңсұлу Мұратқан

«Биология» мамандығының 1 курс студенті Аружан Ділдабекова

ТИГУ Медиа орталығы

 

O47A8627O47A8670O47A8740O47A8770O47A8868

 

ТИГУ институционалдық аккредиттеуден өтті

111

 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне 2016 жылдың желтоқсан айында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі өкілдері келіп, институционалдық аккредиттеуден өткен болатын. Университеттің материалдық-техникалық базасы мен профессор-оқытушылар құрамының жоғары сапалылығына баса назар аударған арнайы комиссия оқу орны барлық талаптарға сай екендігін анықтап, университет әрі қарай жұмысын жалғастыруына мүмкіндік беретін (тіркеу нөмірі IA №0077) институционалдық аккредиттеу туралы куәлік алды. Құжаттың жарамдылық мерзімі 26.12.2016-24.12.2021 жж.

ТИГУ Медиа орталығы

Ардақ Назаров ТИГУ-ге келді

2

 

     Университетте 2 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Alem Fighters» клубының негізін қалаушы, джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы, Европа-Азия матчтық кездесуінің чемпионы Ардақ Назаровпен кездесу өтті.Сондай-ақ, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Ақжүрек Таңатаров та келді. Кездесу барысында жастарға қатысты түрлі өзекті, тарихи әңгімелер айтылды.

Әлем мойындаған чемпион осы спорт түріне қалай келді, қандай қиындықтардан өтті, жастар тәрбиесі, ер жігіттерге қандай қасиеттер тән болу керектігін айта отырып жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды. Еркін форматтағы жүздесуге 200-ден астам студент қатысты.

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

Ардақ Назаров 1980 жылы 14 қазанда Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы (1999, Алматы). Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, Хабаровск, Ресей, 2005, Сеул, Корея) және әлем кубогының иегері (2004, Хабаровск, Ресей). Еуразияның екі мәрте чемпионы (2001, Астана, 2002 Қарағанды). Азия чемпионы (2003, Бішкек, Қырғыстан). Еуропа-Азия матчтық кездесуінің жеңімпазы (2005, Екатеринбург, Ресей). Еуропа чемпионы (2007, Таллин). Санкт-Петербор, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Нұрсұлтан СЛАМБЕКОВ,

студент

 

 

124569101112