Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

O47A8030     2018 жылдың 3 сәуір күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Ұлы Жеңістің 73 жылдығына және Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен Жамбыл облыстық және Тараз қалалық Ардагерлерлер Кеңесі мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге Ұлы Отан Соғысының ардагері – Таңатаров Несіпбек, Ұлы Отан Соғысының ардагері – Сарсенбиев Аширбек, Ұлы Отан Соғысының ардагері – Гладченко Михаил Петрович, Тыл ардагері - Айдаралиева Бәдігүл Айдарәліқызы, Жамбыл облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы – Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы, Тараз қалалық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы – Тусупов Алдиярбек Әлиасқарұлы және Жамбыл облыстық Ардагерлер Кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында  Ардагер аталарымыз сұрапыл соғыс кезіндегі бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, студент жастардың сұрақтарына жауап берді. O47A8083«Экономика және құқық» факультетінің студенттік деканы Қалден Баян  «Ерлікпен жеткен Жеңіске тағзым ет, парызың!» тақырыбында баяндама жасап, бейне ролик көрсетілді. «Филология» мамандығының 1 курс студенттері Ардагерлерге арналған арнауларын орындады.

«ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ» бөлімі

O47A7994O47A8011O47A8023

Қырғызстанда “Қазақстанның білім күндері” өтті

ҚЫРҒЫЗСТАНДА “ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ КҮНДЕРІ” ӨТТІWhatsApp

    2018 жылғы сәуір айының  26-27 жұлдызы аралығында  “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ бастамасымен,  Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласындағы «Орион» қонақүйінің ғимаратының «Қарқыра» және «Ақсай» залдарында мектеп бітіруші түлектер мен студенттерге арнайы ұйымдастырылған Қазақстанның алдыңғы қатарлы 20-дан аса жоғары оқу орны өз жәрменкелерін ұсынды. Тараз инновациялық-гуманитарлық университінің ректроры, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА Құрметті мүшесі, Е.Саурықовтың бастап барған топ мүшелері іс-шара барысында, Қырғызстанда тұратын қазақ жастары мен жергілікті тұрғындарға университетіміз туралы мағлұмат берді. Үш тілде дайындалған түрлі таратпа материалдар мен университетіміз жайлы  арнайы дайындалған журналдарды біздің оқу орнында оқуға ниет білдірген жастарға таратты.

12.46.401

    Сонымен қатар, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мен Қырғыз Республикасының Басқару, құқық, қаржы және бизнес халықаралық   академиясы арасында алдағы уақытта екіжақты  тығыз ғылыми қарым-қатынастар жасау жөнінде меморандумға қол қойды.

  Сондай-ақ, университет ректоры Е.Саурықов Қырғызстандағы Қазақстан елшісі Карим Көкрекбаевпен бірге Қырғыз Республикасында Нарын қаласындағы Халықаралық Орталық Азия университетіне тәжірибе алмасу және ғылыми, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша байланыс орнату мақсатында кездесуге қатысты.

Медиа және имидждік технологиялар бөлімі

12.40.2714.21.072018 04 26  12018 04 262018 04 27 at2018 04 27 at 11

 

БӨБЕКТЕРГЕ ЖАН ЖЫЛУЫН СЫЙЛАДЫ

                                                                      БӨБЕКТЕРГЕ ЖАН ЖЫЛУЫН СЫЙЛАДЫO47A3773     Сәуір айының 20 күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Экономика және құқық» факультеті Тараз қаласы, Тонкуруш, 15  мекенжайында орналасқан «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінде болды. Кездесу барысында бүлдіршіндерге дәрігерлердің рұқсатымен тәтті сыйлықтар табысталды, ал бөбектер тәрбиешілері үйреткен тақпақтарын  айтып берді.
       «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінің бас дәрігері Джаксымбетова Айжан Суанбековна жалпы 5 жасқа дейінгі 61 бала тәрбиеленетінін, оның 28 ұл, 33 қыз бала және 20 бөбектің мүмкіндігі шектеулі екенін айтты. Мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалып отырғанын, бірақ, бөбектерге ата-ана құшағы, жылы алақаны жетіспейтіндігін тілге тиек етті.
      Қазақ жетімін жылатпаған, сондықтан, барлығымыз азда болса өз жылуымызды  сыйлайық.

«Медиа және имидждік технологиялар»  бөлімі

O47A3758O47A3766O47A3790O47A3794O47A3799O47A3805O47A3831

«10 ЛИТР ҚАН ӨТКІЗУ» донорлық акциясы басталды

«10 ЛИТР ҚАН ӨТКІЗУ» донорлық акциясы басталды

       Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында, «10 қайырылымдық іс» бағыты бойынша, 23-сәуір күні Тараз қаласындағы «Қан өткізу станциясымен» келісе отырып, профессор-оқытушы құрамы және студенттердің  қолдауымен «10 литр қан өткізу» донорлық акциясы өтілді. Аталмыш шараға қатысқан барлық қан тапсыруға ниет еткен адамдарды дәрігерлік сараптамадан өткізгеннен кейін ғана, дәрігердің рұқсаты бойынша арнайы мамандар қан алды.
         Шараға ниет еткендердің ішінде 29 адам қан тапсыруға  дәрігерден рұқсат алып, жалпы 13 литр 500 грамм қан өткізді.  
     Тараз қаласындағы «Қан өткізу станциясы» мамандары университет әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдіріп, келешекте осындай қайырылымдық  істердің жалғасын тауып, еліміздегі қан тапшылығын болдырмауға қосқан үлестері үшін үлкен алғыс айтты.

«Медиа және имидждік технологиялар» бөлімі

O47A3854IMG 7241O47A3857O47A3855IMG 7245IMG 7235O47A3874

ЖҮЙРІК МАТЕМАТИКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ЖҮЙРІК МАТЕМАТИКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

O47A3592

     Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың сәуір айының 18-күні мектеп бітіруші түлектер арасында облыстық математикалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға облыс мектептерінен жалпы 112 оқушы қатысты.
      Математикалық олимпиада мақсаты – 2018 жылы мектеп бітірушілердің арасынан математикаға жүйрік талантты жастарды анықтау, іріктеу және оларға бағыт-бағдар беру, математика және математикадан іргелі дайындықты қажет ететін мамандықтарына тарту.
     Олимпиаданы университеттің "Жаратылыстану мамандықтар" кафедрасының оқытушылар ұжымынан құрылған қазылар алқасы жүргізді. Әділ қазылар алқасының төрағасы – ф-м.ғ.д., профессор Ш.Мамаев, төрағаның орынбасары ф.-м.ғ.к., доцент И.А.Абитбеков, мүшелері ф.-м.ғ.к., доцент Ж.Жүсіпов, аға оқытушы, магистр Д.У.Кенжебеков, аға оқытушы, магистр А.М.Дунбаева, оқытушы Қ. Абдибекоы,  хатшысы – Ш.Алдаберген.    
      Математикалық олимпиаданың жүлдегерлері үшін бірінші орын алған мектеп  бітіруші  ТИГУ-нің  ректор грантының иегері болады, олимпиадада екінші және үшінші орын алғандарға сәйкесінше 50% және 25%-дық жеңілдіктер беріледі, одан кейінгі курстарда төлемақы жөніндегі жеңілдіктер  білімгерлердің оқу үлгеріміне байланысты болады. Үздік оқыған жағдайда бастапқы жеңілдіктер университет бітіргенше сақталынады.
      Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар иегерлері анықталды:
1-орын Айтуған Биназир - № 56 орта мектеп
2-орын Нұрмағамбет Есдаулет -  № 36 орта мектеп
3-орын Құрманалы Назерке - № 49 орта мектеп
Сапалы білім көрсеткен оқушылар мақтау грамоталарымен және заттай сыйлықтармен марапатталды.

"Жаратылыстану мамандықтар" кафедрасы

O47A3525O47A3530O47A3533O47A3540O47A3587

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d