МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

ТАРАЗДЫҚ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ТАРАЗДЫҚ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

        Жуырда Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына үн қосу мақсатында «Филология және әлем тілдері» факультетінің «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы мен Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Есімдер әлемі» атты  республикалық форум өтті. Республикалық форумға Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысы мен Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

         «Есімдер елінде» тақырыбында ономастикалық атаулар туралы, оның аталу жағдайы мен тілдік ерекшеліктеріне байланысты жазылған үздік шығармалар марапатталды. Форумға Жамбыл облысынан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Филология» мамандығының 2-курс студенттері Байғазиев Асылбек, Қанатқызы Динара және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті Шапантаева Айдана, Б.Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназиясының 4-сынып оқушысы Саурықов Бауыржан, осы мектептің 7-сынып оқушысы Асамбай Жалғас және Тараз қаласы №1 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Саурық Аружан қатысып, форум нәтижесінде университет студенті Байғазиев Асылбек пен Б.Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназиясының 4-сынып оқушысы Саурықов Бауыржан жүлделі 1-орынмен, ал №1 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Саурық Аружан жүлделі 2-орынды иеленді.

Жаңа әліпбиге көшу – ұлттық модернизацияның мызғымас бөлігі

                  Жаңа әліпбиге көшу – ұлттық модернизацияның мызғымас бөлігі       Латын қаріпіне көшу мәселесі – үлкен тарихи оқиға. Елбасының сарабдал саясаты мен көрегендігі, іскерлігі мен қырағылығы арқасында бұл тарихи оқиға да шешімін тауып, соңғы нүктесі қойылу үстінде.
     Осыған орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мен Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен ТИГУ-да Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңа әліпбиге көшу – өркениеттік таңдау, ұлттық модернизацияның, жаңғырудың мызғымас бөлігі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
      Конференцияның негізгі мақсаты – межелі жоспарлар, үлкен дайындықтар, толағай жұмыстар мен үлкен сараптаулардың нәтижесінде қазақ елінің төл әліпбиінің  ұсынылған нұсқасы бойынша қорытынды пікірлер мен талдаулар жасай отырып, жалпы латын графикасына негізделген қазақ жазуын халыққа үйрету методикасы, таратылу мүмкіндігі, жалпы ұсыныс, пікірлерді ұсына отырып, латын графикасын пайдалану барысында қазақ тілінің мәртебесін арттыруға байланысты қорытындылар жасау.    Іс-шараны филология ғылымдарының докторы Қасиет Молғаждаров ашып, жүргізіп отырды. Кіріспе сөз сөйлеген Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов пен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева профессор-оқытушылар құрамы мен мұғалімдерді конференцияның ашылуымен салтанатты түрде  құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІК

2018 жылдың 10 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Бұл – тәуелсіздік алғалы бері Елбасының халыққа жолдаған 21-ші жолдауы.

Бұған дейін елімізде ұзақ мерзімді қабылданған стратегиялық бағдарламалар жасалған. Олардың тиісті дәрежеде жүзеге асып жатқандығын Елбасы өз сөзінде атап өтті. Сонымен қатар, мемлекетіміздің жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясаты биылғы Жолдаудың негізгі ерекшеліктерін айқындап берді. Мәселен, 2017 жылы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуы, Халықаралық ЭКСПО мамандандырылған көрмесінің өтуі, Конституциялық реформалардың жүргізілуін айтуға болады.

Осыған дейінгі Жолдауларда негізінен әлеуметтік және экономикалық мәселелерге, ал биылғы Жолдауда технологиялық бағытқа ерекше көңіл бөлініп отыр. Соның дәлелі ретінде, Жолдауда цифрлық технологияға көшу, интеллектуалдық басқару жүйесін қолға алу мәселелерінің бірнеше рет қайталанып отырғандығын айтуға болады.

Сондай-ақ, энергия үнемдеудің экологиялық тазалығы және оның тиімділігі туралы баса айтылған. Алдымызға қойылып отырған бұл міндеттер, былтырғы өткен ЭКСПО көрмесі жаһандану кезеңінде заманауи инновациялық технологияларды меңгерудің қажеттілігін көрсетіп отыр.

Өздеріңіз білетіндей, 2009 жылдан бері Қазақстанда Жаһандық экологиялық қордың қаржыландыруымен БҰҰ Даму бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Алдымызда қойылып отырған меже – дамыған 30 елдің қатарына ену. Олай болса, осыған жетудің негізгі талаптарының бірі – «Жасыл экономикаға» көшіп, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.

Жаңа стратегиялық бағдарламада Елбасы еліміздің 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ететіні туралы баяндай отырып, дамудың ендігі міндеттерін белгілеуге мүмкіндік берді. Елбасы Жолдауында Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі үлгісінің қалыптасқандығын, «көл-көсір мұнай» дәуірінің аяқталып келе жатқандығын, осыған орай, төртінші өнеркәсіптік революция элементтеріне негізделген дамудың жаңа сапасына көтерілу қажеттігін атап көрсетті.

Елбасымыз осы жылдары қалыптастырған әлеуетімізді одан ары дамыту қажеттігін, «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 60 бағытының жүзеге асырылғандығын, ұзақ мерзімге негізделген басқа қадамдарының орындалуда екендігін, төртінші революция әлеміне кіру үшін қажетті бағдарламалардың бар екендігіне тоқталды.

Елбасы барлық аграрлық кешеннің шикізатты өңдеп, әлемдік нарықта жоғары сапалы дайын өнімдерді көбейтуге түбегейлі бет бұрудың маңыздылығы «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігін атап өтті. Осыған орай, университеттердің диплом берумен ғана шұғылданбай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін, ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауын, біздер, ЖОО-ы профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдары маңызды міндет екендігін терең түсінеміз. Мұның өз кезегінде бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін дамытуға мүмкіндіктер беретіндігі белгілі.

Жолдаудың «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші бағыты білім берудің жаңартылған озық жүйесін ұсынып отыр. Қазақстандық педагогтардың білім берудегі негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болатын және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Сонымен қатар, бұл бағытта қазіргі заман талабына сай педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру міндетін білім саласының қызметкерлеріне жүктеп отыр. Өз кезегінде облысымыздың ЖОО да, солардың ішінде Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде педагогикалық, техникалық, экономикалық, жаратылыстану бағыттарында 30-дан астам профессор-оқытушылар мен қызметкерлер әлемнің және республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктілігін арттырып, кәсіби шеберліктерін шыңдады.

Заман талабына сай «Тілдердің үштұғырлығы» және осыған байланысты ағылшын тілін меңгеру, қазақ тілінің терминологиясын бүгінгі күнге лайықтау, аударма жасауды нақтылай отырып, қазақ тілін халықаралық деңгейге жеткізу жолында сала мамандары үлкен белсенділікпен еңбек етуі қажет.

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін дамытып, жетілдіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізу бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі екендігін есте ұстаған жөн. Осыған байланысты, университетімізде латын графикасына көшуге орай бірқатар жұмыстар да атқарылуда. Оның ең бастысы – «Рухани жаңғыру мақаласындағы Қазақ әліпбиін латын қаріпіне көшіру» жобасы ұсынылды. Бұл жобадан күтілетін нәтижелер: жаңа латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі бекітілгеннен кейін емле-ережеге қатысты 2000 дана теориялық және әдістемелік оқулықтар шығару, облыс аудандары мен Тараз қаласы бойынша 500 филолог-мамандарға арналған курстар ұйымдастыру, онлайн негізінде электронды сабақ үлгілерін дайындау.

         Қазіргі таңда оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтыру, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту қажет.

Цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру мақсатында қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында жоспарланған 120 іс-шара цифрлік саланың экономиканың жаңа саласы ретінде іргетасын қалап, басты бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Олар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру».

«Цифрлық Қазақстан» адам өмірнің барлық салаларын қамти отырып, мемлекетіміздің әрбір тұрғынының өмір деңгейін жоғарылатуды көздегендіктен бағдарлама пайдасын халық, кәсіпкерлік субьектілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары көреді. Алдын-ала белгілі болған есептеу бойынша 2025 жылға қарай экономиканы цифрландырудан болатын тікелей әсер 1,7 – 2,2 трлн. теңге көлемінде қосымша баға жасауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында алға қойған бәсекелестігі жоғары 30 мемлекет қатарына 2050 жылға қарай енуіне жол ашатын басты фактор болатынына сенімдіміз.

«Цифрлі Қазақстан» бағдарламасы бойынша «креативті қоғам» құру, басқаша айтқанда, адами капиталды дамытудың бір жолы - халықтың цифрлік сауаттылығын арттыру және ақпараттық-коммуникациялық сала мамандарының біліктілігін көтеру болып табылады. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Цифрлі Қазақстан», «Ақпаратты Қазақстан - 2020» бағдарламалары жүйелі түрде іске асырылуда.

         Қазіргі кезеңде біз классикалық университет моделінен «smart- университет» моделіне ауысу мақсатында университеттің «IT-стратегиясы» әзірленді. Ондай модельге ауысуда цифрлық технологиялар негізінде университеттің бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігі жасалады, яғни университеттің   “smart-әлемі” қамтамасыз етіледі. Университетте бірыңғай ақпараттық жүйе құрылып,   соның негізінде «UNIVER» (юнивер) электронды ақпараттық порталы арқылы оқу орнының барлық автоматтандырылған жүйелері басқарылады.

        Бұл жүйенің негізгі міндеттері: электронды түрде білім беру қызметінің сапасын көтеру, қағаз түріндегі құжаттар арқылы қызмет көрсету мәселелерін азайту. Қабылданған IT- стратегияның келесі қадамы болып студенттерге қызмет көрсетуге арналған «STUD. SERVICE _TIGU» орталығын құру болып табылады.

«Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін осы цифлық кеңістікте  білім алушылар бірқатар анықтамалар мен құжаттарды қағаз жүзінде де, сонымен қатар электронды түрде де алу мүмкіндігіне ие болады. 

Елбасы саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің негізінде экономикамызды, саясатымызды және санамыздың жаңғырғандығы, технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне серпін берілгендігі, конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түскендігі қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры екендігін мазмұндай келіп, «жаңа заманға сай болу үшін Төртінші революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек», - деп атап көрсетті.

Олай болса, Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру – әрбір қазақстандықтың басты азаматтық борышы деп санаймын.

Ерболат САУРЫҚОВ,

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР ҰҒА Құрметті академигі,

Жамбыл облыстық маслихатының депутаты

АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРҒА ЖОЛДАУДЫ ТҮСІНДІРДІ

АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРҒА ЖОЛДАУДЫ ТҮСІНДІРДІ42

    Университетте мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесі мүшелері мен студент жастардың кездесуі өтті. Жиынға Еркінбек Солтыбаев бастаған Ардагерлер кеңесінің мүшелері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесуді ашып, жүргізіп отырған облстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы: - Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру – қоғамымыздың дамуына үлкен жол ашады. Түрлі саланың қарыштап алға қадам басуы – мемлекетті басты мақсаты, діттеген меже – әлемдегі дамыған алғашқы 30 елдің санатына енуге әкеледі. Демек, Жолдаудың әрбір тармағына баса назар аудару қажет, - деп сөзін сабақтады. Одан соң, Жолдау жүктеген басым бағыттар туралы ТИГУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Еркін Ақтаев пен Тараз қаласының «Құрметті азаматы» Оңласын Есіркепов баяндама жасады. Сонымен қатар, Тараз қалалық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Дүкенбай Ермеков пен университеттің оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Мұрат Жұмаділдаев өз ойларын ортаға салып, пікір білдірді. Жиылған көпшілік аумалы-төкпелі нарықтық заманда дұрыс саясат ұстанып, халықтың тұрмысын түзеп, әлеуетін арттыратын реформалар мен бағдарламалар жасап отырған Елбасының бұл Жолдауын іске асыруда аянбай еңбек етуге шақырып тарқасты.

ТИГУ баспасөз орталығы

Жолдауды қолдау 77 телеарнасы

ЖОЛДАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

                              Жолдау маңыздылығы түсіндірілді       2018 жылдың 10 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Осыған байланысты университет профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және жастардың қатысуымен жиын өтті. Іс-шараны университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Саурықов ашып, жүргізіп отырды.
      Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген негізгі 10 бағыт бойынша университет ғалымдары арнайы баяндамалар жасап, Қазақстанның қарыштап дамуы, озық 30 елдің қатарына енуі үшін 10 бағыттың маңызы зор екендігі айтылды. Студент жастар да елді дамыту үшін барынша білім, ғылыммен шұғылданып, техника тілін меңгеру қажеттігін жеткізді.
ТИГУ баспасөз орталығы

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d