МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

2018 жылдың 30-31 мамыр аралығында Қазақстан-АҚШ жоғарғы оқу орындары ректорларының ІІ серіктестік форумы өтті. Филадельфия (АҚШ).

 

forum 4

2018 жылдың 30-31 мамыр аралығында Қазақстан-АҚШ жоғарғы оқу орындары ректорларының ІІ серіктестік форумы өтті. Филадельфия (АҚШ).  

    Қазақстан-АҚШ жоғарғы оқу орындары ректорларының ІІ серіктестік форумына Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы қатысты.

forum 5      Қазақстан делегациясының құрамы төмендегідей: ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Балықбаев Такир, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ахметова Гаухар, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ресторы Жаутиков Бахыт, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Аяшев Оңалбай, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Саурықов Ерболат, Асемгуль Молдажанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры, Алматы энергетика және байланыс университетінің директорлар Кеңесінің төрағасы Томанов Махмут, Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сагинтаева Сауле, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Айменов Жамбыл, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің интернационализациялау жөніндегі проректоры Carla De Vereaux, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Торебекова Зулфия, С.Торайғыров атындағы ПМУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры  Қайырбаева Ақмарал.
      Форумға қатысушыларды Принстон университеті және Пенсильвания университеті қабылдады.
      2018 жылы 30 мамырда Форум аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған  Брифингте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық білім беру институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.forum 6forum 1     «АҚШ пен Қазақстан арасындағы әріптестік қатынастардың қазіргі басымдықтары» атты дөңгелек үстелде АҚШ пен Қазақстан университеттері, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Халықаралық білім беру институтының  өкілдері сөз сөйлейді.
     Сондай-ақ, қазақстандық жоғары оқу орындары мен американдық институттар мен университеттер арасында В2В кездесулер ұйымдастырылды.
      Ынтымақтастық академиялық ұтқырлық, магистранттарды тағылымдамадан өткізу, шетелдік оқытушылар құрамымен алмасу, тілдік құзыреттілікті арттыру сияқты бағыттарда жүзеге асырылады.forum 7forum 2    Халықаралық білім беру және алмасу саласында жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі коммерциялық емес ұйым - Жоғары білім қызметкерлері халықаралық ассоциациясы NAFSA –ға 70 жыл толады.
    NAFSA әлемнің 150-ден астам елінде 3500-ден астам мекемелерде 10 000 мүшесі бар. (NAFSA-2018 аясында өткізілетін президенттер мен ректорлар саммиті 31 мамырда өтеді.  Қазақстан делегациясы барлық университеттерінің президенттері мен ректорларымен кездесті).
    Осыған байланысты NAFSA форумға көрме залдарын кең ауқымда даярлады, ол жерде әрбір жоғары оқу орындары өздерінің жоғары білім саласындағы жетістіктерін жариялай алады.forum11   Көрме залында Жоғары білім жәрмеңкесінде американдық университеттер отандық университеттермен әріптестік байланыс орнатып, қазақстандық жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасты нығайтады.forum10

Pre-Day II Халықаралық форумы, Алматы қаласы

Pre-Day II Халықаралық форумы, Алматы қаласы

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің  ғалымдары   29-30 мамырда Алматы қаласында  «Жылдам дамып жатқан  қоғамда  кәсіпкерлік білім беру: құндылықтар трансформациясы» тақырыбындағы өткен Pre-Day II Халықаралық форум жұмысына  белсенді атсалысты.1     ТИГУ –ден Агробиологиялық ғылыми зерттеу  институтының директоры Муслимов Нұржан Жомартұлы және Ішкі сапаны қамтамасыз ету басқармасының бастығы Махмудова Ләззат Кемаловна қатысты.
      Pre-Day II Халықаралық форумының жұмысына  қазақстандық және халықаралық сарапшылар, жылдам өзгеріп отырған қоғамда заманауи кәсіпкерлік білім беруді қалыптастыратын құндылықтар мен басым бағыттарды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпкерлік және академиялық секторлардың  өкілдері қатысты.
       Халықаралық форум жұмысының барысында  «Білім беру мен оқытудағы дизайн ойлау және бизнес» тренингі өтті.2- Кәсіпкерлік білім беру Ассоциациясының төрағасы, AlmaU білім беруді дамыту институтының директоры, бірінші проректоры - Қанағатова Алмагүл Медихатовна;
- Кәсіпкерлік білім беру жобалары орталығының (Ресей) басшысы - Данилова Алла Евсеевна;
- ERG ішкі коммуникациялар департаментінің директоры - Косаева Фатима Конысовна және т.б.  тұсаукесер жасады.3

Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Ынтымақтастық меморандумына қол қойдыO47A2539

     2018 жылдың 28 мамыры күні сағат 15:00-де Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында Қырғызстан Республикасы Талас мемлекеттік университетінің делегациясы мен басшылығының қатысуымен екі жақты ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарттың негізгі мақсаты – тараптар ғылыми және инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлеу әрі өзекті ету, тепе-теңдік пен өзара тиімділік қағидаты негізінде барлық қажетті жағдайды жасай отырып, мамандарды жоғары сапада даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтеруге бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықтың болуына ықпал ету болып табылады. O47A2575    Мәжілісті Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Аширбеков Санат Сагинбекович жүргізіп отырды.
     Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ректорының міндетін атқарушы Дубский Юрий Васильевич келген қонақтарды құттықтап алдағы уақытта бірлесіп жасайтын жұмыстарға сәттілік тіледі.
    Талас мемлекеттік университетінің ректоры Упенов Айбек Шерипбекович өзінің келген сапары жөнінде қысқаша баяндай келе, екі жақты келісімшартқа отырудың маңыздылығына тоқталды.
    Сондай-ақ, келген қонақтар жалпы оқу ғимараттарымен танысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

МИТ бөлімі

O47A2368O47A2437O47A2475O47A2547

«Тұлғалық бағытталған оқыту. Оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбына авторлық семинар–тренинг өтуде

         «Тұлғалық бағытталған оқыту. Оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбына авторлық семинар–тренинг өтудеO47A0682

        Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінде 2018 жылғы 16 -26 мамыр аралығында «Тұлғалық бағытталған оқыту. Оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбына авторлық семинар –тренинг өтуде. Тренигті шебер-тренер Шакиров Рашид Хайдарович өткізуде.O47A0570

Инновациялық-әдістемелік сектор жетекшісі Шымыр Ж.А.

O47A0596O47A0649

«Модернизация және техникалық қайта жарақтандыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Модернизация және техникалық қайта жарақтандыру»
атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      2018 жылдың 23-мамырында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің акт залында «АУЫЛ» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Модернизация және техникалық қайта жарақтандыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

24 05 18 7       Конференцияға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының хатшысы Жексембин  Бөрібай Биқожаұлы және Жамбыл облысы ауылшаруашылығы басқармасы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жамбыл облысы филиалы саяси кеңес мүшелері, депутаттар, аудандық саяси кеңес мүшелері, профессор-оқытушылар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
      Бірінші болып «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, профессор Саурықов Ерболат Байұзақұлы баяндама жасады. Келесі кезекте «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының  хатшысы  Жексембин  Бөрібай Биқожаұлына сөз берілді. Сонымен қатар баяндама жасау үшін сөз Жамбыл облысы ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Құлкеев Ерлан Елубайұлына берілді. Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының  эксперті Ешанкулов Сабыржан Абдусаматұлына баяндама жасады. Баяндаманы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры, профессор Балғабаев Нұрлан Нұрмаханұлы жалғастырды. Сөз баяндама жасау үшін «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, профессор Қарымбаев Аманбай Қамбарбекұлына берілді.
     Конференция өз жұмысын аяқтаған соң, «АУЫЛ» ХДПП Жамбыл облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, «АУЫЛ» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының кеңес мүшелері, «АУЫЛ» ХДПП аудандық филиал төрағалары Ауыл» ХДПП хатшысы Жексембин  Бөрібай Биқожаұлының бастауымен Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округінде орналасқан Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтында шаруа қожалығы басшыларымен, кәсіпкерлермен, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылшаруашылығында болып жатқан біраз мәселелер қозғалды. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.24 05 18 1      Қорытындылай келе, «Ауыл» ХДПП хатшысы Жексембин  Бөрібай Биқожаұлы жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді және «АУЫЛ» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Саурықов Ерболат Байұзақұлы облыстық филиал жұмысын ары қарай жандандыра беретінін айтты.

Нұрғабылов Мұрат Нуридинұлы,
«Ауыл» ХДПП ЖОФ кардинаторы

24 05 18 224 05 18 324 05 18 424 05 18 524 05 18 624 05 18 8

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

vipus

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d