Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Жауапты хатшы

Asabai Kaltai Arynuly

Аты-жөні: Асабай Қалтай Арынұлы
Туған жылы, айы, күні: 11.12.1948
Білімі: жоғары
Мамандығы: инженер – экономист
Бітірген оқу орны: Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық иниституты
Университеттегі қызметі: Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы
Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты

Асабай Қалтай Арынұлы 11 желтоқсан 1948 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаратау ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.
1956 жылы Қаратау ауылындағы бастауыш мектепке барып, 1965 жылы Жуалы ауданы Күйік сегіз жылдық мектебін бітірген.
1965 жылы Жамбыл есеп-санақ техникумына 1968 жылы «ауыл шаруашылық бухгалтері» мамандығы бойынша үздік бітірген.
1968-1969 жылдары Облыстық мүгедектер үйінде бас есепші қызметін атқарған.
1969 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына түсіп 1974 жылы «Тұрмыс қажетін өтеу экономикасы» мамандығын бітірген.
1974-1977 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты«Экономика» кафедрасының оқытушысы.
1977-1980 жылдар арлығында ҚРҰлттық Ғылым Академиясы Экономика институтының аспиранты. 1991 жылы «Жеңіл өнеркәсібі негізгі қорлары мен өндірістік қуаттарын пайдалану тиімділігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1980-1992 жылдар аралығында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында аға-оқытушы, доцент қызметін атқарушы болып істеген.
1993-1997 жылдар аралығында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі: технологиялық институты «Экономика» кафедрасының меңгерушісі.
1997-1998 жылдар аралығында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі: технологиялық институтының бас бухгалтері.
1998-2000 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі экономикасы» кафедрасының меңгерушісі.
2000-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде«Экономика және басқару» факультетінің деканы.
2001-2003 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде«Экономика» кафедрасының меңгерушісі.
2003-2004 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің Тараз бөлімшесінде«Құқықтану», «Экономика» факультеттерінде декан қызметтерін атқарған.
2005-2007 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің Тараз бөлімшесінде директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасар қызметін;
2007-2011 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің Тараз бөлімшесінде«Экономика» факультетінің деканы;
2012-2014 жылдар аралығында Тараз иннновациялық-гуманитарлық университетеінде «Жалпы және ұйымдастыру жұмыстары» жөніндегі проректор;
2014 жылдан бастап Тараз иннновациялық-гуманитарлық университетеінде қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және «Экономика және құқық факультетінің» деканы қызметін атқаруда;

Негізгі ғылыми бағыты: Өндіріс саласының негізгі қорлары мен қуаттарын тиімді пайдалану жолдарын қарастыруға арналған. Аталған мәселелерге байланысты 40-тан астам мақалалары ақпарат беттерінде жарық көрген.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, 2005 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

Мекен-жайы, байланыс телефоны, электронды поштасы: Тараз қаласы, 5 Ташкент бұрылысы,23
Үй телефоны: 8(7262) 56-57-77, жұмыс телефоны: 8(7262)54-11-27, ұялы телефоны: 87052229206, 87012229208
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер