АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ
АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Ж.МАЙХАНОВ

IMG 3166

       Майханов Жәнібек 01.08.1939 ж. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Коминтерн ауылында дүниеге келген. 1956 ж. Шу ауданындағы  М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, 1963 ж. Шымкент педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітірді. Еңбек жолын Шу ауданындағы Ленин атындағы орта мектепте 1963-64ж. мұғалімдік қызметінен бастаған.
       2012-13 оқу жылынан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Мемлекеттік тілді дамыту» бөлімінің бас маманы қызметін атқарады.
       Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 2013 жылында «Мемлекеттік тілді дамыту» бөлімі құрылды. Бөлімнің негізгі мақсаты- мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, студенттерге сапалы білім берумен қатар, оқу орнындағы орыс тілді оқытушылармен қызметкерлерге қазақ тілін үйрету курстарын ұйымдастыру.
       Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, курс тыңдаушыларына сапалы білім беру мақсатында оқу орнындағы орыс тілді оқытушылар мен қызметкерлерге «Қазақ тілін үйрету» курсында жалғастырушы деңгейдегі топ (Ж-2-12) өзінің жұмысын 2013 жылдың ақпан айынан бастап, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тілді оқыту» орталығының куәліктері 19 тыңдаушыға берілді.
       2014-2015 оқу жылынан бастап, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде бұрын құрылған «Мемлекеттік тілді оқыту» бөлімі, «Тілдерді дамыту» бөлімі болып өзгертулермен толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты жаңадан жабдықталған кабинетте қазіргі күннің талабына сай барлық техникалық-әдістемелік құралдарды тиімді пайдалана отырып, қазақ, ағылшын, қытай, кәріс, түрік тілдерінде бекітілген кесте бойынша студенттер мен тыңдаушылардың арасында тіл үйрену мақсатында практикалық сабақтар өткізіліп тұрды.
        2014-2015 оқу жылынан бастап шетел тобында қазақ тілінен сабақ жүргізіле бастады. Топта 6 тыңдаушы оқыды. Олардың барлығы да Оңтүстік Корея Республикасының азаматтары.
     Оқу жылының қорытындысы бойынша оларға Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Қазақ тілін» оқытудың бір жылдық курсын бітіргені туралы сертификаттар тапсырылды.
         Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 2013 оқу жылынан бастап бастауыш ардагерлер ұйымы құрылды.
       Бастауыш ардагерлер ұйымында  42 зейнеткер есепте тұрады. Ардагерлер кеңесінің құрамы 7  адамнан сайланған.  Олардың барлығы да тұрақты комиссиялардың жұмысына белсене араласып үнемі қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүреді.
      Жыл сайын оқу жылының басында, профессор-оқытушылар құрамынан жас оқытушы мамандарға кафедралардың шешімдерімен тәжірибелі тәлімгерлер бекітіледі.  
      Бұл орайда ардагерлеріміз Ә.Зулхарнаев, І.Әбітбеков, Ж.Аягөзов,  А.Белботаев, С.Әбдікерімов, К.Саржанова, Т.Галагузова секілді абзал жандар өз тәжірибесімен, білімін өкшесін басып келе жатқан жастарға үйретуде.
      Ардагерлер кеңесі қызметінің мақсаты (зейнеткрлердің құқықтарымен бостандықтарын қорғау, олардың лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады).
Бастауыш ардагерлер ұйымының қызметінің мақсаттары:
-    Қоғамдық бірлігін, келісімімен тұрақтылығын нығайту жөніндегі жұмысқа қатысу;
-    Ардагерлердің тұрмыс жағдайын, оларға қызмет көрсетудің мәдени –тұрмыстық, медициналық және басқа түрлерін жақсартуға жәрдемдесу;
-    Отан қорғаушыларды, және еңбек ардагерлерін мәңгі есте сақтау;
-    Ардагерлердің жастарды аға – ұрпақтың жауынгерлік және еңбек даңқы дәстүрінде, ата-бабаның үздік халықтық тәрбиелеуге, оларды казазстандық патриотизм сезіміне баулуға қатысады;
-    Университет ғылыми кеңесі және ректорат жұмыстарына қатысу;
-    Университет кәсіподақ ұйымымен тәрбие және жастар бөлімімен тығыз байланыста болу;
       Ардагерлерді әлеуметтік жағынан қорғау назардан тыс қалып көрген емес. Әрбір жаңа оқу жылында университет басшылығы ардагерлер ұйымының белсенді мүшелерін «Ғұмыр-Дария»  газетіне тегін жаздыруды қамтамасыз етеді. Ал кәсіподақ комитеті тарапынан, соңғы 4 жылдың көлемінде 45 ардагерге шипажайлар мен сауықтыру орындарына жолдамалар берілді.  Ардагерлердің мерейтойлары үнемі аталып отырады.
       ҚР ардагерлер ұйымының 30 жылдығы қарсаңында 3 ардагеріміз (Ж.Майханов, Ә.Зұлқайнаров, Қ.Бөлеев) «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігіне 30 жыл мерекелік медалімен марапатталды.

 Электрондық пошта                                This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d