...Хабарландыру! ... Құрметті әріптестер, магистранттар! ... Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі

Sikhaeva Kundyz

Аты-жөні: Сихаева Кундыз Мейрхановна
Туған жылы, айы, күні: 29.05.1975
Білімі: жоғары
Мамандығы: Қаржы және несие
Бітірген оқу орны: М.Әуезов атындағы ОҚМ
Университеттегі қызметі: Бөлім бастығы

жұмыс телефоны: +8 (7262) 511355   
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 
Заң ғылымдары магистрі                                                       
1975 жылдың 29 мамырында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка селосында дүниеге келген.
1992-1996 жылы «Элтекс» Жамбыл жоғарғы кәсіпкерлер мектебін «Маркетинг және коммерция»  мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2002-2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2012-2014 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, заң ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1996 жылдың тамыз айынан Алматы қаласында «Family group» компаниясында офис-менеджер қызметінен бастады.
Қазіргі таңда 2011 жылдың 1 қыркүйегінен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Ұйымдастыру және кадр жұмыстары» бөлімінің бастығы қызметін атқаруда.
Бас маман: Пазылхан Аида Қанатқызы
Маман: Бекова Шолпан Баймаханқызы
Маман: Жакежан Фарида Ермаханқызы

 

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:

  1.  

 

Университет кадрларын біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттері негізінде іріктеп, басшылыққа ұсыну;

  1.  

Алған мамандықтары мен кәсіптеріне байланысты қызметкерлерді қабылдауға, ауыстыруға бұйрық дайындау, тәжірибеден өту және біліктілікті көтеру жұмыстарын өткізуге атсалысу;

  1.  

Мамандарды ауыстыру бойынша жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыру;

  1.  

Қызметкерлердің аттестациясын ұйымдастыру, аттестация нәтижесін сараптау, аттестациялық комиссияның шешімдерін іске асыру бойынша іс-шаралар жасау; 

  1.  

Қызметкерлерді бағалаудың кешенді жүйесі мен олардың іс-әрекеттерінің нәтижесін жасауға, аттестация жүргізудің жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу;

  1.  

Бөлімнің жұмысын ғылыми-әдістемелік жақтан қамтамасыз ету, материалды-техникалық және ақпараттық базасын жаңарту, қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдана отырып жаңа кадрларды басқару әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу; 

  1.  

Бөлім жетекшілерінің нормативті құқықтық актілерін орындау, ректордың кадрлар саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері жөнінде бұйрықтарын дайындау;

  1.  

ҰжКБ жұмысын жүйелі сараптау және дамыту жөнінде ұсыныстар жасау.

  1.  

Университетті ғылыми-педагогикалық кадрлар, оқу-көмекші персонал қызметкерлер, шаруашылық қызмет және әкмшәләк басқару аппаратымен жасақтау;

  1.  

Кадрдың сандық және сапалық құрамы, дамуы мен қозғалысы туралы мәліметтер жинау және жасау;

  1.  

Кадрға деген қазіргі және болашақтағы сұранысты анықтау және қанағаттандыру көздерін табу;

  1.  

Университет кадрлар саясаты және ұстанымын жасауға қатысу.

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі университеттің ғылыми педагогикалық кадрларын, оқу-көмекші персонал қызметкерлерін, шаруашылық қызмет және әкімшілік басқару аппаратын жасақтаумен айналысады. Қазақстан Республикасы Заңдары мен басқа да нормативті құқықтық актілерін, персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және «Зейнет ақымен қамту» заңын, университет Жарғысын, ректордың бұйрықтары мен нұсқауларын, осы Ережені басшылыққа алады. Университет қызметкерлерін, профессор-оқытушылар құрамын бос орынға конкурс өткізу барысын  ұйымдастыру, олардың әдістемелік және ақпаратпен қамтамасыз етуін, конкурс нәтижесін сараптауды ұйымдастыру, конкурс комиссияның шешімдерін іске асыру бойынша іс-шаралар жасау. Біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттері негізінде кадрларды іріктеп, басшылыққа ұсыну және бөлім жетекшілерінің нормативті құқықтық актілерді орындауын, сонымен қатар ректордың кадрлар саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері жөніндегі бұйрықтарын орындалуын қадағалауда атқаратын рөлі өте жоғары. Көздеген мақсаттарға жету үшін ҰжКБ университеттегі кадр жұмыстарын жылдам сапалы жүргізуге мүмкіншілік беретін сапа менеджменті жүйесінің заманауи құралдары мен әдістерін кеңінен қолданады Қазіргі кезде бөлімде төрт жоғары білімді және де мол тәжірибесі бар қызметкерлер жұмыс атқарады:

«Қаржы-экономикалық» бөлім

«Қаржы экономикалық» бөлімі

Andreeva Gulnara Muratbekovna«Қаржы – экономикалық» бөлімінің бастығы Андреева Гулнара Муратбековна 1976 жылы 14 наурызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 1993-1998 жылдар аралығында Жамбыл  жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық университеті «Инфраструктурадағы экономика» мамандығын қызыл дипломмен алып шықты.


Қаржы экономикалық бөлімінің құрамы:

  1. Аликулова З.А. - экономист
  2. Нуркина Э.Н. - бухгалтер
  3. Асабаева Ж.Ш. - бухгалтер
  4. Онланбекова А.И. - бухгалтер
  5. Жунисова Э.Ф. - бухгалтер
  6. Кадинова Н.З. - кассир

buhgalteriya

«Қаржы – экономикалық» бөлім мақсаты мен ережесі:

  • «Қаржы экономикалық» бөлім университеттің бухгалтерлік есеп жұмыстарын орындайтын және қаржы шаруашылық іс - әрекеттердің жағдай мен нәтижелерін сараптайтын және бақылайтын құрылымдық бөлімі болып табылады, бас бухгалтерге бағынады;
  • өз қызметінде бухгалтерия университет Жарғысын, Ережесін, «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңды, Бухгалтерлік есеп және есептік бойынша ҚР Мемлекеттік комиссиясының шешімдерімен бекітілген Бухгалтерлік есеп стандарттарын, ҚР «Еңбек туралы», «Білім беру туралы» Заңдарын, ҚР Салық кодексін, қолданыстағы ҚР заңнамалық актілерін, шешім мен ұйғарымдарын, университеттің Үкіметаралық өкілетті кеңес шешімдерін, университеттің әдістемелік, нормативтік материалдар негізінде әзірленген ережелерін басшылыққа алады;
  • «Қаржы – экономикалық» бөлім өз қызметін атқаруда тікелей университет ректорына бағынады;
  • «Қаржы – экономикалық» бөлімі еңбек заңында белгіленген тәртіппен ректордың бұйрығы бойынша қызметке тағайындалатын бас бухгалтер басқарады.

«Қаржы – экономикалық»бөлім құрылымы:

  • Бухгалтерия құрылымы мен штаттық кестесін жұмыс көлеміне және мамандары мен қызметкерлердің нормативіне байланысты университет ректоры бекітеді;

Бухгалтерия құрылымы мына топтардан тұрады:

  • негізгі жабдықтар;
  • материалдық емес;
  • қаржылық кірістер;
  • өндірістік қорлар;
  • қызметкерлермен есептесу;
  • ақшалай қаражаттар;
  • жиынтық есепке алу және есептер, т.б.

«Қаржы экономикалық» бөлімінің функциялары:

  • Университет ұсыну үшін оқу бөлімімен бірге оқу жылындағы профессор-оқытушылар мен оқу-көмекші персоналы санын анықтауға дайындық;
  • персоналдың барлық категориялары бойынша жылдық штат кестесін жасау және оны ректорға бекітуге ұсыну;
  • негізгі қорлардың есебін ұйымдастыру;
  • бюджеттің және бюджеттен тыс қаржыландыру бойынша сметалардың тоқсандық сараптамасы;
  • факультеттер мен құрылымдық бөлімдер мен жеке кассалық шығыстары мен кірістердің көздері бойынша есеп жүргізу;
  • зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша еңбекақыдан ұсталатын заңды салықтар туралы персоналмен есеп жүргізуді ұйымдастыру;
  • университеттің қаржы-экономикалық және шараушылық жұмыстарын экономикалық сараптау;
  • бухгалтерлік есеп беру және салықтық есеп.

Мекен-жайы: Желтоксан к-сі 69 Б
Тел. 8 7262 50-14-30

Тәрбие жұмыстары бөлімі

Тәрбие бөлімі

Nurkina Roza Nazarkyzy

Аты-жөні: Нуркина Роза Назарқызы
Туған жылы, айы, күні: 28.01.1962
Білімі: жоғары
Мамандығы: Биология
Бітірген оқу орны: Шымкент университеті
Университеттегі қызметі: Тәрбие бөлімінің бастығы

Бөлім мақсаты:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тәрбие бөлімі университеттің Халықаралық ИСО 9001 стандарттарына сай сапа саласындағы мақсаттарын (сапа менеджменті жүйесін жұмыс бабында ұстау және үздіксіз жақсарту нәтижесінде тұтынушылардың бүгінгі және болашақтағы сұраныс-талаптарына қызметкерлерді ұдайы бейімдеп, оны орындауға ұмтылу) жүзеге асыруда келесі мақсаттарды көздейді:

  1. Тәрбие үдерісі нәтижелерінің деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін формалар мен әдістерді пайдалану;
  2. Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді қамтамасыз ету;
  3. Материалдық және техникалық базаны дамыту;
  4. Студент жастарды қазақстандық патриотизм үлгісінде тәрбиелеу;
  5. Студенттердің университеттің қоғамдық өміріндегі азаматтық белсенділігін арттыру;
  6. Кураторлардың белсенділігін арттыру, оны рейтингтік жүйемен анықтау және бағалау, тәрбие беру қызметінің сапалық көрсеткіштерін жоғарылату.

 tarbie bolimy

Тәрбие бөлімі студент жастар бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу, жоғары азаматтық ұстанымды қалыптастыру мен шығармашылық қабілеттерді дамыту жұмыстарында Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, ҚР Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларын және университеттің Тұжырымдамасын басшылыққа алады.


Университеттің тәрбие бөлімі факультеттер, Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі мен Кураторлар кеңесі, Жастар ісі жөніндегі комитеті, студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі мен түрлі жастар ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
Университетте студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында түрлі бағыттар бойынша үйірмелер мен клубтардың жұмыстары ұйымдастырылған. Атап айтқанда «Дауылпаз» студенттік театры, «Эстрадалық әншілер» үйірмесі, «ТИГУ KZ» КТК командасы, «Tnt crew» бишілер ансамблі,  «Күлтөбе» дебат клубы, «Еркін пікір» пікір-сайысшылар клубы  және т.б.
Сонымен қатар универсиет жастары облыстық «Жас Отан» жастар қанаты, Студенттік альянс ұйымдарының мүшесі болып табылады. Университетте жалпы қоғамдық жастар ұйымдары мен үйірмелер жұмысына тартылған белсенді студенттерсаны жалпы студенттер санының  27% құрайды.


Университетте түрлі іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Олар: «Білім» күні мерекесі, «Біз таланттыларды іздейміз!», «Күз ханшайымы мен ханзадасы!» конкурсы, «Ару қыз» сұлулық байқауы, «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты рәсімі, профессор-оқытушылар мен студенттер арасындағы «Жұлдызды жұп» ән конкурсы, облыстық «Үкілі ару» сұлулық байқауы, «Диплом тапсыру» салтанаты және т.б.

Баспахана бөлімі

«Баспахана» бөлімі

Baylibekov Gani RahmeullauluАты-жөні: Байлыбеков Ғани Рахметұллаұлы
Туған жылы, айы, күні: 29.10.1981
Білімі: жоғары
Мамандығы: Тарих және география, Құқықтану
Бітірген оқу орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Университеттегі қызметі: Баспахана бөлімінің бастығы
Ғылыми дәрежесі: Тарих магистрі

«Баспахана» бөлімінің мақсаты мен міндеттері

Максаттары
Жұмыс процесіне жаңа технологияларды ендіру арқылы баспахана  бөлімінің сапасын арттыру және қазіргі талаптарға сай тұтынушылардың талаптарын ескере отырып сапалы қызмет көрсету. Баспахана бөлімінің қуаттылығын жақсарту бағытында материалдық-техникалық базаны жетілдіру үшін төмендегі құрал-жабдықтарға сұраныс жасау. Баспахана бөлімінің қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсатында мотивациялау және оқыту.
- бөлімдерден тапсырылған құжатты өз мерзімінде шығаруды 100%-ға орындау;
- 1 жылдық кітап шығару көрсеткішін шамамен 1300 данаға жеткізу.
- Университет кітапханасына бөлімнен шығарылған кітаптарды 1 жылда 800 дана өткізу.

Міндеттері
Баспахана бөлімі төмендегі міндеттерді атқарады:
- Баспахана  бөлімінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
- штат көлемін анықтап, бекітілген көлемде жұмысты бөлу; 
- жаңа технология түрлерін енгізу;
- жасалынған жұмыс жайында жарты жылдық және жылдық есебін өткізеді;
- университет қаражатына ғылыми, оқ-әдістемелік және арнайы әдибеттерді қайта басып шығару;
- университет факултеттері мен ғылыми кітапхана, оқ-әдістемелік ғылыми және арнайы әдибеттермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- автормен баспа жұмысы мәселесі бойынша кеңес өткізу.

Бөлім қызметкерлері

Атқаратын қызметтері

Мекен-жайы, тел,e-mail:

Байлыбеков Ғ.Р.

Бөлім басшы

Жамбыл данғылы 123,
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Болатқызы А.

оператор

Жамбыл данғылы 123,
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қырықбаев Б.М.

маман

Жамбыл данғылы 123,
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жанбосынов Б.Б.

әрлеуші

Жамбыл данғылы 123,
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жумашев Д.С.

маман

Жамбыл данғылы 123,
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ішкі қауіпсіздік бөлімі

Kasymov MuratАты-жөні: Қасымов Мұрат Көшенұлы
Туған жылы, айы, күні: 23.06.1950
Білімі: жоғары
Мамандығы: Инженер механик
Бітірген оқу орны: Қазақ политехникалық институты
Университеттегі қызметі: Бөлім бастығы

Видеогалерея

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер