Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Аппарат жетекшісі

Талгат Нурбеков

 

Аты-жөні: Нурбеков Талгат Балтабекович

Туған жылы: 1987 жылы 4 сәуір

Туған жері: Жамбыл облысы Тараз қаласы

Білімі: жоғары.

Қызметі: Аппарат жетекшісі

Бітірген оқу орны: ҚХТУ Тараз институты

Мамандығы: Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі әдебиетінің магистірі.

Жұмыс телефоны 8(7262) 501355

Эл. пошта: nurbekov_t.b@bk7ru

Мақсат-міндеті:

-Ректормен айқындалатын бағдарламалар мен міндеттерді іске асыру мәселесіне қатысты университеттің құрылым бөлімшелері басшыларының қызметін үйлестіру;

-Университеттің ішкі нормативтік актілерінің жобаларын дайындау;

-Университеттің құрылым бөлімшелері қызметтерін жетілдіруге бағытталған ішкі саясатты айқындау;

-Ректордың тапсырмаларының орындалуын бақылау;

-Еңбек тәртібін күшейту бағыттарына қатысты шаралар қолдану,

-университет қызметкерлері мен білім алушыларының әлеуметтік қолдау және құқықтық қорғау шаралары мен тәсілдерін айқындау;

-Университеттің құрылым бөлімшелері деңгейінде қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жүйелеу және оларды есепке алу;

-Құжаттама жүргізудің тәсілдерін айқындау,

-Университет және құрылым бөлімшелер деңгейінде құжаттардың сақталуын, мұрағаттық құжаттарды беру және сақтау тәртібін (ұдайы және уақытша) айқындау;

-Университет ректорының тапсырмалары негізінде іске асырылатын хаттамалық және басқа да іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру.

Осы Ережемен айқындалған міндеттерді іске асыру мақсатында ректор Аппараты:

-Университеттің құрылым бөлімшелері басшыларына сұраулар беру және берілген сұрауларға қатысты жауап алу және университеттің қызметіне қатысты басқа да қажетті мәліметтерді, құжаттарды және басқа да материалдарды;

-Университет ректорының жазбаша және ауызша берілген тапсырмаларының, бұйрықтарының және өкімдерінің орындалуы туралы ішкі тексерулер жүргізу;

-Ректор Аппаратының жетекшісі университет ректорының тапсырмасы негізінде, құрылым бөлімше басшыларын түрлі деңгейдегі университеттің түрлі қызметіне байланысты мәселелерді шешуге қатыстыру құқығын иемденеді.

Университеттің мүліктік және басқа да құқықтарын қорғау мақсатында, мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мәселесіне қатысты, мемлекеттік мүлікпен пайдалану барысын тексеру жұмыстарына қатысады.

                                     

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер