Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Аудитор

Pertaeva Elmira Kulibaevna

Пертаева Эльмира Құлибайқызы – аудитор, ф.ғ.к., АМА профессоры
Пертаева Эльмира Құлибайқызы 1976 жылы 11 қазанда  Тараз  қаласында туылған.
1993 жылы  Тараз педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, 1997 жылы Жамбыл университетін үздік дипломмен бітірген.
1997-2000 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің аспирантурасына түсіп, 2001 жылы академик Тұрсынбек Кәкішұлының жетекшілігімен «Дулат Бабатайұлының ақындығы» (10.01.02- қазақ әдебиеті)  тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.
2001-2006 жж. «Тараз» институты «Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі, «Әлем тілдері» кафедрасының доценті;
2006-2007 жж. «Тараз» институтының Ғылыми жұмыс және Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры;
2007-2008 жж. Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті ректорының Ғылыми жұмыс және Халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары;
2008 жылдың қаңтар айынан А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты директорының Ғылыми жұмыс және Халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары;
2008-2009жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты «Филология» факультетінің деканы;
2009-2010жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты «Жалпы тілдер және қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі;
2010-2012жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доцент м.а., «Тәлімгерлер кеңесінің» төрайымы;
2012 жылдың қыркүйек айынан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аудиторы, «Филология» кафедрасының доценті;
2013 жылдан 2016 жылға дейін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Сапа менеджменті және аудит» бөлімінің бастығы; 
2016 жылдан бастап – аудитор.
2012 жылы Аймақтық менеджмент академиясының профессоры.
2013 жылы Аймақтық менеджмент академиясының профессоры төс белгісімен марапатталды. 
2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 5 жылдығына орай «ТИГУ-5 жыл» төс белгісімен марапатталды. 
Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша, 2007 жылы  «Қазақ ғылымы кім, не, қайда, қашан?»  анықтамалығына енген.  
2009 жылдың қазан айының 5.09.-7.09. аралығында Ресейдегі Халықтар достығы университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Филология ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинарға қатысып, сертификат алған.
«ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес оқу орындарында сапа менеджмент жүйесін жобалау және енгізу» тақырыбына арналған семинарға (06-08 сәуір, 2011 ж.) қатысып, сертификат алған.
Ғылыми жарияланымдары: 65 ғылыми еңбек пен ғылыми мақалалардың авторы.   Атап айтсақ: Сүйіншәлиев Ханғали Жұмашұлы: Биобиблиографиялық  көрсеткіш –Алматы: Қазақ университеті, 1998. –38б., «Дулат Бабатайұлының ақындығы» монография). –А, «Қазақ университеті» 2000. –131 бет.,  «Дулат және Абай» (оқу құралы). –А, 2005 ж. – 200бет. «Ө.А.Жолдасбеков атындағы білім ордасы» (Эксперимент нәтижелері). Мақалалар жинағы. (Әдістемелік көмекші құрал). –Тараз, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2005ж. –98бет. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Әдістемелік нұсқау. –А,  «Полиграфия-сервис  и К», 2006. – 78 бет. 
Ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижелері ТМД-да, шетелдерде және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу процесіне енгізілді. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 18 жыл, жоғары оқу орнында –15 жыл.

Мекен-жайы: Пертаева Эльмира Құлибайқызы- «Алатау» мөлтек ауданы, 41 үй, 37 пәтер
тел: 87018162394
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер