Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі

Sikhaeva Kundyz

Аты-жөні: Сихаева Кундыз Мейрхановна
Туған жылы, айы, күні: 29.05.1975
Білімі: жоғары
Мамандығы: Қаржы және несие
Бітірген оқу орны: М.Әуезов атындағы ОҚМ
Университеттегі қызметі: Бөлім бастығы

жұмыс телефоны: +8 (7262) 511355   
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 
Заң ғылымдары магистрі                                                       
1975 жылдың 29 мамырында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка селосында дүниеге келген.
1992-1996 жылы «Элтекс» Жамбыл жоғарғы кәсіпкерлер мектебін «Маркетинг және коммерция»  мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2002-2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2012-2014 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, заң ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1996 жылдың тамыз айынан Алматы қаласында «Family group» компаниясында офис-менеджер қызметінен бастады.
Қазіргі таңда 2011 жылдың 1 қыркүйегінен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Ұйымдастыру және кадр жұмыстары» бөлімінің бастығы қызметін атқаруда.
Бас маман: Пазылхан Аида Қанатқызы
Маман: Бекова Шолпан Баймаханқызы
Маман: Жакежан Фарида Ермаханқызы

 

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:

  1.  

 

Университет кадрларын біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттері негізінде іріктеп, басшылыққа ұсыну;

  1.  

Алған мамандықтары мен кәсіптеріне байланысты қызметкерлерді қабылдауға, ауыстыруға бұйрық дайындау, тәжірибеден өту және біліктілікті көтеру жұмыстарын өткізуге атсалысу;

  1.  

Мамандарды ауыстыру бойынша жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыру;

  1.  

Қызметкерлердің аттестациясын ұйымдастыру, аттестация нәтижесін сараптау, аттестациялық комиссияның шешімдерін іске асыру бойынша іс-шаралар жасау; 

  1.  

Қызметкерлерді бағалаудың кешенді жүйесі мен олардың іс-әрекеттерінің нәтижесін жасауға, аттестация жүргізудің жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу;

  1.  

Бөлімнің жұмысын ғылыми-әдістемелік жақтан қамтамасыз ету, материалды-техникалық және ақпараттық базасын жаңарту, қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдана отырып жаңа кадрларды басқару әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу; 

  1.  

Бөлім жетекшілерінің нормативті құқықтық актілерін орындау, ректордың кадрлар саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері жөнінде бұйрықтарын дайындау;

  1.  

ҰжКБ жұмысын жүйелі сараптау және дамыту жөнінде ұсыныстар жасау.

  1.  

Университетті ғылыми-педагогикалық кадрлар, оқу-көмекші персонал қызметкерлер, шаруашылық қызмет және әкмшәләк басқару аппаратымен жасақтау;

  1.  

Кадрдың сандық және сапалық құрамы, дамуы мен қозғалысы туралы мәліметтер жинау және жасау;

  1.  

Кадрға деген қазіргі және болашақтағы сұранысты анықтау және қанағаттандыру көздерін табу;

  1.  

Университет кадрлар саясаты және ұстанымын жасауға қатысу.

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі университеттің ғылыми педагогикалық кадрларын, оқу-көмекші персонал қызметкерлерін, шаруашылық қызмет және әкімшілік басқару аппаратын жасақтаумен айналысады. Қазақстан Республикасы Заңдары мен басқа да нормативті құқықтық актілерін, персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және «Зейнет ақымен қамту» заңын, университет Жарғысын, ректордың бұйрықтары мен нұсқауларын, осы Ережені басшылыққа алады. Университет қызметкерлерін, профессор-оқытушылар құрамын бос орынға конкурс өткізу барысын  ұйымдастыру, олардың әдістемелік және ақпаратпен қамтамасыз етуін, конкурс нәтижесін сараптауды ұйымдастыру, конкурс комиссияның шешімдерін іске асыру бойынша іс-шаралар жасау. Біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттері негізінде кадрларды іріктеп, басшылыққа ұсыну және бөлім жетекшілерінің нормативті құқықтық актілерді орындауын, сонымен қатар ректордың кадрлар саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері жөніндегі бұйрықтарын орындалуын қадағалауда атқаратын рөлі өте жоғары. Көздеген мақсаттарға жету үшін ҰжКБ университеттегі кадр жұмыстарын жылдам сапалы жүргізуге мүмкіншілік беретін сапа менеджменті жүйесінің заманауи құралдары мен әдістерін кеңінен қолданады Қазіргі кезде бөлімде төрт жоғары білімді және де мол тәжірибесі бар қызметкерлер жұмыс атқарады:

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер