Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Магистратура бөлімі

Магистратура бөлімі

Bakhtyhozhaev Zhangali Zhumakadiruli

Аты-жөні: Бақтыхожаев Жанғали Жұмақадырұлы
Туған жылы, айы, күні: 15 қыркүйек 1974 жыл
Білімі: жоғары
Мамандығы: заңгер
Бітірген оқу орны: Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті
Университтегі қызметі: магистратура бөлімінің бастығы
Ғылыми атағы: заң ғылымдарының кандидаты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 03.02.2010 жылғы № 168 бұйрығының негізінде университетке берілген АБ №0064058 лицензияға сәйкес магистратурада 10 мамандық бойынша:

  1. 6М073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология;
  2. 6М030100 - Құқықтану;
  3. 6М010300 - Педагогика және  психология;
  4. 6М010900 - Математика;
  5. 6М020300 - Тарих;
  6. 6М050900 - Қаржы;
  7. 6М050600 - Экономика;
  8. 6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті;
  9. 6М012000 - Кәсіптік білім
  10. 6М060400 - Физика 

 

Магистрлерді дайындау 2-жылдық оқу мерзіміне есептелген ғылыми-педагогикалық бағытта және 1-жылдық оқу мерзіміне есептелген бейіндік бағытта жүргізіледі.

Оқу үрдісі талаптарына қажетті барлық құжаттар СМЖ оқу ұйымдастыру үрдісін басқару ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарты және Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу ҚР СТ ИСО 9001-2009 нұсқауы  негізінде дайындалған. Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары МЖМБС талаптарына сәйкес даярланып, университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген. Мамандықтардың бекітілген оқу жоспарларының көшірмесі мамандыққа жауапты кафедраларға таратылып берілген. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарында белгіленіп көрсетілген әрбір оқу пәнін өзіне сәйкес кодпен белгілейтін пәндердің бірыңғай кодтау жүйесі  пайдаланылады.  Барлық оқу жоспарларының еңбек құндылығы кредит санымен  орын алады.
Магистратура мамандықтарының оқу жұмыс жоспарына сәйкес теориялық дайындықты меңгеру мақсатында базалық және профильдік циклдегі пәндер жүргізіледі. Бейіндік бағыты бар мамандықтарға 3 базалық міндетті пән (Шет тілі, Менеджмент, Психология), ал ғылыми-педагогикалық бағыттағы мамандықтарға 4 базалық міндетті пән (Ғылым тарихы және философиясы, Шет тілі, Педагогика және психология) қарастырылған. Ғылыми-педагогикалық дайындау бағытының базалық пәндеріне 20 кредит, профильдік пәндеріне 22 кредит, жалпы тәжірибеге (педагогикалық, өндірістік) 6-дан кем емес кредит, ғылыми-зерттеу жұмысына 7 кредит, қорытынды аттестаттауға 4 кредит бөлінген.
Ғылыми-педагогикалық бағытта мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде 6М030100 - Құқықтану мамандықтарында педагогикалық және өндірістік тәжірибе 3 семестрде, ал 6М073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология; 6М010300 – Педагогика және  психология; 6М010900 - Математика; 6М020300 - Тарих; 6М050900 - Қаржы; 6М050600 - Экономика; 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті; 6М012000 - Кәсіптік білім; 6М060400 – Физика  мамандықтарында  тәжірибе семестрін кафедранын өзіне таңдау белгіленген.
Магистрлік бағдарламаның ғылыми-зерттеу бөлігі мамандықтың негізгі, өзекті мәселелерін қарастыратын ғылыми жаңалықтың тәжірибелік маңыздылығына,  шетелдік және отандық ғылымның нәтижесіне негізделген болу қажет. Сондықтан, оқу жоспарында магистрлік диссертацияның материалын жинау, қорытындылау мақсатында ғылыми-зерттеу тәжірибесі жоспарланған. Бұл мақсатта да кафедралармен
1) ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту бағдарламасы;
2) ғылыми-зерттеу тәжірибе күнделігі;
3) магистрлік диссертация ережелері, сонымен бірге, кафедраларда мамандық бойынша магистрлік диссертацияны дайындауда пайдаланылатын әдістемелік нұсқаулар жасалған. Магистрлік диссертация тақырыптары кафедра мәжілісінде, факультеттің Ғылыми Кеңесінде талқыланып, университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде басшы бұйрығымен бекітілген.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер