Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Оқу-әдістемелік бөлім

Оқу-әдістемелік бөлім

Оқу-әдістемелік бөлім бастығы  - Қабылбаева Гульжан Айтжановна, 20.10.1961 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында туылған. 1985 жылы Жамбыл техникалық жеңіл және тамақ өнеркәсіп интитутын, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету экономика және ұйымдастыру мамандығы бойынша инженер-экономист біліктілігімен бітіріп, 1985-1991 жылдар аралығында алған мамандығы бойынша Жанатас қалалық тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында экономист, 1991-1992 ж.ж. – Жанатас қалалық Халық Депутаттар Кеңесі статистика бөлімінің экономисті, 1992-2001ж.ж. - Жанатас қалалық тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында өндірістік-жоспарлау болімінің бастығы, 2001-2002ж.ж. – «Әулие-Ата» университеті «Экономика «кафедрасының оқытушысы, 2002-2004ж.ж. - «Тараз» институтының оқу бөлімінің әдіскері, 2004-2007ж.ж.-  «Тараз» институтының оқу бөлімінің бастығы, 2007-2008ж.ж. – Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің оқу-әдістемелік департаментінің директор орынбасары, 2008-2013ж.ж. - Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің оқу-әдістемелік департаментінің директоры, 2013-2014ж.ж. - Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің академиялық сұрақтары жөніндегі департамент директоры, 2014-2015 ж.ж. – Алматы экономика және статистика академиясының ақпараттық консалтинг қызметтер орталығының бас маманы, 2015 жылдан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде оқу-әдістемелік бөлімінің бастығының қызметін атқаруда.
Оқу-әдістемелік бөлімінің құрылыма   бөлім бастығы, әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету секторы, сектор жетекшісі – Акимова Диана Қанатовна; практика және жұмыспен қамтамасыз ету секторы, сектор жетекшісі – Сексенбаева Жанар Молдановна; Мемлекеттік аттестаттау комиссия  жұмыстары бойынша сектор, сектор жетекшісі –Алибаева Айнура Пердекуловна   және диспетчерлік қызмет , аға диспетчері – Торғаутова Айжан Болатовна,  кіреді.

Оқу-әдістемелік бөлімінің негізгі  фунқциялары:
- университет оқу процесін ұйымдастыру, жүргізу және қадағалау;
- мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарларын құрастыруын ұйымдастыру;
- оқу жоспарларына және академиялық тізбелерге сәйкес оқу  кестесін құрастыру;

  1. оқу жылына оқутушылардың оқу жүктемесін анықтау;

- оқу-әдістемелік материалдар шығарудың жоспарлауын және орындалуын қадағалау;
- студенттердің аралық, ағымдық және қорытынды  білімін бағалауды  қадағалау;
- кәсіби практикаларды  ұйымдастыруын  және өткізуін бақылау;

  1. оқу үрдісіне білім берудің жаңа активті және интерактивті әдістерін енгізілуін бақылау;
  2. білікті мамандықтарды дайындау бойынша  университет имиджін қалыптастыруға ықпал ету;
  3. университеттің мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларында  студенттерде жоғары денгейдегі дайындыққа адекватты  кәсіби және карьерлік амбицияларды қалыптастыруға ықпал ету;

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер