Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Тәрбие бөлімі

Тәрбие бөлімі

Nurkina Roza Nazarkyzy

Аты-жөні: Нуркина Роза Назарқызы
Туған жылы, айы, күні: 28.01.1962
Білімі: жоғары
Мамандығы: Биология
Бітірген оқу орны: Шымкент университеті
Университеттегі қызметі: Тәрбие бөлімінің бастығы

Бөлім мақсаты:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тәрбие бөлімі университеттің Халықаралық ИСО 9001 стандарттарына сай сапа саласындағы мақсаттарын (сапа менеджменті жүйесін жұмыс бабында ұстау және үздіксіз жақсарту нәтижесінде тұтынушылардың бүгінгі және болашақтағы сұраныс-талаптарына қызметкерлерді ұдайы бейімдеп, оны орындауға ұмтылу) жүзеге асыруда келесі мақсаттарды көздейді:

  1. Тәрбие үдерісі нәтижелерінің деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін формалар мен әдістерді пайдалану;
  2. Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді қамтамасыз ету;
  3. Материалдық және техникалық базаны дамыту;
  4. Студент жастарды қазақстандық патриотизм үлгісінде тәрбиелеу;
  5. Студенттердің университеттің қоғамдық өміріндегі азаматтық белсенділігін арттыру;
  6. Кураторлардың белсенділігін арттыру, оны рейтингтік жүйемен анықтау және бағалау, тәрбие беру қызметінің сапалық көрсеткіштерін жоғарылату.

 tarbie bolimy

Тәрбие бөлімі студент жастар бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу, жоғары азаматтық ұстанымды қалыптастыру мен шығармашылық қабілеттерді дамыту жұмыстарында Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, ҚР Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларын және университеттің Тұжырымдамасын басшылыққа алады.


Университеттің тәрбие бөлімі факультеттер, Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі мен Кураторлар кеңесі, Жастар ісі жөніндегі комитеті, студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі мен түрлі жастар ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
Университетте студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында түрлі бағыттар бойынша үйірмелер мен клубтардың жұмыстары ұйымдастырылған. Атап айтқанда «Дауылпаз» студенттік театры, «Эстрадалық әншілер» үйірмесі, «ТИГУ KZ» КТК командасы, «Tnt crew» бишілер ансамблі,  «Күлтөбе» дебат клубы, «Еркін пікір» пікір-сайысшылар клубы  және т.б.
Сонымен қатар универсиет жастары облыстық «Жас Отан» жастар қанаты, Студенттік альянс ұйымдарының мүшесі болып табылады. Университетте жалпы қоғамдық жастар ұйымдары мен үйірмелер жұмысына тартылған белсенді студенттерсаны жалпы студенттер санының  27% құрайды.


Университетте түрлі іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Олар: «Білім» күні мерекесі, «Біз таланттыларды іздейміз!», «Күз ханшайымы мен ханзадасы!» конкурсы, «Ару қыз» сұлулық байқауы, «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты рәсімі, профессор-оқытушылар мен студенттер арасындағы «Жұлдызды жұп» ән конкурсы, облыстық «Үкілі ару» сұлулық байқауы, «Диплом тапсыру» салтанаты және т.б.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер