Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

ҒЫЛЫМИ- ИИНОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІ

gilim

 

ҒЫЛЫМИ- ИИНОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ БАУБЕКОВ САБИТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ

Баубеков Сабит Жұмабайұлы 1954 ж. 14.03. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылындадүниеге келген. 40 жылдан астам біліммен қатар білімгерлерді оқыту және тәрбиелік жұмыстарын белсене атқаруда. Ол әр жылда 2-3 білімгерді, 3-4 мектеп оқушыларына ғылыми жетекшілік етіп, әрдайым қалааралық, облыстық, республикалық жобалық жарыстардың жүлдегері. Оның ғылыми бағытындағы жұмыс нәтижелері жобалық гранттардың иегері, Ғылымдағы жаңалықтары«Инновациялық жобалардың» Республикалық Каталогына енген және «Инновациялық форсаж» -республикалық конкурсының финалисі.ҚР ЖОО – «Үздік оқытушысы» грантының иегері. Ресей жаратылыстану Академиясының, Аймақтық менеджмент академияларының академигі. Халықаралық деңгейдегі марапаттардың иегері, белгілі ғалым. Ол, 400-ден аса ғылыми еңбектердің, соның ішінде 9 ғылыми монографияның, 60 аса оқулық пен оқу құралдарының, 22 өнертабыстың авторы. Ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижесі халықаралық конференцияларда, конгрестерде, симпозиумдарда оң бағаланып, қолдауға ие болған ғалым.

Ғылыми- ииновациялық және халықаралық қарым-қатынастар бөлімінің құрамы:

  1. Ажибаева Р.Е. –Жетекші маман
  2. Мауленова Ғ.М.- Маман
  3. Мүслімов Н.Ж. – Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры
  4. Абдымомынов Н.Т. – «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының директоры
  5. Кембаева А.Т-«Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры
  6. Байсакалова Ж. - -«Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының бас маманы
  7. Тамабаева А. - -«Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының маманы

 

Ғылым бөлімі және халықаралық қарым-қатынастар жұмыстары:

Ғылыми-инновациялық және халықаралық қарым-қатынастар бөлімі Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және Ғылыми-өндірістік бөлімі болып табылады. Ғылыми-инновациялық және халықаралық қарым-қатынастар бөлімінің өз жұмыстары барысында университет Жарғысын, Ережесін, университеттің Үкіметаралық өкілетті кеңес шешімдерін, университеттің әдістемелік, нормативтік материалдар негізінде әзірленген ережелерін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Еңбек туралы» Заңдарын, Ғылым мәселелер жөніндегі ҚР Үкіметі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаулылары мен шешімдерін, мемлекеттік білім стандарттарын, ректордың бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.

Ғылыми-инновациялық және халықаралық қарым-қатынастарұйымдық құрылымы: Ғылыми-инновациялық және халықаралық қарым-қатынастар бөлімінің қызметіне толығымен бөлім бастығы жауап береді.

Ғылыми-инновациялық және халықаралық қарым-қатынастар бөлімінің міндеттері:

  1. Бекітілген Ғылыми бағыттарына сәйкес Ғылыми-инновациялық және халықаралық қарым-қатынастар бөлімінің жоспары бойынша тапсырыс берушілермен келісім шарт негізінде дайындауларды жүргізу, симпозиумдарды, семинарларды, Ғылыми конференцияларды ұйымдастыру.
  2. Білімгерлердің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару, университет бөлімдерін ҚР және шетелдерде ұйымдастырылатын Ғылыми конференциялардың жоспарларымен таныстыру.

   3. Оқу үрдісінде Ғылыми-зерттеулердің нәтижесін белсенді қолдана отырып, мамандарды дайындау сапасын жетілдіру.

4. Білімгерлерді шаруашылық келісім шарт және Ғылыми зерттеулер орындауға тарту, жаңа техникаларға, заттарды метрологиялық аттестацияларға және стандартқа сай келмейтін өлшеу құралдарына кешенді сынақтар жүргізу.

   5. Университеттің халықаралық байланыстар жұмысын ұйымдастыру, бағдарлау.

   6.Университеттің халықаралық байланыстар саласындағы құжаттарын рәсімдеу, келісім-шартқа отыру және оны жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру.

     7.Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерде жүзеге асатын халықаралық байланыс саласындағы жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуын бағдарлау. 

 

Ғылыми-инновациялық және халықаралық қарым-қатынастар бөлімінің функциялары:

1. Университеттің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және оны ары қарай жетілдіру және тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар беру.

2. Шет елдердің жоғары оқу орындары және Ғылыми мекемелерімен Ғылыми байланыстар және қарым-қатынастарды қамтамасыз ету.

3. Халық шаруашылығының Ғылыми және Ғылыми-техникалық дамуы мәселелерін шешуі үшін университеттің Ғылыми потенциялын тиімді пайдалану.

4. Университет профессор – оқытушыларының және студенттердің үздік Ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелерін халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде өткізілінетін грантттарға, конкурстарға және олимпиадаларға қатыстыру жұмыстарын ұйымдастыру.

5. Университет пен өзара келісілген әрекеттері мен алмасуларды және байланыстарды жүзеге асыру мақсатында шетелдегі оқу орындарының ынтымақтастық жұмыс бағдарламаларын орындауды ұйымдастыру (оқытушылар мен студенттердің академиялық икемділігі; университетте дәрістерді оқуға шетел профессорларын тарту);

6. Жалпы университеттік денгейде байланыстар орнату үшін серіктестерді іздеу мен іріктеу, университеттің халықаралық ЖОО-аралық байланыстарын  жоспарлау, ынтымақтастықтың басымдық бағыттарын анықтау.

7. Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша факультеттерге, кафедраларға және университеттің басқа бөлімшелеріне жұмысты үйлестіру, оқу орындарымен келісім-шарттар бойынша жұмысқа университет қызметкерлерін тартуға көмектесу;

8. Әріптестік орныққан шетел ЖОО-ның, мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін және шетелдік  әріптестерді университетке шақыру, оларға  визалық қолдау көрсету, алғашқы көші-қон тіркеуіне алуды қамтамасыз ету, олармен кездесулер мен келіссөздерді өткізуге және ұйымдастыруға қатысу, бірлескен ғылыми конференциялар ұйымдастыру.

 

Мекен-жайы: Желтоксанк-сі 69Б, Бас ғимарат, кабинет 203

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер