Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Назгул

 

Аты-жөні: Әбітаева Назгүл Жаңабекқызы

Туған жылы: 21.01.1991

Туған жері: Тараз қаласы

Білім: жоғары

Бітірген оқу орны: ТИГУ

Мамандығы: экономика

Қызметі: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы

Студенттердің өзін-өзі басқару туралы

ЕРЕЖЕ

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті студенттерінің өзін-өзі басқару құрамы Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын басшылыққа алып құрылған. Өзін-өзі басқару құрылымына студенттік ректорат (студенттік ректор), факультеттің студенттік деканаты (Студенттік декан) және курс старосталары кіреді.

1. Студенттік ректор

1.1. Жалпы нұсқау

1.1.1. Студенттік ректор қызметіне оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары 1-3 курс студенттері сайлана алады.

1.1.2. Сайлауға қатысушы үміткерлер 3 күн бұрын ЖІЖК-ға тіркеліп, жалпы жиналыста өз жұмыс бағдарламасымен таныстырады.

1.1.3. Сайлауға қатысатын үміткерлер дауыс беруге құқылы емес.

1.1.4. Сайлауға түсетін үміткерлер бағдарламаларымен таныстырып өткен соң, жалпы жиналыс мүшелері әр үміткерге жеке дауыс береді.

1.1.5. Үміткерлер тең дауыс жинаған жағдайда жиналыс төрағасы қорытынды шешім қабылдайды.

1.1.6. Студенттік ректорды сайлау жиналысының хаттамасы тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректорға беріліп, соның негізінде студенттік ректорды тағайындау туралы университет ректорының бұйрығы шығарылады.

1.1.7. Студенттік ректор университеттің ЖІЖК төрағасына бағынады және университеттік ЖІЖК-ға мүше болады.

1.1.8. Студенттік ректор бір жылға сайланады, жыл аяғында жұмысының қорытындысы жайлы ЖІЖК мен студенттер деканатының жиналысында есеп береді.

1.1.9. ЖІЖК және деканат мүшелері жұмысының қорытындысы бойынша студенттік ректорды өз қызметінде қалдыруға немесе ауыстыруға дауыс бере алады.

1.1.10. ЖІЖК төрағасы өз міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда жалпы жиналыста студенттік ректорды қайта сайлау туралы ұсыныс жасайды.

 

1.2. Факультеттің студенттік деканаты

2.1. Жалпы ережелер

2.1.1.Факультеттің студенттік деканаты (бұдан әрі-ФСД) университеттегі жастар ісі жөніндегі комитеттің (ЖІЖК) құрылымдық бөлімі болып табылады.

2.1.2.ФСД өз жұмысындаҚазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңын, университет әкімшілігінің шешімдері мен өкімдерін басшылыққа алады.

2.1.3.ФСД факультет декандары, декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен тығыз байланыста болады.

2.1.4.ФСД құрамына факультеттің студенттік деканы, курс және топ старосталары, белсенді студенттер кіреді.

2.2. Факультеттің студенттік деканатының мақсаты

2.2.1.Оқу тәрбие, тәртіп сапасын арттыру, бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлауда оқытушы-профессорлар құрамына жан-жақты көмек көрсету, студенттердің аудиториядан тыс тәртібін қадағалау, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту.

2.3. Факультеттің студенттік деканатының міндеттері

2.3.1.Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңын жүзеге асыруға жәрдем ету;

2.3.2. Факультет студенттерінің маңызды бастамаларын қолдау және жүзеге асыруға ықпал ету;

2.3.3. Қазақстан патриотизм, азаматтық жауапкершілік сезімдерді қалыптастыру;

2.3.4. Факультет деканатына оқу үрдісін ұйымдастыруда қолдау көрсету;

2.3.5. Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

2.3.6. Студенттердің ғылыми және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ету;

2.3.7. Факультет, университет имиджін көтеру;

2.3.8. Студенттердің факультет, университет өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету.

2.4. Факультеттің студенттік деканатының бағыттары

2.4.1. Факультет студенттерінің бос уақытын ұйымдастыру;

2.4.2. Студенттердің оқу үрдісіне жауапкершілікпен қарауына ықпал ету;

2.4.3. Ақылы топтарда оқитын студенттердің оқу төлем ақыларын төлеуді бақылау;

2.4.4. Факультетте әлеуметтік сауалнамалар, анкеталар жүргізу.

2.5. Факультеттің студенттік деканатының құрамы

2.5.1. ФСД құрамына факультеттің жалпы жиналысында сайланған факультеттің студенттік деканы, курс старосталары, университеттегі қоғамдық жастар ұйымдары мен үйірмелердің белсенді мүшелері кіреді.

3. Факультеттің студенттік деканы

3.1. Факультеттің студенттік деканын сайлау тәртібі

3.1.1.Студенттің декан факультет деканының төрағалық етуімен және ЖІЖК төрағасының қатысуымен есеп беру – қайта сайлау жалпы жиналысында ашық дауыс беру тәртібімен сайланады.

3.1.2. Студенттік декан қызметіне оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары 1-3 курс студенттері сайлана алады.

3.1.3. Сайлауға қатысушы үміткерлер 3 күн бұрын ЖІЖК-ға тіркеліп, жалпы жиналыста өз жұмыс бағдарламасымен таныстырады.

3.1.4. Сайлауға қатысатын үміткерлер дауыс беруге құқылы емес.

3.1.5. Сайлауға түсетін үміткерлер бағдарламаларымен таныстырып өткен соң, жалпы жиналыс мүшелері әр үміткерге жеке дауыс береді.

3.1.6. Үміткерлер тең дауыс жинаған жағдайда жиналыс төрағасы қорытынды шешім қабыладайды.

3.1.7. Студенттік деканды сайлау жиналысының хаттамасы тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректорға беріліп, соның негізінде студенттік деканды тағайындау туралы ректордың бұйрығы шығарылады.

3.1.8. Студенттік деканфакультет деканы мен университеттің ЖІЖК төрағасына бағынады және университет ЖІЖК-ға мүше бола алады.

3.1.9. Студенттік декан бір жылға сайланады, жыл аяғында жұмысының қортындысы жайлы студенттер деканатының жиналысында есеп береді.

3.1.10. Деканат мүшелері жұмысының қорытындысы бойынша студенттік деканды өз қызметінде қалдыруға немесе ауыстыруға дауыс бере алады.

3.1.11. ЖІЖК төрағасы өз міндеттерін дұрыс орындалмаған жағдайда жалпы жиналыста студенттік деканды қайта сайлау туралы ұсыныс жасайды.

3.2. Студенттік деканның міндеттері мен құқықтары

3.2.1. Студенттік деканның міндеттері:

- Студенттің деканат қызметіне басшылық жасайды, оның құрамын жасақтап, жұмысын үйлестіреді.

- Факультет студенттерінің проблемалық сұрақтарын шешуде факультет деканына, университет ректорына ұсыныстар жасайды:

- Факультеттегі студенттерді факультет, университет көлеміндегі өкімдер, бұйрықтардан хабардар етеді;

- Факультет, университет, ЖІЖК мәжілістеріне, жалпы жиналыстарға қатысады;

- Жүйелі түрде айына бір рет факультет белсенділерімен, курс және топ старосталарымен жиналыстар өткізеді;

- Факультеттегі студенттердің үлгерімін, оқу тәртібін, оқу төлемақысының жағдайын бақылайды;

- Факультетте студенттердің ғылыми, тәрбиелік, басқа да іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді;

- Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарына қатысады, спорт секцияларына қатысатын студенттермен байланыс жасайды;

- Факультет студенттерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді;

- Факультет деканына «Ең үздік академиялық топты» анықтауға көмектеседі;

- Университет факультеттеріндегі студенттік деканаттарымен байланыс жасайды;

- Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша факультет деканына, университет ЖІЖК жиналысында есеп береді.

3.2.2. Студенттік деканның құқықтары:

- Факультет, университет жиналыстарында өз пікірін еркін білдіре алады;

- Университет әкімшілігіне факультет студенттері атынан жастар саясатын дамытуға байланысты ұсыныстар жасайды;

- Мәжілістерінде факультет студенттеріне қатысты мәселелерді қарастырады;

- Факультет деканына топ, курс старосталарын қызметінен босату туралы ұсыныс береді;

- Факультет деканатына белсенді, өнерлі студенттерді марапаттауға, студенттердің кейбір санаттарына материалдық көмек көрсетуге, университеттің ішкі тәртібін бұзған студенттерге ескерту жасауға байланысты ұсыныстар береді;

- Студенттердің сабаққа қатысуын қадағалайды;

- Өз өтінішімен студенттік декан қызметінен бас тарта алады.

 

Сайлауова Гүлшат

Студенттік ректор

Сайлауова Гүлшат Балхашқызы, Физика мамандығының 3 курс студенті

 

Аксандиев Кахар

«Жаратылыстану» факультетінің студенттік деканы

Аксандиев Кахар Аманұлы, Биология мамандығы 1 курс студенті

 

Сламбеков Нұрсұлтан

«Экономика және құқық» факультетінің студенттік деканы

Сламбеков Нұрсұлтан Берікұлы, Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы 2 курс студенті

 

Амирбай Ермаганбет

«Білім» факультетінің студенттік деканы

Ермағамбетов Амирбай Жанқожаұлы Бастапқы әскери дайындық мамандығы 1 курс студенті

 

11

 

22

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер