Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар басқармасы

IMG 9702

Аты-жөні:  Тулеев  Тұрсыналы Нахысбекович

Туған жылы, айы, күні: 06.11.1952
Білімі: жоғары
Мамандығы: ЭЕМ математикалық камтамасымен инженер-экономист
Бітірген оқу орны: Жамбыл  жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институты

Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар басқармасы (АКТБ) университеттің құрылымдық бөлімі. Басқарма білім беру және әкімшілік қызметтеріне ақпараттық технологияларды еңгізу үшін арналған. 


АКТБ мақсаты - университеттің өндірістік процесінде жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Цифрлық университет» моделіне ауыстыру концепциясын жүзеге асыру Жол картасының орындалуына қатысу, сонымен қатар:

• университетте бірыңғай ақпараттық кеңістік жасау, телекоммуникациялық желімен қоса ақпаратты жіберу жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз етіп дамыту; 


• университеттің барлық құрылымдық бөлімшелер (деканаттар мен кафедраларды қоса) және компьютерлік кластарда техникалық қызмет көрсету, компьютерлік техниканы жөндеу және жаңарту, бағдарламаларды орнату, профилактикалық жұмыстар жасау;


• компьютерлік кластардың материалды құндылықтарын сақтау мақсатында қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету, студентермен қызметкерлерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беру;


• электрондық құжат айналымы жүйесінің жобасын іске асыру;


• әр түрлі аудиторияларға оқу процесін қамтамасыз ету үшін түрлі оқу жабдықтарын: стационарлық мультимедиялық кабинеттерді, лингафон зертханаларды, бейне, конференциялық байланыстарды, акустикалық жүйелерін орнату;


• оқу процесінде қолдануға арналған мультимедиялық материалдарды: фильмдер, аудио-видео дәрістер, цифрлық оқу құралдарды жасау, университет қызметі туралы жарнамалық материалдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын құру; 


• белсенді желілік жабдықты, VPN, Wi-Fi қосылымын икемдеу;


• талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жаңа түйіндерін жобалау;


• Wi-Fi желісін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, орындау және бақылау. Деректерді табыстайтын жаңа түйіндерін жоспарлау, әзірлеу және орнату. Желінің құрылымы мен деректерді табыстау түйіндерінің техникалық құжаттамасын құрастыру және сүйемелдеу;


• IT - қауіпсіздікпен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;


• кабельдік және сымсыз желілер жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және регламенттік жұмыстар жасау;


• нұсқаулыққа сәйкес компьютерлік және кеңсе жабдықтарына жобаланған сақтық, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету;


• компьютерлік техниканың тоқтап қалу мен жаңылуларын тіркеу және талдау, техникалық қызмет көрсету әдістерін жетілдіру;


• компьютерлік жабдықтың жұмысындағы ақауларды уақтылы жою мақсатында келісілген кестеге сәйкес жабдыққа сынақ тексерулерін жүргізу;


• компьютерлік техниканың техникалық құжаттарын сақтауды ұйымдастыру
• барлық деңгейдегі компьютерлік техниканы жаңғырту


• жаңадан келген компьютерлік техниканы қабылдау, орналастыру және пайдалануға беру жұмыстарына қатысу;


• жұмыс орнында техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу.

  

АКТБ бес сектордан тұрады:

- Компьютерлік желілер жүйесімен техникалық қызмет көрсету секторы

- Студенттердің білім деңгейін тестілеу секторы

- Бағдарламалық қамсыздандыру секторы

Қашықтан оқытуды дамыту секторы

- WEB-cайт секторы