Басқармалар

«Ішкі сапаны қамтамасыз ету» басқармасы

«Ішкі сапаны қамтамасыз ету» басқармасы

1.1. «Ішкі сапаны қамтамасыз ету» басқармасы (ары қарай ІСҚеБ)  - Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің (ары қарай ТИГУ)   құрылымдық бөлімі  болып табылады.
1.2. ІСҚеБ университеттің оқу, ғылыми жұмыстар және стратегиялық  даму  жөніндегі проректорына бағынады.
1.3. ІСҚеБ өз жұмысында келесілерді  басшылыққа  алады:
1.3.1.Қазақстан Республикасының Білім туралы  заңын;
1.3.2.Қазақстан Республикасының  Үкіметінің Қаулыларын;
1.3.3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  бұйрықтары мен  оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі басқа да нормативті-құқықтық құжаттарын;
1.3.4.  ТИГУ  Жарғысы мен Ережесін, академиялық саясатын, ішкі тәртіп қағидаларын;
1.3.5. Осы Ереже жағдайлары мен  нұсқауларын;
1.3.6. ТИГУ-нің  ректоры бұйрықтары мен Ғылыми кеңестің шешімдерін;
1.3.7. ТИГУ-нің  перспективтік  және  ағымдық  жоспарларын.
1.4. ІСҚеБ  құрылымына:  оқу-әдістемелік бөлімі және оның  секторлары мен  бөлімшелері; тіркеу-офисі; офис менеджерлер; ЖБББОЖ секторы (платонус); аккредиттеу секторы, инновациялық- әдістемелік  секторы; көптілділікті дамыту  секторы енеді.

123

1.5.  Перспективті  бағдарламаларды  жүзеге асыру, кейбір  жекеленген жұмыстарды     орындау үшін   инновациялық, эксперименттік  немесе басқа  да бір ғылыми-әдістемелік  әрекет ететін  педагог мамандардан  құралған уақытша  қоғамдастық құрылады.

                                             Басқармасының  жұмысының  бағыттары

2.1.  Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ЖОО еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі (ESG) стандарттар мен жоғары білім сапасын қамтамасыз ету нұсқаулығына негізделген сапаны іштей қамтамасыз ету:
    - сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;
     - бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;
     - студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;
     - студенттерді қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;
     - оқытушылар құрамы;
     - оқу ресурстары және студенттерді қолдау жүйесі;
     - ақпаратты басқару;
     - жұртшылықты хабардар ету;
     - тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;
     - сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.
2.2. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің негізгі қағидаттарының орындау:
      - ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету;
   - сапаны қамтамасыз ету жоғары білім беру жүйесінің, оқу орындарының, білім беру бағдарламалары мен студенттердің алуан түрлілігіне сәйкестендіру;
      - сапаны қамтамасыз ету сапа мәдениетін дамытуды қолдау;
      - сапаны қамтамасыз ету студенттердің, барлық басқа да мүдделі тараптар мен қоғамның қажеттілігі мен үмітін ескеру;
    - сапаны қамтамасыз ету студенттің оқудағы, сондай-ақ жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау барысындағы адалдығын көрсететін академиялық адалдыққа негіздеу.
2.3. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру.
2.4. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізгі қағидатын  ұстану.
2.5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгінің берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын дамыту.
                                                Басқармасының негізігі мақсаттары мен  міндеттері 
3.1. ІСҚеБ негізгі мақсаттары
3.1.1. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, сондай-ақ кәсіптік стандарттар негізінде ЖОО білім беру бағдарламаларын жүзеге  асыру
3.1.2. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын іске асыру.
3.1.3.Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру.
3.1.4. Университеттін академиялық саясатын жүзеге асыру.
3.2. Басқарманың негізгі басты міндеттері:
3.2.1. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің негізгі қағидаттарының орындау.
3.2.2. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізгі қағидатын  жүзеге асыру.
3.2.3. Оқу процесін ұйымдастыру академиялық күнтізбе негізінде іске асыру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар басқармасы

IMG 9702

Аты-жөні:  Тулеев  Тұрсыналы Нахысбекович
Туған жылы, айы, күні: 06.11.1952
Білімі: жоғары
Мамандығы: ЭЕМ математикалық камтамасымен инженер-экономист
Бітірген оқу орны: Жамбыл  жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институты
Университеттегі қызметі: бөлімнің бастығы
Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:
«Қашықтан білім беру және компьютерлік технологиялар» бөлімі атқаратын функциялар:
-  Интернет технологиясы негізінде университеттің бірлік ақпараттық кеңестігін құруға бағытталған инновациялық жобаларды енгізу және жасау;
-  қашықтан оқыту жүйесін сапалы қолдау мен жүзеге асыру (енгізу);
-  университет бөлімшелерін бағдарламалық қамсыздандырумен қамтамасыз ету;
-  мәселе қою, шет ұйымдарымен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауға тапсырыстарды дайындау немесе өңдеу; бағдарламалық қамтамасыз етуді бірге жүргізу және бейімдеу, орнату, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу;
-  электронды оқу-әдістемелік ресурстарды құру ;
-  университет қызметкерлеріне оқудың техникалық құралдары мен компьютерлік техниканы қолдану аумағында аттестация жүргізу (университеттің басқа да бөлімдерімен біріге отырып);
-  университет бөлімдерін компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, дер кезінде компьютерлік техниканы алуға өтініш беру;
-  орнатылған компьютерлік техниканың жұмыс істеу қабілеті қамтамасыз ету, профилактикалық іс-шаралар жүргізу;
-  университеттің локальдық желісін жаңарту және кеңейту, жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету (орнатуға тапсырыстарды дайындау және орнату,сатып алуды қосқанда), бейімдеу (бейімдеуге тапсырысты дайындау), серверлерді (немесе қолдауға тапсырыстарды дайындау) серверлік бағдарламалық қамсыздандыруды, локальді желілерді жабдықтауды, университеттің локальдық жүйесін қарқынды желілік жабдықтауды және байланыс тізбегіне техникалық қызмет көрсетуді (немесе қызмет көрсетуге тапсырыстар дайындау) қолдау;
-  университеттің барлық бөлімдерінде оқудың техникалық құралдары мен компьютерлік техниканың есебін жүргізуді қамтамасыз ету, ол техникалық құжаттамалардың архивін, бағдарламалық қамсыздандырудың электрондық архивін қоса жүргізеді.
«Компьютерлік технологиялар» бөлімінің міндеттері:
-  жаңа ақпараттық, компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар негізінде университеттің оқу, ғылыми, әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарын ақпараттық және техникалық жағынан қамтамасыз ету;
-  оқу үрдісін бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің тиімділігіне талдау жүргізу;
-  оқу үрдісін жетілдіру мақсаттарда жаңа «Ақпараттық технологиялар» жасау және енгізу бойынша зерттеуін жүргізу;
-  білім беру үрдісін дамытуда оқу ұйымдарымен қарым-қатынасты ұйымдастыру;
-  білім, басқару және де басқа да қызмет түрлерінде ақпараттық жүйені қолдану аумағында университет қызметкерлері мен оқытушыларын қайта дайындау және біліктілігін көтеру (университеттің басқа да бөлімдері мен бірлесе отырып);
-  университеттің кафедралары, факультеттері, басқа бөлімдерінде, ақпараттық жүйені дамыту қажеттілігін анықтау және олардың сұранысын қанағаттандыру.
-  аудиториялық сабақтарды, курстық және дипломдық жобалауды дайындауда жоғарғы оқу орнының оқу үрдісін жүйелі бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуде қызмет көрсету;
-  ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде келісім-шарт жасау (ақпараттық мәліметтер базасы, Интернет жүйесіне қосылу, т.с.с.);
-  жалпы университеттің мәліметтер базасының жұмысын қамтамасыз ету;
-  жаңа «Ақпараттық технологиялар»де ЖОО-ның құрылымдық бөлімдерінің қызметін дамыту саласында үйлестіру;
-  белгіленген нормативтерге сәйкес материалдар шығынын үнемі бақылау және есептеу;
-  компьютерлік бағдарламалық-техникалық комплекстер мен компьютерлік желілерді дамыту жөнінде жобалардың техника-экономикалық сараптамалар жүргізу;
-  ақпараттық бөлшектердің жұмыс істеу қабілетін, жалпы қолданыстағы жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету;
-  желілік ресурстар басқару және мәліметтер базасы мен бағдарламалық құралдарды резервті көбейту;
-  ақпараттық қарсы вирус қорғанысын ұйымдастыру;
-  пәндік-білім беру салаларында, факультативті, сабақтан тыс және бос уақыттық қызметте білім ресурстары бар мәліметтер базасын құру және оған шолу жасауды ұйымдастру;
-  оқу кезінде талап етілетін және қажетті әдістемелік және дидактикалық материалдарды жасауды ұйымдастыру;
-  оқудың мультимедиялық құралдарын құру;
-  қашықтықтан оқыту Интернет-сайттары мен порталдарына, Интернет-басылымдарына, білім беру Интернет-сайттарына шолуды жүзеге асыру, ақпараттық анықтамалар мен каталогтарды құру;
-  бірлескен ақпараттық желілерді қалыптастыруды қамтамасыз ету және университеттің оқу-тәрбие үрдісінде электронды білім беру ішкі байланыс сызықтын ресурстарын кеңінен пайдалану;
-  құрылымдық кабельді желілерді, жөндеу және қызмет көрсету, монтаж жасау бойынша үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру;
-  білім беретін интернет-жобалар, желілік бәсекелестердің, әдістемелік және ғылыми презентациялар, телеконференцияларды техникалық қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету;
-  басылымды материалды сканерлеуді қамтамасыз ету және брошюраның электронды түрін, оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарды жасау.

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

Scan

logo 3d