Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Сапа бойынша Координациялық кеңес

Сапа бойынша Координациялық кеңес

Bayzhanov Kayrat BalabievichАты-жөні: Байжанов Кайрат Балабиевич
Туған жылы, айы, күні: 30.06.1968
Білімі: жоғары
Мамандығы: География және биология
Бітірген оқу орны: Абай атындағы ҚазМПУ
Университеттегі қызметі: Үйлестіру кеңесінің төрағасы
Ғылыми дәрежесі: Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты


Сапа бойынша Координациялық кеңес университеттің сапа бойынша қызметін тиімді және оперативтік басшылық ету үшін құрылған және СМЖ құрастыру, ендіру және жақсарту негізінде сапалы білім беруге бағытталған.
Университет сапа бойынша стратегиясын және СМЖ құрастыру басшылық ететін Сапа бойынша Коордиациялық кеңеске университет проректорлары, сапа бойынша басшылық өкілі, СМАБ бастығы, құрылымдық бөлімнің бастықтары және факультет декандары кіреді.
Сапа бойынша Координациялық кеңес қызметінің негізгі мақсаты–университет сапа менеджменті жүйесін дайындау, ендіру және жүзеге асыру, басшылық ету, университет ҚР СТ ИСО 9001:2009 талаптарының сәйкестігіне сертификаттау.
Сапа бойынша Координациялық кеңес–университет басшылығының мамандары және профессор-оқытушыларының ХС ИСО 9001:2008, ҚР СТ ИСО 9001:2009 стандарттарын оқып білуін қадағалайды, университеттің барлық қызметкерлерін СМЖ мотивацияландыру және қатыстыруға жауапты.
Сапа бойынша Координациялық кеңес қызметінің негізгі міндеттері:

  • сапа жөніндегі саясатты және мақсаттарды сараптау;
  • СМЖ үрдісінің сапалығын қызметкерлерге жеткізу;
  • СМЖ жақсарту бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру, қызметінің жаңа бағыттарын дайындау;
  • сапа бойынша жоспарланған мақсаттарға және стратегиялық жоспарлар дайындау үшін керек қорларды әзірлеу;
  • бекітілген жоспар бойынша СМЖ дайындалуын және ендірілуін қадағалау;
  • СМЖ дайындау және ендіру туралы бекітілген жұмыс жоспарына керек жағдайда түзетулер енгізу;
  • СМЖ ішкі аудитті мезгілімен өткізілуін қадағалау;
  • ішкі аудиттің есебін тексеру және бекіту;
  • түзетуші-ескертуші іс-шараларының шешімдерін қабылдау;
  • түзетуші және ескертуші іс-шараларының есебін қарастыру және нәтижесін бағалау;
  • сертификаттау және стандарттауға байланысты оқыту мекемелерінің ұсыныстарын қарастыру;
  • сертификаттауға дайындықты қадағалау.

Сапа бойынша Координациялық кеңестің өкілі үйлестіру кеңесінің төрағасы –а.ш.ғ.к., профессор Байжанов Қайрат Балабиұлы.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер