Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

IMG 9325

 

Университеттің ең жоғары әріптестік басқару органы – Ғылыми кеңес болып табылады. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Ғылыми кеңесінің өкілеттік мерзімі – 3 жыл.  Ғылыми кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, жоғары кәсіби білімнің оқу бағдарламаларын тарататын білім беру ұйымдары іс-әрекеттерінің Типтік ережесіне және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Жарғысына сәйкес әзірленген.

         Ғылыми кеңес төрағасы - университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Саурықов Ерболат Байұзақұлы.

         22.11.2007ж. ҚР БҒМ-ның №574 «Жоғары оқу орны Ғылыми Кеңесі қызметінің типтік ережесі және оны сайлау ретін бекіту туралы» бұйрығы негізінде 2016-2017 оқу жылына арналған Ғылыми кеңес құрамы 31 ПОҚ-тан құрылып, жұмыс атқаруда. Жоспар бойынша он бір мәжіліс өткізу жоспарланған. Әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізілетін Ғылыми Кеңес мәжілістері Ғылыми Кеңестің мүшелерінің толық кворумымен және университет ректорының төрағалық етуімен, жүйелі түрде уақтылы жүргізіліп отырады. Бұл туралы Ғылыми Кеңестің күн тәртібі мен «Қатысу парақтарынан» және хаттамаларынан мәлімет алуға болады.

Университет деңгейін қамтитын ауқымды шаралар да Ғылыми Кеңестің күн тәртібінен табылады. Мәселен, орта мектепті бітіруші түлектер арасында кәсіби бағдар беру жұмыстары, Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға дайындық шаралары, ғылыми кітапхана жұмысы, жаңа оқу жылына оқу кестелері мен оқу жоспарларын, лекция оқуға құқық берілген оқытушылардың тізімін бекіту, білімгерлер контингентін қалыптастыру, т.б.

Ғылыми кеңес оқу жылы бойынша университеттің бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда аймақтағы жетекші оқу орындарының бірі ретінде Министрлік талаптары деңгейінде жұмыс жүргізуіне барлық жағдай жасап отырады. Университеттегі құрылымдық өзгерістер, штаттық кесте, түрлі жиындар мен басқа мәселелерге жұмсалған қаржы сметалары, оқу үрдісінің қалыпты жүргізілуіне қажетті іс-шаралар әр түрлі мәселелер ретінде талқыланып, қарастырылады.

Университеттің ғалым хатшысы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы

1979 жылы туылған. Ұлты қазақ. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік дипломмен, 2000-2002–жылдар аралығында аталған университетте «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурада оқып, үздік бітірген. Өзінің еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында стажер-ізденуші болудан бастады. 2004-2005 жылдары аталған университеттің «Педагогика» кафедрасында оқытушы болып істеді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруда мол тәжірибелі маман. Егемен еліміздің тарихы мен әдебиеті, мәдениетіне қатысты оқу құралдары республикалық жоғары оқу орындарының, мәселен, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеттің оқу үрдісінде пайдалануда.

Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 12 жыл. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтары студенттеріне «Қазіргі қазақ әдебиеті», «1960-90 жылдардағы қазақ әдебиеті», «Әдебиет теориясы», «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері», т.б. міндетті пәндермен қоса, «Әдеби шығармашылық», «Жазушы шеберлігі», «Қазақ лирикасы», «Әуезовтану» арнайы курстарынан дәріс беріп, практикалық сабақтар жүргізеді.

       Ғылыми-педагогикалық қызметінің негізгі мазмұны ғылыми мақалалары мен оқу құралы, оқулығында көрініс тапқан:

Студенттерді бүгінгі күн әдебиетінің даму ерекшелігіне, ондағы тақырыптық арналар мен авторлық ізденістерді жекелеген көрекм туындылар мен ақын-жазушылар шығармашылығы желісінде ізденіс жұмыстарын жүргізуге баулып келеді. Ғылыми жетекшілік жасаған студенттерінің ғылыми жұмыстары жеке конференция жинақтарында жарияланған.

Қ.Тамабаева студенттер мен жас оқытушылар, магистрлерге үнемі ғылыми бағыт-бағдар көрсетіп отыратындықтан жоғары беделге ие.

   Қ.Тамабаева еліміздегі «Ұлттық тәрбие» бағдарламасына да қызу араласып, осы мәселеге қатысты республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысып қайтты. Сонымен қатар, тек ұлттық әдебиеттің өзекті мәселелерін ғана емес, қытай әдебиетінің де даму ерекшелігін тереңнен зерделеу мақсатында ортақ әріптестік байланыстар аясында зерттеу жұмыстарын жүргізуді мақсат тұтуда.

 

DSC 1084

 

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер