Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Медиа орталық

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ

Медиа орталық директоры

Tuganbai Nurzhan

 

 

Туғанбаев Нұржан Маратұлы – 1991 жылы 18 маусымда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2009-2013 жыл аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облыстық «АРстан» қоғамдық-саяси газетінде тілші ретінде бастаған. Одан кейін Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» қоғамдық-саяси газетінде, облыстық «Жамбыл спорты» басылымында тілші, «АРстан» қоғамдық-саяси газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2014 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне баспасөз хатшысы болса, 2015 жылдың қыркүйек айынан бері аталған университетте Медиа орталық директоры қызметін атқаруда.

Медиа орталық сипаттамасы:
Тарраз инновациялық-гуманитарлық университетінің медиа орталығы – жоғары оқу орнының жаңалықтары, күнделікті хабарландырулар мен заманауи трендтер туралы жаңаша және жан-жақты ақпаратпен жұртшылықты қамтамасыз ету міндеті жүктелген құрылымдық орталық. Медиа орталық университет ректорының бұйрығы арқылы құрылады. Құрылым тікелей ректорға бағынады. Медиа орталық құрамына орталық директоры, «Жастар айдыны» газеті, фото/видео операторлар,  сайт администраторы (web-бағдарламашы) қарайды. Құрылымның штаттық бірлік саны – 4. Құрылым қызметкерлері медиа орталық директорына қарайды.

1.Медиа орталық функциясы:
1.1Университет имиджін көтеру;
1.2 Облыстық, республикалық БАҚ-пен тығыз байланыста болу;
1.3 Университет іс-шаралары туралы жан-жақты ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына, ЖОО-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларына уақытылы жіберу және жариялап отыру;
1.4 Университет әкімшілігі ұйымдастырған кез келген іс-шараға БАҚ өкілдерін шақыру, баспасөз парағын дайындау;
1.5 Университет ұйымдастырған көлемді іс-шаралардан арнайы бейне репортаждар ұйымдастыру және youtube видео хостингтегі ТИГУ-TV каналына орналастыру, әкімшілік корпустағы экранға шығару;
1.6 Баспасөз орталығы кабинетінде түрлі деңгейдегі баспасөз мәслихаттарының өтуін ұйымдастыру;
1.7 Ішкі және сыртқы ақпараттар легін реттеу, бұқаралық ақпарат құралдарында университет имиджіне нұқсан келетін материалдардың орын алмауын қадағалау және негатив пікірлердің болмауын алдын алу.

2. Медиа орталық директорының міндетті:
2.1 Орталық функцияларының толықтай іске асуын қадағалау;
2.2 ЖОО қызметкерлері мен студенттердің облыстық телеарна мен газет-журналдарға шығуын ұйымдастыру;
2.3 Университет имиджін жоғарылату мақсатында үнемі тың идеялар мен бастамалар көтеру және жүзеге асыру;

3. «Жастар айдыны» газеті редакциясы:
3.1 Университет ұйымдастырған іс-шаралар туралы, оқу орнының тыныс-тіршілігі мен студенттер шығармашылығы жайлы ауқымды, танымдық материалдарды өз уақытында газет бетіне үйлесімді орналастырып, кафедралардан түскен мақалаларды сараптап, жүйеге келтіре дайындауға;
3.2 «Жастар айдыны» газетін ай сайын 500 данадан «Сенім» ЖШС баспасынан басылып шығарылуына жауапты;
3.3 «Жастар айдыны» газеті медиа басшысының, одан кейін университет ректорының рұқсатынан соң баспаға жіберіледі;
3.4 Редакция өкілі университет іс-шараларына атсалысуға және қатысуға міндеттеледі.

4. Фото/видео операторлар:
4.1 Университет ұйымдастырған іс-шараларды фото/видео таспаға түсіру, өңдеу;
4.2 Фото және видео репортаждар дайындау, монтаж жасау;
4.3 Фото/видео материалдардың сапасына жауап беру;

5. Сайт администраторы (web-бағдарламашы):
5.1 Университет сайтының күнделікті жаңарып (обновление) отыруына;
5.2 Сайтқа салынған материалдарды университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларына бөлісуге;
5.3 Сайтта орын алған техникалық ақаулар туралы хабарлауға және оның дұрысталуына жауапты.

***

Жалпы ережелер
Медиа орталық қызметкерлері БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста болады. 
Медиа орталық қызметкерлері өзінің қызметінде:

  • СМЖ құжаттарын жетілдіруде нормативті және инструктивті құжаттарын;
  • ХС ИСО 9001-2008 стандартын;
  • университеттің ішкі еңбек тәртіп ережесін;
  • қызметтік нұсқауды;
  • университет ректорының бұйрықтарын басшылыққа алады.

Медиа орталық қызметкерлері университет ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады. 
Медиа орталық қызметкерлері уақытша (сырқат, жол сапар, еңбек демалысы т.с.с.) болуына байланысты орталық қызметкерлеррінің жұмысы ректордың бұйрығы бойынша тағайындалған тұлғаға барлық міндет жүктеледі. Бұл тұлға өзіне жүктелген тапсырыстарға жауапкершілікпен қарайды.

Медиа орталық қызметкерлері құқылы:

  • нақты міндеттері көрсетілген қызметтік нұсқаумен танысуға;
  • белгіленген тәртіппен өз қызметтік деңгейін жоғарлатуға;
  • қызметтік басты сұрақтарды талқылауға қатысуға;
  • қызметтік жетістіктерде материалдық сыйақы алуға, ауызша марапатталуға; 
  • университеттің тегін кітапханалық, ғылыми, оқу бөлімдерінде, әлеуметтік-тұрмыстық, емделу қызметін пайдалануға.

Медиа орталық қызметкерлері жауапкершілікке тартылады:

  • өзінің қызметтік нұсқауларын уақытылы емес және сапасыз орындағаны үшін;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік, құқықтық және азаматтық заңнамаларымен анықталған қызметік бабында жасалған құқық бұзушылықтары үшін;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық және еңбек заңнамаларын бұзып, материалдық шығын келтіргені үшін;
  • университеттің конфиденциалды мәліметтерін таратқаны үшін.

Шерхантану орталығы

Tamabaeva Karakoz

Аты-жөні: Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы
Туған жылы, айы, күні: 14.08.1979 ж.
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Филология
Бітірген оқу орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Университеттегі қызметі: «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры
Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 Ғылыми-зерттеу орталығы 2009 жылдың 29 сәуірінен бастап жұмыс жүргізуде.

Бөлім басшысы, өмірбаяны: Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1996-2000 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филология»  мамандығының бакалавриатын, ал, 2002 жылы магистратурасын   үздік аяқтаған.
2005-жылы ф.ғ.д., профессор З.Бисенғалидың жетекшілігімен «Т.Нұрмағамбетов прозасындағы идеялық-көркемдік ізденістер»  тақырыбы бойынша кандидаттық  диссертациясын табысты қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми  дәрежесін иеленді.  
2002-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының стажер-ізденушісі.
2005-2009 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында ғалым хатшы, «Филология» кафедрасының аға оқытушысы.
2009-жылдан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ғалым хатшы, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметін атқаруда.
2010 жылы – ҚР білім және ғылым министрлігінің жоғары аттестаттау комитетінің доценті.
Өзінің педагогикалық және ғылыми шығармашылық  жолында 40-қа жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланып, жарыққа шықты. Оның ішіндегі ең бастылары: 2010, 2015 жылдары жарыққа шыққан «Көркем шығарманы талдау жолдары», «Тәуелсіз ел әдебиетінің даму ерекшелігі» атты оқу құралдары.

Бөлімнің мақсаты мен міндеттері:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан құрылған «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының мақсаты туған өлкеміздің түлегі, ел мақтанышы, Халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Ш.Мұртазаның шығармашылығын насихаттау, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлы зерттеу жұмыстарын жүргізу, жазушының шығармашылығын зерттеуші ғалымдармен байланыс орнату және олармен шығармашылық бірлікте жұмыс атқару болып табылады. Ғылыми-зерттеу орталығының басты міндеттерінің бірі - жазушы Ш. Мұртазамен нақты байланыс орната отырып, оның шығармашылық зертханасына қатысты маңызды материалдарды жинастыру, сондай-ақ, мүмкіндігіне қарай қаламгермен әңгімелесу сұхбаттар өткізіп, танымал туындыларының жазылу жайына, жазушылық енбегіне, шеберлік-ізденіс жолдарына байланысты өзге де тың мәліметтер алу және оны уақтылы қағазға түсіріп, мұрағаттық құнды дерек көзіне айналдыру.
Ғылыми-зерттеу орталығының негізгі міндеттерінің бірі зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар, студенттерді ғылыми жұмысқа баулу болып табылады. Осыған орай, студенттерге Ш.Мұртазаның шығармалары бойынша курстық, дипломдық, магистрлік жұмыстардың тақырыптары ұсынылады, белгілі жазушылардың және жергілікті қаламгерлердің қатысуымен студенттерге арналған «Шерхан Мұртаза сабақтары» ұйымдастырылады.
Ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы Халық жазушысы Ш.Мұртаза шығармашылығын зерттеумен шектелмейді, бүгінгі әдеби процесс, сонымен қатар облыс көлеміндегі әдеби-тарихи тұлғаларды, белгілі бір тарихи жағдайды бейнелейтін халықтық туындыларды зерттеумен, жалпы әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелерімен де айналысады.

Атқаратын қызметтері: Ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы Халық жазушысы Ш.Мұртаза шығармашылығын зерттеумен шектелмейді, бүгінгі әдеби процесс, сонымен қатар облыс көлеміндегі әдеби-тарихи тұлғаларды, белгілі бір тарихи жағдайды бейнелейтін халықтық туындыларды зерттеумен, жалпы әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелерімен де айналысады. Қалалық, облыстық «Шерхан оқулары» байқауын ұйымдастырып, оқушы жастардың шығармашылығына серпін беріп, рухани өрістерін кеңейту, жазушы шығармашылығын кеңінен насихаттау болып табылады.

Бөлім қызметкерлері:
Байсақалова Жадыра Манатқызы – орталықтың маманы, 2011 жылдан орталықта қызмет атқаруда;

sherkhantanu 1sherkhantanu 2sherkhantanu 3sherkhantanu 4sherkhantanu 5sherkhantanu 6sherkhantanu 7sherkhantanu 8sherkhantanu 9

Мекен- жайы: Желтоқсан көшесі, 69Б.

Тел: 87771179947
e-mail: karakoz14@mail.

«Түркітану» ғылыми зерттеу орталығы

«Түркітану» ғылыми зерттеу орталығы

 

«Түркітану» ғылыми зерттеу орталығының жұмысы жайында ақпарат
  «Түркітану» ғылыми зерттеу орталығыуниверситеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде , өңірде түркі өркениетін айғақтайтын археологиялық ескерткіштерге қатысты университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Студенттердің археология, тарих және өлкетануға байланысты пәндерден алған  теориялық білімімен қатар практикалық дағдылар беруге де міндет етіп, көне ескерткіштер мен жәдігерлерді зерттей отырып тіл деректерін нақты танып,сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіруді мақсат ете, оларды ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу.
Осы негізде «Түркітану» ғылыми зерттеу орталығы

1.Таластық сына жазулар бүгінгі күннің еншісінде атты тақырыппен:
-Талас ескерткіші жайында қаншалықты білеміз? Оның бүгінгі күнгі ғылымда алатын орны мен ескерткіштерді зерттеу ісінде алда тұрған міндеттер жайлы зерттеу жұмыстары;
-В.А. Каллаур жазу ескерткіштерін зерттеулері;
-Орхон-енисей типіндегі таластық жазу ескерткіштерін орыс ғалымдарының зерттеулері
-И.А. Батмановтың пікірі, мәтіндердің зерделеуі бағыттарында жұмыстар жүргізіліп, материалдар жинақталып, Жамбыл облыстық «Ақжолға» газетіне мақала берілді.

2.Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын Республика көлемінде тойлау бағдарламасы негізінде «Мәңгілік ел» идеясының түпқазығы - Қазақ хандығы атты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы негіздегі жинақталған материалдар қорытындысы газет бетіне дайындалуда.

3.Осы салаға байланысты Ғылыми зерттеу институттарымен,  археология және түркология ғылыми зерттеу орталықтарымен келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде;

4.Орталықтың жаңадан ашылына байланысты университет СМЖ  бойынша  мақсаттарын жүзеге асыру құжаттары дайындалды.

5.Жарнамалық-ақпараттық қызмет, ақпараттық жинақтар, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру және орталықтын Ғылыми өнімдерді республикалық және халықаралық көрмелерге ұсыну бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде;

6.«Түркітану» ғылыми зерттеу орталығына арналған әдістемелік кабинетін жабдықтау жұмыстар жүргізілуде.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер