СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ

Аты-жөні: Суталиева Шынар Борановна
Білімі: Жоғары
Мамандығы : Қаржы, Құқықтану
Бітірген оқу орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті Университеттегі қызметі : «Бәйтерек» студенттерге қызмет көрсету орталығының жетекшісі
Е-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Заң ғылымдары магистрі
Жамбыл облысы , Меркі ауданы, Меркі селосында дүниеге келген.
1983-85 жылдары» Алматы Есеп-кредит техникумын» бітіріп шықты.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеттінде «Қаржы» мамандығын, «Құқықтану» мамандығын бітіріп шықты. «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алды. Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтынан бастады. Сосын «М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде» жұмысын жалғастырды
Қазіргі таңда 2016 жылдың қыркүйегінен бастап «Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің» «Академиялық мобильдендіру және Болон үрдісі бөлімінің» бастығы, 2019 жылдан бастап «Бәйтерек» студенттерге қызмет көрсету орталығының жетекшісі қызметін атқаруда


«Бәйтерек»
студенттерге қызмет көрсету орталығының мақсаттары мен міндеттері:

Университет үшін құжаттардың дайындығын қамтамасыз ету;
Орталықтың негізгі мақсаты - білім алушыларға «бір ғана терезе» ұстанымы бойынша сапалы әрі жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, электрондық қызмет жүйесін ұйымдастыру және дамыту;
Студенттердің өтініштері бойынша уақытылы ақпарат беру (орталық негізіне кіретін қызмет көрсету аясында);
ЖОО-да сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықты түбегейлі жою мақсатында жағдай жасау;
Студенттердің сұраныстарын толық түсіну, қанағаттандыру;
Қызмет көрсету сапасы студенттердің күту уақытысымен сәйкес келуі;
Студенттер үшін ыңғайлы психологиялық ортаны құру;
Қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жасау ;
Университеттегі ішкі еңбек тәртібін ережелерін, Жарғы нормаларын, педагогикалық этика, қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау;
Басқарма құжаттарынынң сапа менеджменті жүйесі бойынша үйлестіру.