«Түркітану» ғылыми зерттеу орталығы

«Түркітану» ғылыми зерттеу орталығы

     «Түркітану» ғылыми зерттеу орталығының жұмысы жайында ақпарат
  «Түркітану» ғылыми зерттеу орталығыуниверситеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде , өңірде түркі өркениетін айғақтайтын археологиялық ескерткіштерге қатысты университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Студенттердің археология, тарих және өлкетануға байланысты пәндерден алған  теориялық білімімен қатар практикалық дағдылар беруге де міндет етіп, көне ескерткіштер мен жәдігерлерді зерттей отырып тіл деректерін нақты танып,сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіруді мақсат ете, оларды ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу.
Осы негізде «Түркітану» ғылыми зерттеу орталығы

1.Таластық сына жазулар бүгінгі күннің еншісінде атты тақырыппен:
-Талас ескерткіші жайында қаншалықты білеміз? Оның бүгінгі күнгі ғылымда алатын орны мен ескерткіштерді зерттеу ісінде алда тұрған міндеттер жайлы зерттеу жұмыстары;
-В.А. Каллаур жазу ескерткіштерін зерттеулері;
-Орхон-енисей типіндегі таластық жазу ескерткіштерін орыс ғалымдарының зерттеулері
-И.А. Батмановтың пікірі, мәтіндердің зерделеуі бағыттарында жұмыстар жүргізіліп, материалдар жинақталып, Жамбыл облыстық «Ақжолға» газетіне мақала берілді.

2.Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын Республика көлемінде тойлау бағдарламасы негізінде «Мәңгілік ел» идеясының түпқазығы - Қазақ хандығы атты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы негіздегі жинақталған материалдар қорытындысы газет бетіне дайындалуда.

3.Осы салаға байланысты Ғылыми зерттеу институттарымен,  археология және түркология ғылыми зерттеу орталықтарымен келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде;

4.Орталықтың жаңадан ашылына байланысты университет СМЖ  бойынша  мақсаттарын жүзеге асыру құжаттары дайындалды.

5.Жарнамалық-ақпараттық қызмет, ақпараттық жинақтар, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру және орталықтын Ғылыми өнімдерді республикалық және халықаралық көрмелерге ұсыну бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде;

6.«Түркітану» ғылыми зерттеу орталығына арналған әдістемелік кабинетін жабдықтау жұмыстар жүргізілуде.

MolgazhdarovАты-жөні:  филол. ғ. докторы доцент Молгаждаров Қасиет Какенұлы
Туған жылы: 1965ж. 08 қазан
Туған жері: СҚО Уалихан ауданы, Өндіріс ауылы (Бұрынғы Көкшетау обл. Қызылту ауд.).
Білімі: Жоғары. 1992 жылы Ш.Уәлихан атындағы Көкшетау пединституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығын алған.
      Кәсіби еңбек жолы мен қызметі:
•    1992-94 жылдары СҚО Уалихан ауданы Өндіріс қазақ орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі;
• 1994-2004 жылдар аралығында Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлихан атындағы жоғары оқу орнында “Қазақ филологиясы” факультетінің декан орынбасары;
•    «Этномәдени ғылыми зертхана» меңгерушісі;
•    «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі;
•    1997-1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де 10.02.20 – мамандығына тәлімгер-зерттеуші;
• 1999-2000ж. Ақмола облыстық білім жетілдіру институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдіскері;
• 2004-2015 жылдар аралығында «Көкше» академиясында (бұрынғы Көкшетау университеті) ұстаздықпен қоса 1-ші проректор, күндізгі, сырттай оқу және ғылым ісі жөніндегі проректор, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі проректор, “Тіл пәндері” кафедрасының меңгерушісі, Гуманитарлы-педагогикалық департаментінің директоры және Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің деканы болып қызмет еткен;
•  2016-2017 жылы Тараз қаласындағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып қабылданып, бүгінгі таңда «Ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректорлық қызметі жалғасуда.
      Ғылыми жұмысы мен жетістіктері. Қазақ тіл білімі мен жазу тарихына, қазіргі қазақ тілі және түркітану ғылымына қатысты жүзге жуық ғылыми еңбектері, соның ішінде он сегізі: Ресей, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Болгария, Қырғызстан елдерінде жарияланған және алты монография, бес оқу құралы баспадан жарық көрген. 2000-шы жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де “Көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика-грамматикалық сипаты” деген тақырыпта (10.02.20 – салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі) кандидаттық диссертациясын, 2012 жылы Қырғызстан Республикасы Бішкек (06.07.12) қаласынан «Түрк тилдериндеги көмөкчү сөздөрдүн калыптанышы жана өнүгүшү» атты (10.02.06 – Түркі тілдері) докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғаған. 2003 жылы ЖАК шешімімен «доцент» ғылыми атағы, «Көкше» академиясы мен ТИГУ-нің профессоры деген академиялық атағы берілген. Академия қабырғасында және одан тыс жерлерде болатын семинарларға, болондық үрдіске байланысты курстарға қатысқандығы жайлы сертификаттар (Көкшетау, София (Болгария), М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты, Алматы, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті) табысталған. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақмола, Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы және Көкшетау, Тараз қалалық білім бөлімі, ТИГУ-нің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d