«Дінтану» орталығы

«ДІНТАНУ»  орталығы

           Орталық 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жұмыс жүргізуде.
           Орталықтың  мақсаты мен міндеттері:
-  Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын орындау;
-  «Дінтану» орталығы қызметін дамыту және ұйымдастыруда жұмыстың орындалуына ат салысу;
- Университет студенттері мен қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру;
- Қазіргі замандағы дін проблемасының өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар және семинарлар ұйымдастыру;
-    Университет студенттері мен қызметкерлері тарапынан дін аясында туындаған сұрақтарға жауап беру.
      Атқаратын қызметтері:
      «Дінтану» орталығы Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатын орындауды алдыңғы қатарға қояды. Университет студенттері мен қызметкерлері арасынан деструктивті діни ағым өкілін анықтау және олардың алдын алу жұмыстарын атқарады. Дін тақырыбы аясында өзекті мәселелер бойынша семинар, дөңгелек үстел және конференциялар ұйымдастырады. Университет студенттері ПОҚ-на республика және облысқа танымал теолог, дінтанушы мамандармен кездесу ұйымдастырады.
      Орталықтың жеткен жетістіктері және жаңалықтары:
   Орталық университет студенттері мен қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, қаупі тақырыбы аясында бірқатар семинар жүргізді. Университет студенттері мен қызметкерлерінің діни сауатын арттыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығынан» әрқайсысы 10 данадан  «Деструктивные религиозные течения в истории», «К чему провоцирует неверное понимание религии?», «Тарихтағы деструктивті діни ағымдар», «Дінді қате түсіну неге ұрындырады?», «Сбившиеся с правильного пути», «Ақиқат жолынан адасқандар», «Причины различия между мазхабами», «Мазхабтар арасындағы айырмашылық себептері» атты бірқатар кітапшалар және т.б. кітаптар алынып, орталық кітапханасы құрылды. Орталық маманының қатысуымен әкімшілік тобы университет ішілік спорттық іс-шараларда бірнеше жүлделі орындарға ие болды.  
       Орталық  қызметкері:
Аты-жөні: Жумагалиев Ернур Айнабекович
Туған жылы, айы, күні: 28.05.1996 ж.
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Дінтану
Бітірген оқу орны: КазНУ
Университеттегі қызметі: «Дінтану» орталығының маманы

Орталық  маманы,  өмірбаяны:
     Жумагалиев Ернур– 2014-2018 жж.әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Философия және саясаттану» факультетінің «Дінтану» мамандығын аяқтады. 2018 жылдың 27 тамыз айынан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы қызметін атқаруда.
Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 69Б., Бас оқу ғимараты, 203 Б бөлме
Ұялы тел:87789990300
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өткізілген іс-шаралар толығырақ...

 

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d