...Хабарландыру! ... Құрметті әріптестер, магистранттар! ... Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Медиа орталық

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ

Медиа орталық директоры

Tuganbai NurzhanТуғанбаев Нұржан Маратұлы – 1991 жылы 18 маусымда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2009-2013 жыл аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облыстық «АРстан» қоғамдық-саяси газетінде тілші ретінде бастаған. Одан кейін Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» қоғамдық-саяси газетінде, облыстық «Жамбыл спорты» басылымында тілші, «АРстан» қоғамдық-саяси газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2014 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне баспасөз хатшысы болса, 2015 жылдың қыркүйек айынан бері аталған университетте Медиа орталық директоры қызметін атқаруда.

Медиа орталық сипаттамасы:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің медиа орталығы – жоғары оқу орнының жаңалықтары, күнделікті хабарландырулар мен заманауи трендтер туралы жаңаша және жан-жақты ақпаратпен жұртшылықты қамтамасыз ету міндеті жүктелген құрылымдық орталық. Медиа орталық университет ректорының бұйрығы арқылы құрылады. Құрылым тікелей ректорға бағынады. Медиа орталық құрамына орталық директоры, «Жастар айдыны» газеті, фото/видео операторлар,  сайт администраторы (web-бағдарламашы) қарайды. Құрылымның штаттық бірлік саны – 4. Құрылым қызметкерлері медиа орталық директорына қарайды.

1.Медиа орталық функциясы:
1.1Университет имиджін көтеру;
1.2 Облыстық, республикалық БАҚ-пен тығыз байланыста болу;
1.3 Университет іс-шаралары туралы жан-жақты ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына, ЖОО-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларына уақытылы жіберу және жариялап отыру;
1.4 Университет әкімшілігі ұйымдастырған кез келген іс-шараға БАҚ өкілдерін шақыру, баспасөз парағын дайындау;
1.5 Университет ұйымдастырған көлемді іс-шаралардан арнайы бейне репортаждар ұйымдастыру және youtube видео хостингтегі ТИГУ-TV каналына орналастыру, әкімшілік корпустағы экранға шығару;
1.6 Баспасөз орталығы кабинетінде түрлі деңгейдегі баспасөз мәслихаттарының өтуін ұйымдастыру;
1.7 Ішкі және сыртқы ақпараттар легін реттеу, бұқаралық ақпарат құралдарында университет имиджіне нұқсан келетін материалдардың орын алмауын қадағалау және негатив пікірлердің болмауын алдын алу.

2. Медиа орталық директорының міндетті:
2.1 Орталық функцияларының толықтай іске асуын қадағалау;
2.2 ЖОО қызметкерлері мен студенттердің облыстық телеарна мен газет-журналдарға шығуын ұйымдастыру;
2.3 Университет имиджін жоғарылату мақсатында үнемі тың идеялар мен бастамалар көтеру және жүзеге асыру;

3. «Жастар айдыны» газеті редакциясы:
3.1 Университет ұйымдастырған іс-шаралар туралы, оқу орнының тыныс-тіршілігі мен студенттер шығармашылығы жайлы ауқымды, танымдық материалдарды өз уақытында газет бетіне үйлесімді орналастырып, кафедралардан түскен мақалаларды сараптап, жүйеге келтіре дайындауға;
3.2 «Жастар айдыны» газетін ай сайын 500 данадан «Сенім» ЖШС баспасынан басылып шығарылуына жауапты;
3.3 «Жастар айдыны» газеті медиа басшысының, одан кейін университет ректорының рұқсатынан соң баспаға жіберіледі;
3.4 Редакция өкілі университет іс-шараларына атсалысуға және қатысуға міндеттеледі.

4. Фото/видео операторлар:
4.1 Университет ұйымдастырған іс-шараларды фото/видео таспаға түсіру, өңдеу;
4.2 Фото және видео репортаждар дайындау, монтаж жасау;
4.3 Фото/видео материалдардың сапасына жауап беру;

5. Сайт администраторы (web-бағдарламашы):
5.1 Университет сайтының күнделікті жаңарып (обновление) отыруына;
5.2 Сайтқа салынған материалдарды университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларына бөлісуге;
5.3 Сайтта орын алған техникалық ақаулар туралы хабарлауға және оның дұрысталуына жауапты.

***

Жалпы ережелер
Медиа орталық қызметкерлері БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста болады. 
Медиа орталық қызметкерлері өзінің қызметінде:

  • СМЖ құжаттарын жетілдіруде нормативті және инструктивті құжаттарын;
  • ХС ИСО 9001-2008 стандартын;
  • университеттің ішкі еңбек тәртіп ережесін;
  • қызметтік нұсқауды;
  • университет ректорының бұйрықтарын басшылыққа алады.

Медиа орталық қызметкерлері университет ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады. 
Медиа орталық қызметкерлері уақытша (сырқат, жол сапар, еңбек демалысы т.с.с.) болуына байланысты орталық қызметкерлеррінің жұмысы ректордың бұйрығы бойынша тағайындалған тұлғаға барлық міндет жүктеледі. Бұл тұлға өзіне жүктелген тапсырыстарға жауапкершілікпен қарайды.

Медиа орталық қызметкерлері құқылы:

  • нақты міндеттері көрсетілген қызметтік нұсқаумен танысуға;
  • белгіленген тәртіппен өз қызметтік деңгейін жоғарлатуға;
  • қызметтік басты сұрақтарды талқылауға қатысуға;
  • қызметтік жетістіктерде материалдық сыйақы алуға, ауызша марапатталуға; 
  • университеттің тегін кітапханалық, ғылыми, оқу бөлімдерінде, әлеуметтік-тұрмыстық, емделу қызметін пайдалануға.

Медиа орталық қызметкерлері жауапкершілікке тартылады:

  • өзінің қызметтік нұсқауларын уақытылы емес және сапасыз орындағаны үшін;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік, құқықтық және азаматтық заңнамаларымен анықталған қызметік бабында жасалған құқық бұзушылықтары үшін;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық және еңбек заңнамаларын бұзып, материалдық шығын келтіргені үшін;
  • университеттің конфиденциалды мәліметтерін таратқаны үшін.

Видеогалерея

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер