Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Шерхантану орталығы

Tamabaeva Karakoz

Аты-жөні: Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы
Туған жылы, айы, күні: 14.08.1979 ж.
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Филология
Бітірген оқу орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Университеттегі қызметі: «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры
Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 Ғылыми-зерттеу орталығы 2009 жылдың 29 сәуірінен бастап жұмыс жүргізуде.

Бөлім басшысы, өмірбаяны: Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1996-2000 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филология»  мамандығының бакалавриатын, ал, 2002 жылы магистратурасын   үздік аяқтаған.
2005-жылы ф.ғ.д., профессор З.Бисенғалидың жетекшілігімен «Т.Нұрмағамбетов прозасындағы идеялық-көркемдік ізденістер»  тақырыбы бойынша кандидаттық  диссертациясын табысты қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми  дәрежесін иеленді.  
2002-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының стажер-ізденушісі.
2005-2009 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында ғалым хатшы, «Филология» кафедрасының аға оқытушысы.
2009-жылдан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ғалым хатшы, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметін атқаруда.
2010 жылы – ҚР білім және ғылым министрлігінің жоғары аттестаттау комитетінің доценті.
Өзінің педагогикалық және ғылыми шығармашылық  жолында 40-қа жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланып, жарыққа шықты. Оның ішіндегі ең бастылары: 2010, 2015 жылдары жарыққа шыққан «Көркем шығарманы талдау жолдары», «Тәуелсіз ел әдебиетінің даму ерекшелігі» атты оқу құралдары.

Бөлімнің мақсаты мен міндеттері:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан құрылған «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының мақсаты туған өлкеміздің түлегі, ел мақтанышы, Халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Ш.Мұртазаның шығармашылығын насихаттау, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлы зерттеу жұмыстарын жүргізу, жазушының шығармашылығын зерттеуші ғалымдармен байланыс орнату және олармен шығармашылық бірлікте жұмыс атқару болып табылады. Ғылыми-зерттеу орталығының басты міндеттерінің бірі - жазушы Ш. Мұртазамен нақты байланыс орната отырып, оның шығармашылық зертханасына қатысты маңызды материалдарды жинастыру, сондай-ақ, мүмкіндігіне қарай қаламгермен әңгімелесу сұхбаттар өткізіп, танымал туындыларының жазылу жайына, жазушылық енбегіне, шеберлік-ізденіс жолдарына байланысты өзге де тың мәліметтер алу және оны уақтылы қағазға түсіріп, мұрағаттық құнды дерек көзіне айналдыру.
Ғылыми-зерттеу орталығының негізгі міндеттерінің бірі зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар, студенттерді ғылыми жұмысқа баулу болып табылады. Осыған орай, студенттерге Ш.Мұртазаның шығармалары бойынша курстық, дипломдық, магистрлік жұмыстардың тақырыптары ұсынылады, белгілі жазушылардың және жергілікті қаламгерлердің қатысуымен студенттерге арналған «Шерхан Мұртаза сабақтары» ұйымдастырылады.
Ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы Халық жазушысы Ш.Мұртаза шығармашылығын зерттеумен шектелмейді, бүгінгі әдеби процесс, сонымен қатар облыс көлеміндегі әдеби-тарихи тұлғаларды, белгілі бір тарихи жағдайды бейнелейтін халықтық туындыларды зерттеумен, жалпы әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелерімен де айналысады.

Атқаратын қызметтері: Ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы Халық жазушысы Ш.Мұртаза шығармашылығын зерттеумен шектелмейді, бүгінгі әдеби процесс, сонымен қатар облыс көлеміндегі әдеби-тарихи тұлғаларды, белгілі бір тарихи жағдайды бейнелейтін халықтық туындыларды зерттеумен, жалпы әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелерімен де айналысады. Қалалық, облыстық «Шерхан оқулары» байқауын ұйымдастырып, оқушы жастардың шығармашылығына серпін беріп, рухани өрістерін кеңейту, жазушы шығармашылығын кеңінен насихаттау болып табылады.

Бөлім қызметкерлері:
Байсақалова Жадыра Манатқызы – орталықтың маманы, 2011 жылдан орталықта қызмет атқаруда;

sherkhantanu 1sherkhantanu 2sherkhantanu 3sherkhantanu 4sherkhantanu 5sherkhantanu 6sherkhantanu 7sherkhantanu 8sherkhantanu 9

Мекен- жайы: Желтоқсан көшесі, 69Б.

Тел: 87771179947
e-mail: karakoz14@mail.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер