Бірінші проректор

АСҚАР БЕГАДІЛҰЛЫ АБДУАЛЫ,

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Бірінші проректоры,
тарих ғылымдарының докторы, профессор

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан ауылында 03.01.1953 жылы көп балалы отбасында дүниеге келген. 1975 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1979 жылы институтты «Тарих» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл педагогикалық институтында бастап, 1979-1983 жылдары «Тарих және саясаттану» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарған. 1983-1988 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасында білімін жалғастырып, 1988 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін корғап шықты. 1992 жылы доцент ғылыми атағын алған. 1989-1996 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарған. 1996-1998 жылдары Жамбыл университетінде кафедра меңгерушісі, 1998-2001 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетінің деканы, 2001-2003 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.
       2003-2010 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының директоры қызметтерін атқарған. 2006 жылы «XVIII ғасырдың 2-ші жартысы және XIX ғасырдың 60 жылдар аралығындағы Хиуа хандығы мен Қазақстанның қарым-қатынасы» тақырыбы бойынша тарих ғылымдарының докторы дәрежесін қорғап, 2010 жылы профессор ғылыми атағын алған. 2010 жылдың наурызы мен 2013 жылдың наурызы аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры. 2013 жылдың 1 сәуірінен 2020 жылдың ақпан айына дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры қызметін атқарған.

Білім беру саласындағы көп жылдық жемісті еңбектері үшін 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің кұрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, 2006 жылы «Отан» республикалық саяси партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен, 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 2011 жылы «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген Еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және 2013 жылы желтоқсанда мемлекеттік «Құрмет» орденімен наградталған. Жамбыл облысы Байзақ ауданының «Құрметті азаматы». 2018 жылы қыркүйек айында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығының құрметіне «Алаш» естелік медалімен марапатталды.

Асқар Бегаділұлы – 160 дан аса ғылыми және әдістемелік еңбектердің, соның ішінде 10 монографияның, оқулық және оқу құралдарының авторы.

Отбасылы, үш баласы, тоғыз немересі бар.

 

АБДУАЛЫ АСҚАР БЕГАДЫЛҰЛЫ

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ПРОРЕКТОР

 

Аты –жөні: Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлы.
Жүмыс орны: Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры.
Туған жылы, туған жері: 1 мамыр 1951 жыл, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы.
Білімі: Жоғары. 1974 ж. Алматы халық шаруашылығы институтының «Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген, 1985 жылы экономика ғылымдарының кандидаты, 2000 жылы экономика ғылымдарының докторы.
Ғылыми дәрежесі, гылыми атағы: Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Жалпы жұмыс өтілі: 46 ж.
Саладығы жұмыс тәжірибесі: 44 ж.
Осы ұжымындағы жұмыс тәжірибесі: 5 ж.
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар: «ҚР ғылымды дамытуында еңбегі үшін» төсбелгісі (2002ж.), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2006ж.), «Үздік оқытушы» мемлекеттік гранты (2014ж.), «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2019 ж.)
Кәсіби еңбек жолы мен қызметі: Институтты бітірген соң еңбек жолын  Жамбыл облысы Мемлекеттік банкінің Бас бухгалтериясында  механизация есебін жүргізу бойынша аға инженер қызметінен бастады. 1975 жылы Мемлекеттік банктің Қазақ республикалық кеңсесінде Өндірістік бюро басшысының орынбасары болып тағайындалды.
1977-1991 жж. Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтына оқутушы, аға оқутушы, доцент, доцент, есеп-экономикалық факультетінің декан орынбасары қызметін атқарды.
1991-1997 жж. Қызылорда агроөнеркәсіптік өндіріс институтының экономика факультетінің деканы.
1997-2005 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің деканы.
2005-2010 жж. А.Яссауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында проректор.
2007- 2010 жж. А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңесінің төрағасы.
2010-2011 жж. Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің ғылым, халықаралық байланыс және стратегиялық өсу бойынша проректор.
2011-2015 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2015-2019 жж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі.
2019 ж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры.
 Ғылыми-оқытушылық қызметі. С.Д.Тажибаев-бухгалтерлік есеп, аудит, бақылау мен экологиялық менеджмент саласындағы көрнекті ғылым. Автор өз еңбектерінде басқарудың экономикалық құрылысын жүзеге асыру жолдарын, кәсіпорындардағы табиғатты қорғау қызметінің есеп және аудитін зерттеп, есеп, бақылау және аудиттің әдіснамасын, қағидаларын мен тәсілдерін жетілдірудің негізін айқындап, тұңғыш рет бухгалтерлік есеп пен аудиттің «Өндірістің экологиялық әсерін есептеу мәселелердің ықпал ету аудиті» стандартарын жасады.
С.Д.Тажибаев жасаған дәйектемелер мен ұсыныстар оқу үрдісін ұйымдастыруда, әкімшілік пен қоғамдық ұйымдардың бағдарламаларын, нормативті құжаттарын дайындауда және Қазақстан мен Қырғызстан Республикалары ғылымдарының ғылыми зерттеулерінде қолданылады.
С.Д.Тажибаев жалпы көлемі 550 баспа парақ болатын 250-дан аса ғылыми еңбек жариялаған, оның ішінде 13 монография мен 12 оқу құралы бар. Олар ТМД мен АҚШ баспаларында жарық көрген.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында еңбек еткен жылдары С.Д.Тажибаев өзін жоғарғы білікті педагог ретінде танытып, оқу үрдісін басқаруда зор шеберлік байқатты. Профессор С.Д.Тажибаев Ғылыми-әдістемелік кеңеске жетекшілік жасап, жоғарғы оқу орнының мамандықтары бойынша элективті пәндер каталогын дайындауға басшылық жасады. Ол экономика ғылымдарының кандидаты мен докторларын даярлау және оқытушылардың біліктілігін көтеру мәселесіне ерекше назар аударды. Ол 2003-2010 жылдары арасында Қырғыз экономикалық университетіндегі және 2005 жылдан бері Түркістан қаласындағы диссертациялық кеңес мүшесі.
2007-2010 жылдары С.Д.Тажибаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика ғылымдары докторы ғылыми дәрежесін алу диссертациясын қорғау жөніндегі Д14.61.15 диссертациялық кеңесінің төрағасы болды. Оның төрағалығымен 7 докторлық, 48 кандидаттық диссертация қорғалды.
С.Д.Тажибаевтің жетекшілігімен 3 ғылым докторы және 13 ғалым кандидаттары дайындалды, 50 аса магистрантар даярлауға ғылыми кеңес көрсетті. 08.00.12-Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика, 08.00.05-Экономика және халық шаруашылығын басқару, 08.00.10 - Қаржы және 08.00.19 - Табиғатты пайдалану экономикасы бойынша 18 докторлық пен 40-дан аса кандидаттық диссертация жұмыстарына оппонент болды.
Университет, қала және облыс көлемінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. С.Д.Тажибаев жалпы көлемі 550 баспа парақ болатын 250-дан аса ғылыми еңбек жариялаған, оның ішінде 13 монография мен 12 оқу құралы бар. Олар ТМД мен АҚШ баспаларында жарық көрген.
«Аул» Халықтық демократиялық патриотік партиясының мүшесі.
 Жанұясы: Отбасылы, жоғары білімді 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, 2 немере сүйіп отырған азамат.

 

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор

S.Ashirbekov

Аты-жөні: Аширбеков Санат  Сагинбекович
Туған жылы: 14.03.1971ж;
Бітірген оқу орны: ТарМПИ
Мамандығы: «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» 

Соңғы  5 жылда жұмыс жасаған мекеме, қызметі: Алматы облысы, Панфилов ауданы, «Жаркент-Арасан» МСК-нің директоры 2014ж., Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, 12 жылдық білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының директоры 2015ж., Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы 2016ж., ТИГУ Тәрбие және қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі проректоры 2017ж., Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор 2018ж..
Қазіргі қызметі: Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор

Электронды почтасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректорына төмендегі құрылымдық бөлімдер  жұмыс  жасайды.
Олар:
- Тәрбие жұмыстары бөлімі;
- Жастар ісі жөніндегі комитеті;
- «Ұйымдастыру-әдістемелік және мәдени жұмыстар» секторы;
- «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығы;
- Баспахана;
- «Шерхантану» орталығы;
- «Рухани жаңғыружәне Саналы ұрпақ» орталығы;
- Ішкі қауіпсіздік  бөлімі;
- Дәрігерлік көмек көрсету бөлімшесі.

     

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректорының атқаратын қызметі.

        Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры университет деңгейіндегі тәрбие және әлеуметтік жұмыстарының ұйымдастырылуына басшылық жасайды. Тәрбие жұмыстары бөлімінің, Жастар ісі жөніндегі комитеті, «Ұйымдастыру-әдістемелік және мәдени жұмыстар» секторы, «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығы, Баспахана, «Шерхантану» орталығы, «Рухани жаңғыружәне Саналы ұрпақ» орталығы, Ішкі қауіпсіздік  бөлімі, Дәрігерлік көмек көрсету бөлімшелерінің жұмысын қадағалап отырады, үйлестіреді.
   Факультеттердегі тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуын университеттегі факультеттер мен кафедралардың тәрбие жұмыстарының жоспарларын бекітеді. Университеттің Ғылыми кеңесіне өзінің жұмыстары туралы есеп береді. Университетте «Ұлт аспаптар оркестрі» жұмысына басшылық жасайды, «Халық театры» атағын алу жұмыстарын ұйымдастырылуына басшылық етеді. Университеттің стратегиялық даму бағытындағы жұмыстарына ұсыныс береді.     

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректорының соңғы 5 жылдағы жеткен жетістіктері:

2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан ерекше үлесі үшін «Алғыс сертификатымен» марапатталды. (2017ж.);
Облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. (2015ж.)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ,Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры ұйымдастыруымен және ҚР Нидерланд корольдігінің, ҚР Президенті жанындағы басқару академиясының, ТОО "QLT", "Параграф" ақпараттық жүйесінің қолдауымен өткен "Құқықтық нормативтік актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама" атты семинар сертификаты (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысы А.Шпекбаев, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры Президенті З.Батталова, 2020ж.