Бірінші проректор

D.YU.B1.Аты-жөні: Дубский Юрий Васильевич
2.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті бірінші проректор
3.Туған жылы мен туған жері: 12.01.1939 жыл, Қызылорда қаласы
4.Білімі:  жоғары. 1961 жылы М.И. калинин атындағы Саратов механизациялау институтын «ауылшаруашылық өндірісін процестерін механизациялау» мамандығын аяқтап, «инженер - механик» біліктілігін алды. 1965 жылы Саратов политехникалық институтын «Гигроскопиялық приборлар мен құрылғылар» мамандығы бойынша аяқтап, «инженер электр механик» біліктілігін алды. 1974 жылы М.И. Калинин атындағы Саратов механизациялау институтында аспирантураны аяқтап, техника ғылымдарының кандидаты ғылым дәрежесін иеленуге диссертациясын қорғады.
5.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент
6.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған уақыты: 1999 жылы «Білім үздігі» төсбелгісі және 2009 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері».
7.Жалпы жұмыс өтілі: 57 жыл
8.Саладағы  жұмыс өтілі: 44 жыл
9.Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 3 жыл
10.Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме: еңбек жолын 1961 жылы Саратов қаласындағы кәсіпорындарда инженер – конструктор ретінде бастап, 1 категориялы конструкторға дейін жол салды. 1974 жылы М.И. Калинин атындағы Саратов механизациялау институтында аспирантураны аяқтап, техника ғылымдарының кандидаты ғылым дәрежесін иеленуге диссертациясын қорғағаннан кейін Жамбыл гидромелиоративті институтының «Тракторлар» кафедрасына аға оқытушы қызметіне жас маман ретінде жіберілді. 1976 жылдың қазан айында «Тракторлар» кафедрасының меңгерушісі қызметіне қабылданып, осы жылы «жоцент» ғылыми атағын алды. Кафедра меңгерушісі ретінде ғылыми – зерттеу жұмысына жоғары назар аударып, нәтижесін оқу процесіне кең енгізуді қолға алды.
     1980 жылы  Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісінің  технологиялық институтына оқу ісі жөніндегі проректор қызметіне тағайындалып, 1986 жылдың қыркүйек айына дейін осы қызметте атқарды. Жұмыс барысында оқу процесі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға назар аударды. Студенттердің жұмыс уақытының бюджетін зерттеу бойынша ҒЗЖ жүргізіліп, соның негізінде жұмыс оқу жоспарындағы барлық пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмысының тиімді жүктемесі жоспарында оқу процесі құрастырылды.
       Оқу процесінде реалды өндірістегі ғылым мен оқу процесінің байланысын жүзеге асыратын пратикаға бағытталған курстар кең енгізілді. Жоғарыда айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында әр кафедрада оқу процесінде өндірістік процестерді моделдеуге мүмкіндік беретін жабдықтар болды. Сонымен қатар, арнайы кафедралардың кәсіпорындарда филиалдары болды (Джамбулкожобувь, Элеваторлар, нан зауыттары, Тігін фабрикалары және т.б.).
     1986 жылы осында, ал 1998 жылдан бастап 2004 жылдың қыркүйек айына дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде оқу – әдістемелік бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2004-2015 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік институты оқу – әдістемелік басқармасының бастығы қызметін атқарды.
      2015 жылдың тамыз айында ТИГУ академиялық сұрақтар бойынша Департаментінің Директоры қызметіне қабылданды. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ТИГУ оқу – әдістемелік жұмыстар бойынша проректор қызметіне тағайындалды. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, бірінші проректор.  Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінде жұмыс атқару барысында студентке бағытталған оқытуды енгізуге, Назарбаев Университетінің тәжірибесін оқу процесіне енгізуге үлкен назар аударды. Оның тікелей жетекшілігімен университет институционалды және бірнеше бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден жемісті өтті.
      Коллективті басқаруда жоғары ұйымдастырушылық және новаторлық қасиеттерімен ерекшеленеді, оқу процесіне инновациялық және интербелсенді әдістерді енгізу бойынша кең жұмыстар жүргізеді және олардың қолданылуы дайындалатын мамандардың сапасын арттыруға зор мүмкіндіктер береді.
       Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Ол 50-ден астам ғылыми, оқу – әдістемелік жұмыстар мен Ережелерді баспаға шығарды. Авторлық куәлігі бар. Бірнеше рет ҚР БжҒМ тарапынан білім беру ұйымдарын аттестаттау және аккредиттеу бойынша комиссия жұмыстарына шақырылды. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі.

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d