Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Шертаев Ерман Тельманұлы

Shertaev

Е.Шертаев 30 маусым 1965 жылы Шымкент қаласында, қызметкер жанұясында дүниеге келген.
1972 жылы Шымкент қаласындағы Қ. Спатаев атындағы №7 қазақ орта мектебіне түсіп, оны 1982 жылы бітірді.
1982 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтының «Химиялық өндірістерінің машиналары мен аппараттары» мамандығына түсіп, 1987 жылы үздік дипломмен бітіріп, инженер-механик мамандығын алған.
1987-1990 жылдарда Шымкент қаласындағы КазНИИгипрофосфор институтының Электротермия лабораториясының инженері лауазымында қызмет атқарды.
1990-2006 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтында «Химиялық технологиялардың процесстері мен аппараттары» кафедрасында Механохимия зертханасының инженері, 1992-1995 жылдарда аспирант, 1994 жылдан «Химиялық технологиялардың процесстері мен аппараттары» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент міндетін атқарушы, ал 1999-2006 жылдарда М. Әуезов атындағы ОҚМУ (ҚазХТИ) «Тіршілік қауіпсіздігі және коршаған ортаны қорғау» кафедрасының доценті, сонымен қатар 1996-2006 жылдарда М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқу-әдістемелік басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2006-2007 оқу жылында М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясының Ақмола филиалында жалпытехникалық факультет деканы қызметін атқарды.
2007 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінде бас маман, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшы қызметтерінде жұмыс атқарды.
2009 жылдың желтоқсан айынан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының меңгерушісі, оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметтерінде жұмыс атқарды.
2012 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың тамыз айына дейін Астана қаласындағы Астана–Туран университетінде кадр бөлімінің бастығы, құқық факультетінің деканы қызметтерінде жұмыс атқарды.
2013 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың шілде айынан дейін Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде Оқу-әдістемелік бөлімнің бастығы, Техника және технология факультетінің деканы қызметтерінде жұмыс атқарды.
2014-2015 оқу жылында Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Жылуэнергетика кафедрасының доценті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетінің доценті қосымша қызметтерін атқарды.
2015 жылдың тамыз айынан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен марапатталған.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер