Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тәрбие және әлеуметтік
жұмыстар жөніндегі проректоры, педагогика магистрі

Kulabekova Gulshat

Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызы

1969 жылы 17 сәуірде Жамбыл қаласында туылған.
1984-1988жылдары Абай атындағы Жамбыл педагогикалықучилищесінде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша білім алды. Училищедегі оқу жылдарында үздік оқуымен, ерекше белсенділігімен танылып, облыстық кәсіподақ ұйымы тағайындаған арнайы стипендияның иегері атанды. 1987 жылы Жамбыл қаласы Орталық  аудандық  халық депутаттары Кеңесіне депутат болып сайланды.

Училищені үздік бітіріп, білімін 1988-1992 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы бойынша жалғастырды. Институтты үздік дипломмен бітіріп, еңбек жолын 1992 жылы Абай атындағы  Жамбыл педагогикалық училищесінде мектепке дейінгі педагогика және психология пәнінің оқытушысы болудан бастады.

1996 жылы  Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

1997 жылдан бастап 2004 жылдың тамыз айына дейін Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін табысты атқарды.

2004-2009 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында директордың тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, 2009-2011 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор, 2011-2012жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқаруда.

Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен қатар студенттерді түрлі шығармашылық байқаулар мен пәндік олимпиадаларға жоғары деңгейде дайындап, нәтижесінде бірқатар студенттер халықаралық «Тұран аруы», республикалық «Ана тілі сұлтаны» және «Ана тілі аруы»,  Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқушылары және «Қанекей, тілім сөйлеші!» атты шешендік өнері байқауларының, ұлттық Дельфий ойындарының  және т.б. лауреаттары мен дипломанттары атанды.
Марапаттары:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы, 2011 жыл, сәуір
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы, 2015 жыл, сәуір
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2016 жыл, наурыз

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер