Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

Ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректор

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректоры
Аймақтық Менеджментінің  Академиясының академигі,
техника ғылымдарының докторы, профессорNemerebaev Mukatai

 М.Немеребаев 20 шілде 1947 жылы Талдықорған облысы (Алматы) Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.
1955 жылы Жансүгіров ауылындағы В.Чапаев (Сиқымов) атындағы орта мектепке барып, оны 1966 жылы бітірген.
1966-1967 жылы аралығында В.Чапаев атындағы совхозда жұмысшы болып еңбек атқарды.
1967-1970 аралығында Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеп қайтқаннан кейін, Ақсу кино торабында жұмыс атқарған.
1970 жылы Қарағанды политехникалық институтының құрылыс инженерлері факультетіне түсіп, оны 1975 жылы үздік дипломмен бітіріп, құрылысшы инженер мамандығын алған.
1974 жылы білімгерлердің құрылыс жасақтарының жұмысының қорытындысы бойынша Кеңестер Одағының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
1974 жылы сәуір айында өткен Бүкіл Одақтық комсомолдың ХVII-съезінің делегаты болған.
1975-1978 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтына жолдамамен келіп оқытушы қызметін атқарды.
1978-1994 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, деканның орынбасары.
1989 жылы М.И. Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтында жұмыстан қол үзбей 01.02.06 – “Машиналардың, аспаптардың және аппартуралардың динамикасы, беріктігі” мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
1993 жылы  01.02.00-Механика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған.
1994-1998 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында Механикаландыру және автоматтандыру факультетінің деканы қызметін атқарған.
1998-2003 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Тіршілік қауыпсіздігі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2008 жылы 01.02.06 – “Машиналардың, аспаптардың және аппартуралардың динамикасы, беріктігі” мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2008 жылғы 31 қазандағы шешімен техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
2009 жылда  01.02.00- Механика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілген.

Негізгі ғылыми бағыты: Ұшақтар мен зымырандар түріндегі құрылымдардың және құрылыс бөлшектерінің бірі болып табылатын көп қабатты арматураланған композит материалдардан жасалған қабыршақтарды (оболочка) және олардың иілу қатаңдығын көбейтуге арналған тор көзді қабыршақтарды динамикалық күштерден, температурадан және құрылыстық әсерлерден есептеудің инженерлік әдісін жасауға арналған.
Жалпы зерттеп жүрген ғылым саласы бойынша 140 астам ғылыми әдістемелік мақалалары жарық көріп, үш аспирантқа жетекші болып, олардың жұмыстары жоғары бағаланып, ғылым кандидаттары атанды. Сонымен бірге 4 монография мен бірнеше авторлық куәліктің және  23 оқу құралы мен оқулықтар және ҚР білім және ғылым министірлігінің тақырыптық жоспары бойынша республиканың жоғары оқу орындарының базалық оқулығы ретінде екі оқулық  ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығының баспасынан шықты, олар

Материалдар кедергісі және Материалдар мен конструкциялық материалдар технологиясы атты оқулықтар.
2003-2007 жылдары А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында Оқу-әдістемелік бөлім бастығы қызметін атқарған.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталған
2007-2008 жылдары А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы.
2008 жылдың шілде айынан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігінің 2009 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы беріліп, төсбелгісімен марапатталған. 
2010 жылы  Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісімен  марапатталған.
2014 жылы Жамбыл облысының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Байланыс мекен жайы, телефон, электронды поштасы:
Тараз қаласы, Казакова көшесі 91.
үй тел: (8-7262) 56-47-63, жұмыс тел: (8-7262)51-90-99;
с.т: 8-700-964 87 02, 8 -777-335-20-65 
Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер