ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

B.KЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ БУЛЕКБАЕВА КАМИЛА БАЛТАБАЙҚЫЗЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

        Қымбатты достар, біз сіздерді Тараз инновациялық - гуманитарлық университеті Жаратылыстану факультетінде қарсы алуға қуаныштымыз!
      Жаратылыстану факультеті университеттің құрылған күннен бастап бірнеше буын түлектері бар, жоғары білікті ПОҚ-ы және жоғары материалдық - техникалық базасымен болашақ бәсекеге қабілетті мамандарды техникалық, жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары мамандықтары бойынша дайындайды.
       Факультетте Білім беру қызметін жоғары білікті мамандар, олардың арасында – атақты ғалымдар, академик, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер , PhD докторлар мен үлкен педагогикалық және ғылыми қызметі.еңбек өтілі бар оқытушылар атқарады. Және олар әрқашан Сіздегі көшбасшылық, креативтік, ұтқырлық қабілеттерінізді арттыруда өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын.
      Сізді факультеттің сапалы жоғары білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге және биік шыңдарға жетуге бағытталған бірқатар талантты және табанды жастарының арасынан көруге қуаныштымыз.
       Сізге білім алуда және болашақ мансабыңызда табысқа жетуіңізді тілейміз.

 КАФЕДРАЛАР

Биология ауылшаруашылық мамандықтар, география және туризм кафедрасы

«Биология ауылшаруашылық мамандықтар, география және туризм» кафедрасы

Қазақстан Республикасының сұранысына қажет зияткерлік әлеуеттігі жоғары дәрежелі кадрларды дайындау - әрбір жоғарғы оқу орнының алдына қойған мақсаты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоғары оқу орындары тек оқытып қана қоймай, ғылыми зерттеушілікке білім алушылардың ынтасын да арттыру керек екендігі айтылды. Осы «Биология ауыл шаруашылық мамандықтар, география және туризм» кафедрасы өз қызметін оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарға сай жүзеге асырды.

Профессор-оқытушылардың біліктілігін көтеру мақсатында 2014 оқу жылында «Агробиологиялық ғылыми-өндірістік иниституты» ашылды. Институт зертханасында профессор-оқытушыларға ғылыми бағыт-бағдар беретін жылы жай құрылысы, тәжірибелік нысандар жұмыс істейді. Кафедраның профессор-оқытушылары кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында жетекші жоғары оқу орындарында арнайы курстардан өтіп, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға үздіксіз қатысып отырады.

Кафедра профессор оқытушылары Қазақстан Республикасы мен шет елдердің ең үздік білім беру орталықтарында біліктілігін көтерді (2017 жылы а.ғ.к. Қ.Сейтбаев, М.Молдақметов, Л.МахмутоваМосква және Санкт-Петербург жоғары оқу орындарында (Ресей) біліктілігін көтеріп келді.

Кафедра тарихы: «Биология, ауылшаруашылық мамандықтар, география және туризм» кафедрасы төмендегі мамандықтар бойынша маман  дайындайды:

Кафедра жетістіктері:
Кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстары:
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

Жетістіктер

Толық жетістіктер тізімін - ЖҮКТЕУ

Кафедра

                                 «СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ
      «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасы 2008-2009 оқу жылында Қ.А. Яссауи атындағы ХКТУ Тараз институтының «Жаратылыстану пәндері» кафедрасының негізінде құрылған. 2017-2018 оқу жылында «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасы болып қайта құрылды.2     Кафедрада 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау, 5В120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары бойынша бакалаврларды және  6М073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша магистрлер дайындалады. Аталған мамандықтардың оқу процесін жүргізу үшін кафедра қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған, интернет желісіне тегін қосылған оқу залдары, 2 электронды оқу залы, 3 кәсіби зертханалары бар. Оқылатын пәндердің барлығы оқу-әдістемелік кешендермен қамтылған, міндетті пәндер бойынша электронды оқулықтар, виртуалды зертханалық жұмыстар әзірленген. Кафедраның «Сарапшы» үйірмесінде Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша 20-ға жуық студенттер қатысады. Зерттеу жұмыстарымен айналысу барысында студенттер техника ғылымы саласында жарияланған ғылыми басылымдармен жұмыс істеуге және әртүрлі өнім сапасын сараптауға, зерттеу нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерді тұжырымдарды қорғайды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі тек студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасап қоймай, кафедрада пәндер бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарына, семинарлық сабақтарда, өзіндік жұмыстарда қолдануда және осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.

5В120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтар
    Элективті пәндер каталогы
    Білім беру бағдарламасы
    Жұмыс оқу жоспары
    Жұмыс оқу жоспары-17/1
    Келісілді/Согласование

5В073200 – Стандарттау және сертификаттау
   Элективті пәндер каталогы (2018-2019)

  Элективті пәндер каталогы (2019-2020)

    Білім беру бағдарламасы
    Жұмыс оқу жоспары 2015ж 4жылдық
    Жұмыс оқу жоспары 2016ж 4жылдық
    Жұмыс оқу жоспары 2017ж 4жылдық
6М073200 – Стандарттау және сертификаттау
    Элективті пәндер каталогы 1 жылдық
    Элективті пәндер каталогы 2 жылдық
    Білім беру бағдарламасы
    Жұмыс оқу жоспары 1 жылдық
    Жұмыс оқу жоспары 2 жылдық

 

Кафедра

                    АҚПАРАТТЫ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

IMG 20181105 125057

Кафедра туралы:

 «Ақпаратты - коммуникативтік технологиялар»кафедрасы 5В070400- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 5В060200-«Информатика» мамандықтарын даярлайды. 

Кафедра мамандықтарының  білім бағдарламаларының негізгі мақсаты - заманауи есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама саласында бәсекеге қабілетті, жаңаша ойлайтын және отансүйгіштік тәрбие алған, комплексті есеп, талдау жүргізе алатын, өндірістің, шаруашылықтың, экономиканың, әлеуметтің, басқару жұмысының барлық салаларында, ғылымда, техникада, білімде, өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті ғылыми көлемді бағдарламалық қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындап шығару болып табылады.

Кафедра мамандықтарының студеттері ойын, мобильдік немесе веб-қосымшаларын әзірлеу, 3Д модельдеу, ақпараттарды сараптау немесе жасанды интеллект секілді ақпараттық технологиялар саласындағы түрлі жаңашылдықтармен танысады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университет мамандықтарының студенттеріне «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» пәнінен қазақ- орыс-ағылшын  тілдерінде дәріс береді.

Бітіруші «5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын және іске қосатын, өңдейтін мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

Бітіруші «5В060200 –Информатика» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: жобалау және ғылыми зерттеу институттар,  басқару органдары, ақпараттық технологиялар  департаменті,  қаржылық ұйымдар, бизнес-структуралар, білім беру мекемелері, оқу орындары, өнеркәсіптік өңдірістер.

«Ақпаратты - коммуникативтік технологиялар» кафедрасында компьютерлік сыныптар мен оқу зертханаларының саны жеткілікті: «Программалау» зертханасы, «Компьютерлік желілер» зертханасы, «Деректер қоры» зертханасы, «Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектур» зертханасы және  барлық зетханалар қажетті жабдықтармен жабдықталған.

                    Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 13 академиялық топта кураторлық жұмыс жүргізеді.

Профессор-оқытушылар құрамы:

  1. Онгарбаева М.Б. - п.ғ.к., кафедра меңгерушісі;
  2. Аязбаев Т.Л.- ф-м.ғ.к, доцент;
  3. Тасыбаев А.Қ-т.ғ.к., доцент м.а.;
  4. Галагузова Т.А.- математика  магистрі;
  5. Байтуганова А.О.- математика  магистрі;
  6. Базарбекова А.А.- математика магистрі;
  7. Бузаубекова С.Ж.- педагогика және психология магистрі;
  8. Ерманова Г.Б. – жаратылыстыану ғылымдары магистрі;
  9. Алтынбекова Ж.Т. – физика магистрі;
  10. Салгараева М.И. – информатика магистрі.

Кафедраның ғылыми бағыттары:   

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР ҒТА ұлттық орталығында тіркелген "Білім беруді ақпараттандыру жағдайында ЖОО студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру" (2019-2021жж) тақырыбы бойынша ғылыми-зерртеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін іске асыру барысында профессор-оқытушылар халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасайды және  оқулықтар мен  оқу құралдарын баспадан шығарады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, бұл оқу үдерісін жетілдіруге ықпал етеді. Кафедрада студенттер үшін «Робототехника»  ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі аға оқытушы  Ерманова Г.Б.

Мамандық студенттері үнемі ғылыми конференциялар мен байқауларға қатысады. Кафедра студенттері Республикалық программалау бойынша студенттер арасындағы олимпиадаларға  қатысқан, бірнеше онлайн оқу курстары (Java Developer, .Net Developer, Database Developer,  Sololearn және т.б.) мен конкурстардың (Lavteam) жүйелі қатысушылары.

 

e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кафедра жетістіктері

 5В060200-Информатика 

Элективті пәндер каталогы 

2018-2022 оқу жылына арналған

5В070400-Есептеу техника және БҚЕ

Элективті пәндер каталогы

2018-2021 оқу жылына арналған

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d