Факультет жаңалықтары

Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шыққанына 2 жыл толуына орай 2019 жылдың 10 сәуір айында  «Жаратылыстану» факультетінің ұйымдастыруымен факультетте студенттер арасында жүргізілген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттер мен бағыттарды талқылау, насихаттау және одан туындайтын міндеттерді жетілдіру бойынша дискуссия өткізілді.

Факультет деканы Булекбаева Камила Балтабаевна екі жылдың аясында біздің факультетімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында көп жұмыс жасалғанын, атап айтатын болсақ, бірнеше ғылыми мақалалар жарияланып, онлайн-лекциялар, семинарлар және дискуссиялар өткізілгенін айтты. Негізгі мақсатымыз, жасалған мәселелерге ғана тоқталып қоймай, келешектегі міндеттеріміз бен жоспарларымызды айқындай түсуіміз қажет.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Бекназаров Бахтияр Арманұлы өз сөзінде:

-         Өздеріңіз білетіндей болашаққа қойған мақсатымыз бен бағытымыз

айқын, яғни, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазіргі таңда еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Болашаққа қалай қадам басамыз және бұқаралық сананы қалай өзгертеміз деген сұрақтардың туындайтындығы анық және оның жауабын бүгінгі күннен қарастырған жөн.

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор деп жан-жақты рухани тұрғыда студенттерге жеткізе білді.

Студенттер кездесу барысында көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты қажетті ақпараттарын алды.

«Рухани жаңғыру» орталығының жауапты тұлғасы «Жаратылыстану» факультеті бойынша Алтынбекова Жанар Тансыковна «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттер мен бағыттарды талқылау, насихаттау және одан туындайтын міндеттерді жетілдірутақырыбы аясында өтілген дискуссияны қорытындылай келе, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз екенін айқын атап өтті.

bagdar bagdar1

 bagdar2