Лабораториялық жұмыстар

   Кафедрада 2 мамандық бойынша (5В073200 - Стандарттау және сертификаттау; 5В120200 - Ветеринариялық санитария) бакалавриат және 6М073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша 1 жылдық профильдік және 2 жылдық ғылыми – педагогикалық бағыттар бойынша магистранттар дайындалады.

   Кафедра мамандықтары бойынша бакалаврлар мен магистранттарды дайындаудың негізгі білім беру бағдарламасын іске асыратын және студенттер мен магистранттардың ғылыми- зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін өткізуді қамтамасыз ететін материалдық- техникалық базасы бар. Зертханалар кафедра мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес

әдістерді, аспаптар мен технологияларды практикалық зерделеуді қамтамасыз ететін арнайы сертефикатталған аспаптармен қамтамасыз етілген. Аудиториялар оқылатын пәндердің спецификасына сәйкес безендірілген, көрнекі құралдар мен стендтер ұдайы жаңартылып отырады, осының бәрі арнайы және элективті пәндер бойынша сапалы білім беруге мүмкіндік береді.

   Зертханалық жұмыстардың барлығы классикалық әдістермен орындалады, бірақ сабақтын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделіп ұйымдастырылады, яғни әркім өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін студенттерге жеткілікті түрде бостандық беріледі. Сондықтанда сабакты жоспарлау барысында студенттердің сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе денгейлік, кенейтілген құзырлылық тапсырмалардың болуы ескерілген. Бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде оқытушы білімді буруші болған болса,жаңа оқыту үдерісінде оқытушы бағыттаушы болып табылады.Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – ол студент. Сондықтан, студенттің өз бетімен білім алуға, ізденуге, терең ойлауға, зеттеуге деген дағдыларын қалыптастыру үшін, семинарлық сабақтарды өткізу барысында, көбінесе

Зертханалық сабақтарда Стандарттау сертефикаттау мамандығына студенттен азық түлік және т.б өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтайды, ал Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша студенттер, жануарлар өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтайды.