Мамандықтар бойынша бакалавр және магистр мамандары

Кафедра келесідегідей мамандықтар бойынша бакалавр және магистр мамандарын даярлайды
5В073200 -Стандарттау және сертификаттау мамандығы
6М073200  - Стандарттау және сертификаттау (Магистратура)
5В120200 - Ветеринарлық санитария мамандығы
5В073200 -Стандарттау және сертификаттау мамандығының ерекшеліктері
     Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, адамзаттарының білім деңгейімен анықталатыны айқын.
     Осыған орай, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы мемлекеттік білім стандарты деңгейінде ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологияларды ендіруді міндеттеп отыр. Кафедра оқытушылары студенттердің сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін оқу процесін жаңаша ұйымдастыру, оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жолында да көп ізденіс, тәжірибелік алмасулар жүргізуде.  Инновациялық тәсілдердің ішінде кафедра оқытушыларының ең көп мән беретіні мәселелік оқыту технологиясы. Соның бірі студенттердің пәнді терең біліп қана қоймай нақты жағдайды талдау дағдысын дамытып, техникалық – экономикалық дұрыс негізделген шешім қабылдауын дарытатын лекция, зертханалық және тәжірибелік сабақ тақырыптарына байланысты өндірісте (өмірде) болып тұратын нақты проблемалық жағдайлардан мысал келтіріп, оларды шешу жолдарын қарастыру.  Мәселелік оқыту технологиясын пайдаланып мамандардың дайындығын жетілдірудің мүмкіндігі мол. Мысалы, Стандарттау, Сертификаттау, Сапаны басқару пәндерінің кіріспесінен бастап барлық лекциялық тақырыптары мәселелік оқыту технологиясымен жүргізіледі. Кіріспеде студенттердің алдына пәннің негізгі «миссиясы» қазіргі замандағы сапа проблемасы екендігін негіздейтін мәселелерді айқындауды алға қойып оны шешу жолдарын философия пәндерінен алған білімдеріне және Мемлекеттің, Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқауларына, «Стратегия-2050» Президент бағдарламасына сүйене отырып табу ұсынылады. Мұның өзі білім алушылардың қисынды ойлау стилін дамыта отырып, пән аралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Лектор бөлінген уақытты үнемді пайдаланып, сабақта қаралатын тақырыптың тек негізгі және түйінді проблемалық жақтарына тоқталады, студенттердің түсінбеген сұрақтарына жауап береді, толықтырады.
     5В073200 - «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы ҚР үшін өте жаңа мамандық. Мамандықтың қажеттілігі «Стратегия-2050» Президент бағдарламасын орындау, Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру және бәсекеге  аса қабілетті 30 елдің қатарына қосылу шартынан туындаған болатын. Қазіргі кезде әркім өмірдің қай саласы болса да сапалы болуын қалайды. Күнделікті тіршіліктен космос кеңістігіне дейінгі барлық қолданылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын сараптау «Стандарттау және сертификаттау» мамандығын бітіретін сарапшы-аудиторлардың қызметіне жатады. Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындары (фирмалары) мен ұйымдары бәсекеге қабілетті өнім шығару және қызмет көрсете білу үшін Халықаралық ИСО 9000 сериялы стандарттарының талаптарына сәйкес өздерінің сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) әзірлеп, өндіріске енгізуде.  Осыған орай, әрбір кәсіпорында ұйымдастырылатын «Сапа менеджменті жүйесі» және «Сапа аудиті» бөлімдерін басқарушылар да осы мамандықты игеруі қажет. Сол себепті, әрбір Қазақстан азаматы үшін осы салада білімді болу – қазіргі заман талабы.
      Медицина қызметкерлерінің алдына қойылған міндет халықтың денсаулығын сақтау болса, бұл мамандықты бітірушілердің міндеті халықты денсаулыққа қауіпті өнімдер және көрсетілетін қызметтерден сақтау.
      Стандарттау және сертификаттау бойынша инженердің кәсіби қызметі бірнеше түрге бөлінеді:
-     өндірістік-техникалық;
-     ұйымдастырушылық;
-     ғылыми-зерттеу;
-     жобалық.
Өндірістік-техникалық қызмет:
-     өнімнің сапасын арттыру бойынша шараларды жасап шығару және енгізуді;
-     қазіргі стандарттарды, техникалық жағдайларды жетілдіруді және стандарттар бойынша жаңа құжаттарды жасап шығаруды;
-     өнімді сертификаттауға және олардың қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келуінің құжаттарын тексеруді.
Ұйымдастырушылық-басқарушы қызмет:
-     стандарттау мен сертификаттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыруды;
-     өндірісте қолданылатын стандарттар мен техникалық жағдайларды жүйелі тексеруді;
-     ұйымда бекітілген ережелер мен өнімге қойылатын талаптардың орындалуын тұрақты бақылауды;
-     ақау деңгейін анықтау, оны жою мен болдырмау шараларын қабылдауды;
-     дайын өнім сапасын бағалау әрекетін бақылауды ұйымдастыруды;
-     сертификаттау мен стандарттарды жасап шығаруға қажетті ұсыныстар мен техникалық тапсырмаларды құрастыруды;
-     сертификатталған өнімдерді, қызметтер мен жүйелердің инспекциялық тексерулерін ұйымдастыруды;
-     кәсіпорынға келіп түсетін материалдарды және дайын өнімді тексеру жұмыстарын бақылауды.
Ғылыми зерттеу қызметі:
-     өнім сапасы мен техникалық процестерді зерттейтін теориялық модельдер жасап шығаруды;
-     сынақтан өткізу және өнім сапасына бақылау жүргізудің жоспарын құрастыру және жасап шығаруды;
-     сапаны басқару, метрологиялық қамтамасыздандыру, стандарттау және сертификаттау процестерін оңтайландыру және сараптама жасаудың мәселге бағытталған әдістерін пайдалануды қамтиды.
Жобалық қызмет:
-     жобалық және техникалық құжаттаманы жасап шығаруды;
-     сапаны басқару, метрологиялық қамтамасыздандырудың және стандарттаудың жаңа әдістерін жасау немесе бар әдістерді жетілдіру  бойынша жоба құруды;
-     мәселені шешудің ең тиімді жолын таңдауды;
-     мақсатында инновациялық техникалық және технологиялық шешімдерін жасап шығаруды;
-     техникалық жағдайларды, стандарттарды, әдістерді және нұсқауларды жобалауды қамтиды.
      Мамандықтың артықшылықтары мамандық бойынша диплом өнеркәсіптің кез келген саласында, ғылым саласында, яғни өлшеу құралдары бар кез келген салада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл мамандық халықаралық компанияларда жоғары сұранысқа ие.
Жұмыс орны
-     cтандарттау, метрология және сертификаттау орталықтары;
-     сынақ зертханалары;
-     тауарды сараптамадан өткізу мекемелері;
-     өнім сапасын бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (сауда инспекциясы, санэпидбақылау, гостехбақылау);
-     тұтынушылардың құқығын қорғау мекемелері;
-     өнімнің жаңа түрін енгізуші кез келген ұйымдар;
-     кез келген өнеркәсіпте сапа бойынша менеджер;
-     кеден қызметі, салық полициясы, патенттеу бюросы.
6М073200 Стандарттау және сертификаттау
Академиялық дәрежесі:бейінді магистратура үшін - техника және технология магистрі, ғылыми және педагогикалық бағыт үшін - техника ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы:
-     бейінді даярлау үшін - кәсіпорында (ұйымда) тиісті бөлімшенің жетекшісі (мысалы, стандарттау бөлімі немесе қызметі, метрология бөлімі немесе қызметі, сертификаттау бөлімі немесе қызметі, сапа бөлімі немесе қызметі және т.б.); стандарттау және сертификаттау саласындағы мемлекеттік органдардың бөлімдерінің бастығы, маманы, аға маманы;
-     ғылыми және педагогикалық даярлау үшін - жобалық-іздестіру, ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер; жоғары (орта арнайы) оқу орындарында оқытушы.
-     Кәсіби қызметінің нысандары:
-   бейінді даярлау үшін - басқару органдары, кәсіпорындар, өнімге (қызметтерге), процестерге(жұмыстарға), кәсіпорындар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) жабдықтарына, өлшеу әдістері мен құралдарына, сынақтар мен бақылауға, нормативтік құжаттамаға, техникалық реттеу жүйелері мен метрологияға, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге, өлшеу техникасын жобалауға, дайындауға және пайдалануға тікелей қатысы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік үлгісінің ұйымдары;
-     ғылыми және педагогикалық даярлау үшін - мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары, өнімге (қызметтерге), процестерге (жұмыстарға), кәсіпорындар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) жабдықтарына, өлшеу әдістері мен құралдарына, сынақтар мен бақылауға, нормативтік құжаттамаға, техникалық реттеу жүйелері мен метрологияға, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге, өлшеу техникасын жобалауға, дайындауға және пайдалануға тікелей қатысы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік үлгісінің ұйымдары.
Кәсіби қызметінің түрлері:
бейінді даярлау үшін:
-жобалық-іздестірушілік;
-жобалық-технологиялық;
-ұйымдастырушылық-басқарушылық.
ғылыми және педагогикалық даярлау үшін:
-ғылыми-зерттеу;
-педагогикалық;
-жобалық-іздестірушілік;
-жобалық-технологиялық;
-ұйымдастырушылық-басқарушылық.
Кәсіби қызметінің мазмұны:
-ғылыми және педагогикалық даярлау үшін: өндірістік-технологиялық, жобалық-конструкторлық, эксперименталды-зерттеу, ұйымдастырушылық-экономикалық, педагогикалық, оқу-әдістемелік, тәрбиелік және басқарушылық қызметтің құралдарын, әдіс-тәсілдерін жиынтықтау.
5В120200-Ветеринарлық санитария мамандығының ерекшеліктері.5В120200 – Ветеринарлық санитария мамандығы бойынша қазіргі заманға қажетті мамандардың бірі болып саналады.Біліктілігі – Ветеринариялық санитариялық дәрігері. Оқу мерзімі – 5 жыл. Тандау бойынша пән – биология
Түлектер төменгі қызметтер бойынша жұмыс істей алады:
-Шекарадағы ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
-Індетке қарсы отрядтарда ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
-Базарлардағы, зертханалардағы ветеринариялық-санитариялық инспекторы және ветеринариялық-санитариялық сарапшы;
-Ет өңдеу және шұжық консерві дайындау кәсіпорындарында ветеринариялық-санитария дәрігері ;
-Мемлекеттік кедендік мекемелерінде ветеринариялық-санитариялық қызмет;
-Биологиялық комбинаттар және биологиялық белсенді заттарды даярлайтын және олардың сапасын бақылайтын кәсіпорындарда;
-Көлік және кедендегі бақылау өткізу пунктері;
-Ветеринариялық бағыттағы оқу орындары, мекемелер және ғылыми зерттеу институттары.
Ветеринариялық-санитария дәрігері мамандарының кәсіби қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:
-Адам және жануарлар денсаулығын қорғау;
-Жануарлар ауруларының алдын алу;
-Қоршаған ортаны қорғау;
-Жануарлар, өсімдік өнімдерінің сапасын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-Биопрепараттар өндіру;
     Студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында, көптеген пәндерден сабақ "Ветеринаиялық санитарлық сараптау" оқу - ғылыми зертханасында, ауылшаруашылық кешендерінде, әр түрлі нысандарында өткізіледі.Оқу процесіне жаңа оқыту технологиясын  ендірудің нәтижесінде студенттер сабақты дәстүрлі түрде емес, түрлі ойындар, конференциялар, тренингтер түрінде өтеді. Ол студенттердің дүниетанымына, аналитикалық және логикалық дамуына ықпалын тигізеді,өз бетінше шешім қабылдап, жан- жақты ойлауына көмектеседі.

132.1456