СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

«Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының студенттерінің жетістіктері

1.«Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының студенттері мен магистранттары сабақтан тыс уакыттарында түрлі семинарларға, тәрбиелік іс-шараларға және т.б. қатысып отырады.
2018-2019 оқу жылы білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби біліктіліктерін көтерді. Мысалы, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастырумен «Техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру бойынша семинар» тақырыбы бойынша өткізілген семинарға «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенттері Шамбыл Ш.,Базилбекова К., Сағатбек Д., Алпысбаева А., Әбіқұл А арнайы сертификаттарға ие болды. Аталған іс-шара жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналды.

2.«Стандарттау және сертификаттау» және «Ветеринариялық санитария» кафедрасының студенттері түрлі кәсіби деңгейдегі іс-шараларға қатысып отырады. Мысалы ,2019 жылдың 14 қараша күні «Халықаралық сапа» күніне орай студенттер Тараз қаласындағы сапаға жауап беретін мекемелер қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды («Казфорфат» ЖШС., «Эксперт» ЖШС, «КазИНСТ Жамбыл филиалы, «Жамбылстандарт» ЖШС және т.б.). Іс-шара барысында мекеме мамандары тарапынан түрлі мамандыққа байланысты сұрақтарға жауап бере отырып студенттер алғыс хатпен мараптталды.
Студенттердің сұрақтарға жауап беру деңгейіне байланысты мекеме тарапынан студенттерді тәжірибеден өтуге шақырды. Қазіргі уақытта «Эксперт» ЖШС оқу орталығында «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша студенттеріміз Алпысбаева А, Алимова Н өндірістік практикадан өтуде.Өндірістік практикадан кейін жұмысқа орналасу мәселесі қарастырылады.

 

3. 2019-2020 оқу жылының тәуелсіздік күніне орай «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі мен Жамбыл облыстық пікір сайыс одағы «Еркін пікір» Жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар жылына орай «Қағаз және мақта пакеттерінің пайдасына полиэтилен пакеттерін пайдалануға тыйым салу» атты облыстық студенттер мен оқытушылар арасындағы пікірсайыс өткізіліп оған «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының 4 курс студенттері қатысты.Пікірсайыс барысында СС-16-1 тобының студенттері Шамбыл Ш.
I орын, Бекболат А. II орынды иеленді.
Аталған студенттер арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.