География мамандығы

5В011600-География мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқу мерзімі  – 4 жыл, сырттан оқу бөлімінде – 2 жыл, 3 жыл. Білім беру үдерісі кредиттік технология бойынша ұйымдастырылған.
Біліктілігі: география бакалавры
Кәсіби қызмет түрлері:
- білім беру (педагогикалық): әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.) география пәнінің мұғалімі, мектепте экология мен экономика негіздерінен факультативтік сабақ және туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастырушы ретінде;
- ғылыми-зерттеу: әртүрлі бағыттағы (география, геология, экология, картография, гидрология, сейсмология, топырақ географиясы, туризм, экология және т.б.) мекемелерде ғылыми зерттеулерді орындау;
- жобалау: инженер ретінде жобалау мен конструкторлық ұйымдарында жалпы және арнайы жұмыстарды (топографиялық түсірілім, карталар жасау, метеоалаңдарды, экологиялық соқпақтарды, рекреациялық, суландыру, реконструкциялық, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, басқа да табиғат және әлеуметтік-экономикалық нысандарды аудандық жоспарлау);
- әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім беру басқармалары, әкімшіліктер, табиғатты қорғау және жер ресурстары бөлімдерінде, туристік-өлкетану мекемелерінде және т.б.) өндірістік-басқару іс-әрекетін атқару;
- сараптама жасау: аймақтардың (ел, аудан, қалалар мен ауылдық округтердің) дамуын болжау мен халықтың орналасуын бағдарлау, бағалау процедуралары мен құндылықтарды саралау, жобаларды негіздеу, табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, т.б. мәселелер бойынша сарапшы ретінде;
- ұйымдастыру-технологиялық: табиғат ортасындағы мониторинг жүйесінде инженер ретінде, жер ресурстары мен табиғатты қорғау ұйымдарында, туристік-өлкетану және экологиялық, т.б. ұйымдарда қызметкер ретінде.
Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:
- Жалпы білім беру ұйымдарында (мектеп, гимназия, колледж, ЖОО, университет, институт және т.б.);
- Назарбаев Интеллектуалдық мектебі;
- Тарихи-өлкетану музейлерде
- Туристтік компанияларда

Олимпиада!

  2

  3

  4