«Туризм» мамандығы

5В090200-Туризм
Оқу мерзімі:
- күндізгі бөлім бойынша 4 жыл
- қысқартылған (күндізгі,сырттай) бөлім бойынша: 2,3 жыл
- Академиялық дәрежесі: 5В090200 - «Туризм» мамандығы, академиялық дәрежесі - Туризм мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр, біліктілігі - туризмдегі менеджер.
Кәсіби қызмет саласы:
- Туристік кәсіпорындарымен байланысты мемлекеттік басқару ұйымдары (министрлік, әкімшілік, олардың аймақтық бөлімдері мен тармақтары);
- Туристік бизнес пен айналысатын үкімет және жекеменшікті компаниялар;
- Туризмнің әртүрлі инфрақұрылымдарының салалары.
5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының мақсаты ғылым негіздерін меңгерген, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар саласындағы білімі бар, туриз және қонақжайлылық индустриясын жаңғыртуға, туристік саланы мамлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге, туристік іс-шараларда алдын-алу және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлауға, сонымен қатар, туризмге тікелей немесе жанама қатысы бар адам қызметінің басқа да салаларына бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асыра алатын жоғары білікті туристік кадрларды даярлау болып табылады.
5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының міндеттері болып табылатындар:

  •     туристік білім берудің құрылымын, мазмұнын, технологиясын жетілдіре түсу;
  •     туристік білім беру жүйесін ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатпен байланысын қамтамасыз ету;
  •     студенттердің әлеуметтік-жеке қасиеттерін қалыптастыру: өз кәсібіне деген сүйіспеншілік, мақсатқа ұмтылғыштық, жинақылық, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, патриоттық, азаматшылық, толеранттық, байланыс тұрғызу қабілеттілігі, жалпы мәдениетін, ойлау жасампаздығын жоғарылату және т.с.с.;
  •     студентке әмбебап, ғылыми және пәндік-маманданған құзыреттілікке ие болуына, оның әлеуміттік жұмылғыштығын және еңбек нарығындағы төзімдлігіне көмектесетін туристік білім берудің әдістік және әдістемелік мазмұнын күшейту.

5В090200 «Туризм» мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби міндеттерді шешуге тиіс:

  •     ҚР және шетелдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, туристік қызметті болашақты және ағымды жоспарлау;
  •     жаңа туристік қызмет түрлерін даярлау және ілгерілету;
  •     басқарушылвқ үрдісін оңтайландыру мақсатында есепке алу және бақылауды ұйымдастыру;
  •     туристік бизнестің әртүрлі саласында туристік қызмет көрсету бойынша жұмысты басқару;
  •     тиімді туристік сатуларды арттыру мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу;
  •     туристік қызмет қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру;
  •     туристік қозғалысты басқару саласындағы инновациялық іс-әрекет.

Бағдарламаның мақсаттары құзыреттілікпен анықталады, еңбек іс-әрекеті үрдісінде түлектермен жүзеге асырылады және бакалавриат түлектері дайындалатын тұтынушыларға кәсіби дайындық, бағдарламалар бағыттары және кәсіби іс-әрекеттердің түрлері салаларында ақпарат береді.
5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызмет ету саласы туризм және қонақжайлылық индустриясы болып табылады, сонымен қатар ғылым, білім, мемлекеттік реттеу және туризммен тікелей немесе жанама байланысты адам іс-әрекетінің басқа бағыттары.
5В090200 «Туризм» мамандығы бойынша кәсіби қызмет нысандары болып табылатындар:

  •     туризмді ұйымдастыру мен байланысты мемлекеттік басқару органдары; туристік бизнес пен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;
  •     туристік бағыттағы консалтингтік компаниялар;
  •     туристік кәсіпорындардың маркетинг қызметтері;
  •     туризм бойынша орта буынмамандарын даярлайтын оқу орындары;
  •     туризмнің даму проблемаларын зерттеу мен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  •     сыртқы және ішкі нарық қатуристік қызметтерді ілгерілету мен айналысатын жарнама агенттіктері;

Кәсіби қызметтің мәні туризм нарығында туристік қызметті жоспарлау және жүзеге асыру болып табылады,сонымен қатар нарық үрдістері және онымен байланысты құбылыстар.
5В090200 «Туризм» мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  •     ұйымдастыру-басқарушылық;
  •     өндірістік-технологиялық;
  •     сервистік-пайдаланушылық;
  •     ғылыми-зерттеушілік;
  •     білімберушілік;
  •     туристік-рекреациялық;   

 

Туризм бойынша VIII Республикалық олимпиада!

  1